Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын, банктің еншілес ұйымына кредит (қарыз) бойынша төлейтін сыйақы төлем көзінен салық салынуға жатпайды.
144-бап. Төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығын есептеу тәртібі
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығының сомасын салық агенті төлем көзінен салық салынатын төленетін табыс сомасына осы Кодекстің 147-бабының 3-тармағында белгіленген ставканы қолдану жолымен айқындайды.
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Салық агенті осы Кодекстің 143-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген табыстарды қоспағанда, 143-бабында көрсетілген табыстарды төлеу кезінде төлем көзінен ұсталатын салықты табысты төлеу нысаны мен орнына қарамастан, ұстап қалуға міндетті.
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Заңды тұлға құрылымдық бөлімшесі төлеген (төлеуге жататын) төлем көзінен салық салынатын табыстар бойынша өзінің осындай құрылымдық бөлімшесін төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша салық агенті деп өз шешімімен тануға құқылы.
Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, заңды тұлғаның шешімі немесе мұндай шешімнің күшін жою мұндай шешім қабылданған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Егер жаңадан құрылған құрылымдық бөлімше салық агенті деп танылған жағдайда, онда заңды тұлғаның мұндай тану туралы шешімі осы құрылымдық бөлімше құрылған күннен бастап немесе осы құрылымдық бөлімше құрылған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Осы тармақтың ережелері Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме құрмастан қызметін жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаға төленетін (төлеуге жататын) табыстардан төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығына қолданылмайды.
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 144-1-баппен толықтырылды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
144-1-бап. Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме құрмастан қызметін жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалардың табыстарына салық салу тәртібі
Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме құрмастан қызметін жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалардың осы Кодекстің 143-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында белгіленген табыстарынан корпоративтік табыс салығын есептеу, ұстау және аудару, сондай-ақ салық есептілігін табыс ету осы Кодекстің 23-тарауында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
145-бап. Төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығын аудару тәртібі
1. Егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, салық агенттері төлем жүзеге асырылған ай аяқталғаннан кейін күнтізбелік жиырма бес күннен кешіктірмей, төлем көзінен ұсталған корпоративтік табыс салығының сомасын аударуға міндетті.
2. Төлем көзінен ұсталған корпоративтік табыс салығының сомасын аудару салық агенті орналасқан жер бойынша жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлға төлем көзінен ұсталған корпоративтік табыс салығының сомасын бюджетке аударуды тұрақты мекеме орналасқан жер бойынша жүргізеді.
146-бап. Төлем көзінен ұсталған корпоративтік табыс салығы жөніндегі есеп-қисап
Салық агенттері төлем көзінен ұсталған корпоративтік табыс салығының сомасы бойынша есеп-қисапты төлем жүргізілген тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірмей табыс етуге міндетті.
16-тарау. САЛЫҚ СТАВКАЛАРЫ, САЛЫҚ КЕЗЕҢІ ЖӘНЕ САЛЫҚ ДЕКЛАРАЦИЯСЫ
147-бап. Салық ставкалары
2008.10.12 № 100-IV ҚР Заңның 4 бабына сәйкес:
1) 2009 жылғы 1 қаңтардан 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін - 20 процент мөлшері;
2) 2013 жылғы 1 қаңтардан 2014 жылғы 1 қаңтарға дейiн - 17,5 процент мөлшері қолданылатыны белгілене отырып, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексінің) 147-бабы 1-тармағының корпоративтік табыс салығы ставкасының мөлшері бөлігінде қолданылуы 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатылды
2010.26.11. № 356-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Егер осы баптың 2-тармағында өзгеше көзделмесе, салық төлеушінің осы Кодекстің 133-бабында көзделген табыстар мен шығыстар сомасына және осы Кодекстің 137-бабында белгіленген тәртіппен ауыстырылатын залалдары сомасына азайтылған салық салынатын табысы 20 проценттік ставка бойынша салық салуға жатады.
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
2. Егер ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiрушi заңды тұлғалардың осы Кодекстiң 133-бабында көзделген табыстар мен шығыстар сомасына және осы Кодекстiң 137-бабында белгiленген тәртiппен ауыстырылатын шығындар сомасына азайтылған салық салынатын табысы ауыл шаруашылығы өнiмiн, бал ара шаруашылығы өнiмiн өндiру жөніндегі, сондай-ақ өзi өндiрген аталған өнiмдi қайта өңдеу мен өткізу жөніндегі қызметтi жүзеге асырудан алынған жағдайда, мұндай табыс 10 проценттiк ставка бойынша салық салынуға жатады.
