(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) САЛЫҚ ЖӘНЕ БЮДЖЕТКЕ ТӨЛЕНЕТІН БАСҚА ДА МІНДЕТТІ Т...

Предыдущая страница

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)

2. Салық есептілігін табыс ету мерзімін ұзарту туралы салықтық өтінішті салық төлеуші (салық агенті) салық есептілігін табыс ету үшін осы Кодексте белгіленген мерзiм өткенге дейiн тіркелу есебі орны бойынша салық органына екі дана етіп береді. Салықтық өтінішінің салық органының белгісі қойылған бір данасы салық төлеушіге (салық агентіне) қайтарылады.

Салық есептілігін табыс ету мерзімін ұзарту салық органына салық есептілігін ұзартуға салықтық өтініш берілген күнтізбелік жыл ішінде салық төлеуші (салық агенті) табыс ететін салық есептілігіне қолданылады.

3. Салық есептілігін табыс ету мерзімі мынадай:

1) корпоративтік табыс салығы немесе жеке табыс салығы бойынша - декларацияны табыс ету үшін белгіленген мерзімнен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайтын;

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)

2) салықтың өзге түрлері, бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер, зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдар бойынша - декларацияны және (немесе) есеп-қисапты табыс ету үшін белгіленген мерзімнен бастап күнтізбелік он бес күннен аспайтын кезеңге ұзартылады.

Салық есептілігін табыс ету мерзімін ұзарту осы Кодекстің 141-бабында көзделген аванстық төлемдер сомасының есеп-қисабын табыс ету мерзіміне қолданылмайды.

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)

4. Салық есептілігiн табыс ету мерзiмiн ұзарту салықты, бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi, зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдарды төлеу мерзiмiн өзгертпейдi.

 

73-бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) салық есептілігін табыс етуін тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) тәртібі

2009.30.12 № 234-IV Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

1. Салық төлеушінің (салық агентінің) салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы салықтық өтініші негізінде, осы бапта белгіленген тәртіппен:

1) салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұруға;

2) салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру мерзімін ұзартуға;

3) егер осы бапта өзгеше көзделмесе, салық есептілігін табыс етуді қайта бастауға құқығы бар.

Салық төлеуші (салық агенті) қызметін тоқтата тұру туралы шешім қабылдаған жағдайда өзінің орналасқан жері бойынша салық органына алдағы кезеңге арналған салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы салықтық өтініш табыс етеді. Салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру мерзімі, оны ұзарту ескеріле отырып, осы Кодекстің 46-бабында белгіленген мерзімнен аспауға тиіс.

Салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы өтінішпен бір мезгілде салық төлеуші (салық агенті) салық кезеңінің басынан осындай өтініште көрсетілген қызметті тоқтата тұру күніне дейін салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша салық есептілігін табыс етеді.

Егер кезектi салық есептілігiн табыс ету мерзiмi салықтық өтiнiштi табыс еткеннен кейiн басталса, онда осындай кезектi салық есептілігiн табыс ету салықтық өтiнiштi табыс еткен күнге дейiн жүргiзiледi.

2009.30.12 № 234-IV Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

2. Салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы салықтық өтініш алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде салық органы уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру туралы немесе салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұрудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.

3. Салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру туралы немесе салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұрудан бас тарту туралы шешім салық төлеушіге (салық агентіне) жеке өзіне қолын қойдыра отырып немесе жөнелту және алу фактісін растайтын өзге тәсілмен тапсырылады.

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұрудан бас тарту туралы шешім салық төлеушіде (салық агентінде) өтініш берілген күні салық берешегі, міндетті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі болған немесе салық төлеуші (салық агенті) осы баптың 1-тармағында көрсетілген салық есептілігін табыс етпеген жағдайда қабылданады.

5. Салық органы салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұрудан бас тарту туралы шешім қабылдаған жағдайда, салық төлеуші (салық агенті) осы Кодексте белгіленген тәртіппен салық есептілігін табыс етеді.

6. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, салық төлеуші (салық агенті) алған салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру туралы шешім салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы салықтық өтініште көрсетілген салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру кезеңіне салық есептілігін табыс етпеуге негіз болып табылады. Осы тармақта көрсетілген салық есептілігін табыс етпеу салық есептілігін нөлдік көрсеткіштерімен табыс етуге теңестіріледі.

7. Салық төлеуші (салық агенті) қызметті тоқтата тұру мерзімі аяқталғанға дейін қызметті қайта бастау туралы шешім қабылдаған жағдайда, аталған салық төлеуші (салық агенті) қызметті тоқтата тұру мерзімі аяқталғанға дейін өзінің орналасқан жері бойынша салық органына осы Кодексте белгіленген тәртіппен салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы салықтық өтініш пен салық есептілігін табыс етеді.

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 8-тармақ жаңа редакцияда (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)

8. Салық есептілігiн табыс етудi тоқтата тұру туралы шешiмде көрсетiлген, қызметтi тоқтата тұру мерзiмi өткеннен кейiн, егер осы баптың  9-тармағында өзгеше белгiленбесе, салық төлеушi (салық агентi) салық органына осы Кодексте белгiленген тәртiппен салық есептілігiн табыс етуге мiндеттi.

1) осы Кодексте белгіленген тәртіппен салық есептілігі;

2) салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру мерзімін ұзарту туралы салықтық өтініш.

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 9-тармақ өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)

9. Салық төлеушi салық есептілігiн табыс етудi тоқтата тұрудың ағымдағы кезеңiнiң аяқталу күнiнен кешiктiрмей салық есептілігiн табыс етудi тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы салықтық өтiнiш беруге құқылы.

Салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы салықтық өтініш берілген кезде осы мерзім осындай өтініште көрсетілген, осы баптың 1-тармағының ережелері ескерілген кезеңге ұзартылады. Салықтық өтініш салық органының осындай өтінішті қабылдағаны туралы белгісі болған кезде қызметті қайта бастау күніне дейінгі алдағы салық кезеңдері үшін салық есептілігін табыс етпеуге негіз болып табылады.

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 10-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

10. Салық органы салық төлеушінің (салық агентінің) өзінің қызметін тоқтата тұру кезеңі ішінде қызметін қайта бастау фактілерін анықтаған жағдайда, салық органдары аталған тұлғаларды хабардар етпей-ақ салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру мерзімі қызметі қайта басталған күннен бастап тоқтатылды деп таниды.

Осы тармақтың мақсатында осы бапқа сәйкес қызметін тоқтата тұрған салық төлеушінің (салық агентінің) осы Кодекстің ерекше бөліміне сәйкес салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу мен төлеу жөніндегі міндеттемелердің туындауына әкеп соғатын қызметті жүзеге асыра бастауы қызметін қайта бастау болып танылады.

11. Осы баптың ережелері мына салық төлеушілерге:

1) шаруа немесе фермер қожалықтары үшін, патент негізінде шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимдерін қолданатын дара кәсіпкерлерге;

2) ойын бизнесі салығын және (немесе) тіркелген салықты төлеушілер болып табылатын дара кәсіпкерлерге немесе заңды тұлғаларға;

2010.21.01. № 242-IV Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3) ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруші заңды тұлғалар және селолық тұтыну кооперативтері үшін арнаулы салық режимін қолданатын заңды тұлғаларға қолданылмайды.

12. Осы баптың ережелері мүлік, көлік құралы салықтары мен жер салығы бойынша, жер учаскесін пайдаланғаны үшін төлемақы бойынша салық есептілігін табыс ету тәртібі мен мерзімдеріне қолданылмайды.

 

74-бап. Патент негізінде шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкердің салық есептілігін табыс етуін тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) тәртібі

2009.30.12 № 234-IV Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

1. Салық төлеушінің (салық агентінің) салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы салықтық өтініш негізінде, осы бапта белгіленген тәртіппен:

1) салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұруға;

2) салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру мерзімін ұзартуға құқығы бар.

Патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкер қызметін тоқтата тұрған жағдайда, орналасқан жері бойынша салық органына патенттің қолданылу мерзімі біткенге дейінгі алдағы кезеңге салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы салықтық өтініш береді. Салық есептілігiн табыс етудi тоқтата тұру мерзiмi, оны ұзарту ескерiле отырып, осы Кодекстiң 46-бабында белгiленген мерзiмнен аспауға тиiс.

2. Салық органының салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру туралы шешімі салықтық өтініш берілген күнге уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша шығарылады.

3. Салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру туралы шешім салық төлеушіге немесе оның өкіліне жеке өзіне қолын қойдыра отырып немесе жөнелту және алу фактісін растайтын өзге тәсілмен тапсырылады.

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

3-1. Салық есептiлiгiн табыс етудi тоқтата тұрудан бас тарту туралы шешiм өтініш берілген күні салық төлеушінің (салық агентінің) салық берешегі, міндетті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі болған немесе салық төлеуші (салық агенті) осы баптың 1-тармағында көрсетілген салық есептілігін табыс етпеген жағдайда қабылданады.

4. Салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру туралы шешім салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру туралы салықтық өтініште көрсетілген күннен бастап қызметін қайта бастау күніне дейінгі кезеңде патент алу үшін есеп-қисап табыс етпеуге негіз болып табылады.

5. Салық төлеуші, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, қызметін тоқтата тұру мерзімі аяқталғаннан кейін қызметін қайта бастаған болып танылады.

6. Салық төлеуші салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұрудың ағымдағы кезеңі аяқталған күннен кешіктірмей салық органына салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы салықтық өтініш беруге құқылы. Мұндай өтініш онда көрсетілген қызметті қайта бастау күніне дейін патентті алу үшін есеп-қисап табыс етпеуге негіз болып табылады.

7. Салық төлеуші қызметін қайта бастаған күннен бастап алдағы кезеңге патент алу үшін салық органдарына есеп-қисап беру арқылы қызметін тоқтата тұру мерзімі аяқталғанға дейін қызметін қайта бастауға құқылы.

8. Салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру кезеңінде патент алу үшін есеп-қисап табыс етілген кезде салық төлеуші қызметі осы есеп-қисапта көрсетілген қызметтің басталған күнінен бастап қайта басталған болып танылады.

9. Салық төлеуші осы баптың 6, 7-тармақтарында көрсетілген патентті алу үшін салықтық өтінішті немесе есеп-қисапты табыс етпеген кезде салық төлеушінің қызметі салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы салықтық өтініште көрсетілген қызметін тоқтата тұру мерзімінің аяқталған күнінен бастап қайта басталған болып танылады.

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 9-1-тармақпен толықтырылды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

9-1. Салық органы салық төлеушінің (салық агентінің) өз қызметін тоқтата тұру кезеңінде қызметін қайта бастағаны фактілерін анықтаған жағдайда, салық органдары мұндай салық төлеушіні (салық агентін) жазбаша хабардар ете отырып, салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру мерзімі қызметті қайта бастаған күннен бастап тоқтатылды деп таниды.

Осы тармақтың мақсатында осы бапқа сәйкес қызметін тоқтата тұрған салық төлеушінің (салық агентінің) осы Кодекстің ерекше бөліміне сәйкес салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу мен төлеу жөніндегі міндеттемелердің туындауына әкеп соғатын қызметті жүзеге асыра бастауы қызметті қайта бастау болып танылады.

10. Осы баптың ережелері мүлік, көлік құралы салықтары мен жер салығы бойынша, жер учаскесін пайдаланғаны үшін төлемақы бойынша салық есептілігін табыс ету тәртібі мен мерзімдеріне қолданылмайды.

 

§ 2. Салықтық өтініш

 

75-бап. Жалпы ережелер

1. Салықтық өтініш - осы Кодексте белгіленген жағдайларда салық төлеушінің (салық агентінің) өз құқықтарын іске асыру және міндеттерін орындау мақсатында салық қызметі органына табыс ететін құжаты.

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Салықтық өтініштердің нысандарын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

 

76-бап. Салықтық өтінішті табыс ету тәртібі

1. Салық төлеуші (салық агенті) салықтық өтінішті осы Кодексте белгіленген тәртіппен және мерзімде салық қызметі органдарына табыс етеді.

2. Салық төлеушілер (салық агенттері), егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, салықтық өтінішті тиісті салық қызметі органдарына таңдауы бойынша:

1) өзі келу тәртібімен - қағаз жеткізгіште;

2) хабарламасы бар тапсырыс хатпен почта арқылы - қағаз жеткізгіште;

2009.30.12 № 234-IV Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

3) салық есептілігін қабылдау және өңдеу жүйесі арқылы - ақпаратты компьютерлік өңдеуге жол беретін электрондық түрде табыс етуге құқылы.

3. Салықтық өтініш өзі келу тәртібімен қағаз жеткізгіште табыс етілген жағдайда көрсетілген салықтық нысан екі дана етіп жасалады, бір данасы салық органының белгісі қойылып, салық төлеушіге (салық агентіне) қайтарылады.

4. Салықтық өтініштің электрондық форматының құрылымы, салықтық өтінішті электрондық түрде жасауға және табыс етуге арналған бағдарламалық қамтамасыз етілім және осы бағдарламалық қамтамасыз етілімді жаңарту ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан кешіктірілмей уәкілетті органның ресми сайтында орналастырылады.

5. Салықтық өтінішке өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу осы Кодексте белгіленген жағдайларда және тәртіппен жүзеге асырылады.

 

§ 3. Салық тіркелімдері

 

77-бап. Салық тіркелімдері

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Салық тіркелімі - салық төлеушінің (салық агентінің) салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтерді қамтитын құжаты.

Салық тіркелімдері осы Кодекстің 56-бабының 3-тармағында көрсетілген салықтық есепке алу мақсаттарын қамтамасыз ету үшін ақпаратты жинақтау мен жүйелеуге арналған.

Салықтық есепке алу деректерін қалыптастыру салық салу мақсатына орай пайдаланылатын ақпаратты хронологиялық тәртіппен көрсету арқылы және салықтық есепке алу деректерінің салық кезеңдері арасындағы (оның ішінде нәтижелері бірнеше салық кезеңдері ішінде ескерілетін, кейінгі салық кезеңдерінде салық салу объектісінің мөлшеріне әсер ететін немесе бірқатар жылдарға ауысатын операциялар бойынша) сабақтастығын қамтамасыз ете отырып жүзеге асырылады.

Салық тіркелімдері арнаулы нысандар түрінде жүргізіледі. Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген салық тіркелімдері нысандарын қоспағанда, салық тіркелімдерінің нысандарын және оларда салықтық есепке алу деректерін көрсету тәртібін салық төлеуші (салық агенті) дербес әзірлейді және салықтық есепке алу саясатында бекітеді.

Салық тіркелімдерінде шаруашылық операцияларының көрсетілу дұрыстығын оларға қол қойған тұлғалар қамтамасыз етеді.

2. Салық тіркелімдері:

1) салық төлеуші (салық агенті) осы Кодекстің 56-бабының ережелерін ескере отырып, салықтық есепке алу саясатында белгілеген нысандар бойынша салық төлеуші (салық агенті) дербес жасайтын салық тіркелімдерін;

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) жасалу нысандары мен ережесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін, салық төлеуші (салық агенті) жасайтын салық тіркелімдерін қамтиды.

3. Салық тіркелімдері мынадай міндетті деректемелерді қамтуға тиіс:

1) тіркелімнің атауы;

2) салық төлеушінің (салық агентінің) сәйкестендіру нөмірі;

3) тіркелім жасалған кезең;

4) тіркелімді жасауға жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде).

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді

4. Қазақстан Республикасының Үкіметі:

1) салық салудан босатуды, корпоративтік табыс салығы, инвестициялық салық преференциялары бойынша салық салынатын табысты азайтуды қолдану;

2) тіркелген активтер топтарының (кіші топтарының) баланстық құндарын айқындау және тіркелген активтер бойынша кейінгі шығыстар;

3) туынды қаржы құралдары;

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді)

3-1) резидент емес заңды тұлғаның Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемесi шегерiмге жатқызған басқарушылық және жалпы әкiмшiлiк шығыстарының сомалары;

2010.09.06. № 288-IV ҚР Заңымен 3-2) тармақшамен толықтырылды (2011 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

3-2) қаржы лизингіне берілген мүлік жөніндегі;

2008.10.12  № 100-IV ҚР Заңның 48 бабына сәйкес 77-баптың 4-тармағы 4) тармақшасының қолданылуы 2012 жылдың 1 қаңтарына дейін тоқтатылды

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)

4) жазып берiлген және төлеуші алған қосылған құн салығының шот-фактуралары;

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

5) көрсетілген тауарларды сауда объектілерінде, оның ішінде сауда нарықтарында өткізуді жүзеге асыратын салық төлеушілер сатып алған тауарлар жөніндегі ақпаратты көрсету үшін салық тіркелімдерінің нысандарын белгілеуге құқылы.

Осы тармақтың 5) тармақшасының ережелері патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлерге ғана қолданылады.

5. Салық тіркелімдері қағаз жеткізгіштерде жүргізілген жағдайда мұндай салық тіркелімдеріндегі қателерді түзету негізді болуға және енгізілген түзетулердің күні мен негіздемесі көрсетіле отырып, түзету енгізген жауапты адамның қолымен расталуға тиіс.

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6-тармақ өзгертілді 

6. Салық тіркелімдері құжаттамалық салықтық тексерулер жүргізу кезінде салық қызметі органдарының лауазымды адамдарына қағаз жеткізгіштерде және (немесе) тексеруді жүзеге асыратын салық қызметі органдары лауазымды адамдарының талап етуі бойынша электрондық жеткізгіштерде ұсынылады.

Салық төлеуші (салық агенті) салық тіркелімдерін электрондық түрде жасаған кезде, салықтық тексеру барысында салық қызметі органдары лауазымды адамдарының талап етуі бойынша салық тіркелімдерін электрондық жеткізгіштерде және осындай салық тіркелімдерінің көшірмелерін қағаз жеткізгіште де табыс етуге міндетті, бұл көшірмелер басшының және салық төлеушінің (салық агентінің) осы салық тіркелімдерін жасау үшін жауапты адамдарының (адамының) қолтаңбаларымен, сондай-ақ салық төлеушіде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздер бойынша мөр болмаған жағдайларды қоспағанда, салық төлеушінің мөрімен расталуға тиіс.

Салық төлеуші (салық агенті) салық тіркелімдерін электрондық түрде жасаған кезде, салықтық тексеру барысында салық қызметі органдары лауазымды адамдарының талап етуі бойынша салық тіркелімдерін электрондық жеткізгіштерде және осындай салық тіркелімдерінің көшірмелерін қағаз жеткізгіште де табыс етуге міндетті, бұл көшірмелер басшының және салық төлеушінің (салық агентінің) осы салық тіркелімдерін жасау үшін жауапты адамдарының (адамының) қолтаңбаларымен, сондай-ақ салық төлеушіде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздер бойынша мөр болмаған жағдайларды қоспағанда, салық төлеушінің мөрімен расталуға тиіс.

 

 

9-тарау. САЛЫҚТЫҚ ЕСЕПКЕ АЛУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 

78-бап. Қаржы лизингі

2010.09.06. № 288-IV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2011 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес үш жылдан асатын мерзімге жасалған лизинг шарты бойынша мүлікті беру, егер ол мынадай талаптардың біріне сай келсе:

1) лизинг шартында мүліктің лизинг алушының меншігіне берілуі және (немесе) лизинг алушыға мүлікті тіркелген баға бойынша сатып алу құқығының берілуі белгіленсе;

2) қаржы лизингінің мерзімі қаржы лизингі бойынша берілетін мүліктің пайдалы қызмет мерзімінің жетпіс бес пайызынан асып кетсе;

3) қаржы лизингінің бүкіл мерзімі үшін лизингтік төлемдердің ағымдағы (дисконтталған) құны қаржы лизингі бойынша берілетін мүлік құнының тоқсан пайызынан асып кетсе, қаржы лизингі болып табылады.

Лизинг нысаналарын қайталама лизингке беру де қаржы лизингі болып табылады.

Осы Кодекстің мақсаттары үшін қайталама лизинг деп лизинг шарты (бұдан әрі осы баптың мақсаттары үшін - бастапқы лизинг шарты) тоқтатылған, бұзылған не лизинг нысаналары санының өзгеруіне байланысты ол өзгертілген жағдайда лизинг берушінің меншігінде қалған лизинг нысаналарын басқа лизинг алушыға (алушыларға) лизингке мынадай талаптарды бір мезгілде сақтай отырып беру танылады:

бастапқы лизинг шартын бұзу, тоқтату не өзгерту күні мен қайталама лизинг шартын (шарттарын) жасасу күні осы Кодекстің 269-бабында белгіленген бір салық кезеңіне дәл келсе;

лизинг нысаналарының санына, лизинг төлемдеріне және лизинг мерзіміне арналған талаптарды қоспағанда, бастапқы лизинг шартында көзделген талаптар қайталама лизинг шартында (шарттарында) сақталса;

қайталама лизингке бастапқы лизинг шарты бойынша олардың жалпы санынан аспайтын мөлшерде лизинг нысаналары берілсе;

егер бастапқы лизинг шарты бойынша аннуитеттік төлем әдісі көзделген жағдайда - қайталама лизинг шарты (шарттары) бойынша лизингтік төлемдердің жалпы сомасы лизингтік төлемдер сомасына азайтылған, лизинг алушыдан бастапқы лизинг шарты бойынша алынған, бастапқы лизинг шарты бойынша лизингтік төлемдердің жалпы сомасынан аспаса;

егер бастапқы лизинг шарты бойынша тең үлестермен төлеу әдісі көзделген жағдайда - қайталама лизингке берілетін лизинг нысанасының құны бастапқы лизинг шарты бойынша лизинг нысанасының төленбеген құнынан аспаса, қайталама лизинг шарты (шарттары) бойынша сыйақы ставкасының мөлшері бастапқы лизинг шарты бойынша сыйақы ставкасының мөлшерінен аспаса;

лизинг нысаналары қайталама лизингке кемінде үш жыл мерзімге берілсе.

Осы Кодекстің мақсаттары үшін мүлікті қаржы лизингіне беру лизинг берушінің мүлікті лизинг алушыға өткізуі ретінде қаралады. Бұл ретте лизинг алушы лизинг нысанасының иесі ретінде, ал лизингтік төлемдер лизинг алушыға берілген кредит бойынша төлемдер ретінде қаралады.

Осы Кодекс мақсаттарында:

аннуитеттік төлемдер әдісі - лизингтік төлемдер тең уақыт аралығы арқылы тең сомалармен белгіленетін лизингтік төлемдерді есептеу әдісі;

тең үлестермен төлеу әдісі - лизинг бойынша сыйақыны қоспағанда, лизингтік төлемдер тең сомалармен белгіленетін лизингтік төлемдерді есептеу әдісі.

2. Егер лизинг шартында лизинг алушының қаржы лизингінің мерзімін ұзарту құқығы белгіленсе, онда қаржы лизингінің мерзімі іс жүзінде ұзарту жүзеге асырылған мерзімді ескере отырып айқындалады.

3. Қаржы лизингіне (лизинг бойынша) берілген (алынған) мүліктің құны лизинг шартын жасасу күні бойынша айқындалады.

Лизинг алушының негізгі құрал, жылжымайтын мүлікке инвестициялар, биологиялық активтер ретінде алуына жататын лизинг нысанасы қаржы лизингі бойынша берілетін мүлік болып табылады.