2008.10.12 № 100-IV ҚР Заңның 5 бабына сәйкес 147-бабы 3-тармағының төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы ставкаларының мөлшері бөлігінде қолданылуы 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатылды
2010.26.11. № 356-IV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Резидент еместердің Қазақстан Республикасындағы көздерден алатын табыстарын қоспағанда, төлем көзінен салық салынатын табыстар төлем көзінен 15 проценттік ставка бойынша салық салуға жатады.
2009.30.12 № 234-IV Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2010 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
4. Резидент еместердiң осы Кодекстiң 192-бабы 1-тармағының 1) - 8), 10) - 29) тармақшаларында айқындалатын Қазақстан Республикасындағы көздерден алатын, осындай резидент еместердiң тұрақты мекемесiмен байланысты емес табыстарына, сондай-ақ осы Кодекстiң 192-бабы 1-тармағының 9) тармақшасында көрсетiлген табыстарға осы Кодекстiң 194-бабында белгiленген ставкалар бойынша салық салынады.
5. Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның таза табысы корпоративтік табыс салығына қоса осы Кодекстің 199-бабында белгіленген тәртіппен 15 проценттік ставка бойынша салық салуға жатады.
1. Корпоративтік табыс салығы үшін 1 қаңтар - 31 желтоқсан аралығындағы күнтізбелік жыл салық кезеңі болып табылады.
2. Егер ұйым күнтізбелік жыл басталғаннан кейін құрылса, оның құрылған күнінен бастап күнтізбелік жылдың аяғына дейінгі уақыт кезеңі ол үшін бірінші салық кезеңі болып табылады.
Бұл ретте ұйымның әділет органында мемлекеттік тіркеуден өткен күні оның құрылған күні болып есептеледі.
3. Егер ұйым күнтізбелік жылдың аяғына дейін таратылса, қайта ұйымдастырылса, жыл басталғаннан бастап тарату, қайта ұйымдастыру аяқталған күнге дейінгі уақыт кезеңі ол үшін соңғы салық кезеңі болып табылады.
4. Егер күнтізбелік жыл басталғаннан кейін құрылған ұйым осы жылдың аяғына дейін таратылса, қайта ұйымдастырылса, құрылған күнінен бастап тарату, қайта ұйымдастыру аяқталған күнге дейінгі уақыт кезеңі ол үшін салық кезеңі болып табылады.
1. Қазақстан Республикасындағы көздерден тек қана төлем көзінен салық салуға жататын табыстар алатын және Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырмайтын резидент еместі қоспағанда, корпоративтік табыс салығын төлеуші, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны орналасқан жеріндегі салық органына есептік салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей табыс етеді.
2. 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Корпоративтік табыс салығы бойынша декларация салық салу объектілері және (немесе) салық салумен байланысты объектілер туралы ақпаратты ашып көрсету жөніндегі декларациядан және оған қосымшалардан тұрады.
4. Оңайлатылған декларацияның негізінде шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеуші осы Кодекстің 427-бабына сәйкес салық салынатын табыстар бойынша корпоративтік табыс салығы жөніндегі декларацияны табыс етпейді.
5-БӨЛІМ. АРНАЙЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЙМАҚТАРДЫҢ АУМАҚТАРЫНДА ҚЫЗМЕТІН ЖҮЗЕГЕ
АСЫРАТЫН ҰЙЫМДАРҒА САЛЫҚ САЛУ
17-тарау. АРНАЙЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЙМАҚТАРДЫҢ АУМАҚТАРЫНДА ҚЫЗМЕТІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН
ҰЙЫМДАРҒА САЛЫҚ САЛУ
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 150-тамрақ өзгертілді; 2011.21.07. № 470-ІV ҚР Заңымен 150-бап жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
150-бап. Жалпы ережелер
1. Осы бапты қолдану мақсаттары үшін бiр мезгiлде мынадай талаптарға сай келетiн:
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарындағы салық органында орналасқан жері бойынша салық төлеуші ретінде тiркелген;
2) арнайы экономикалық аймақтың аумағынан тысқары жерлерде құрылымдық бөлiмшелерi жоқ;
3) өзі өндірген тауарларды, қызметтің осы түрлерінен туындайтын жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізуден алынуға жататын (алынған) табыстар жылдық жиынтық табысының кемiнде 70 пайызын құрайтын осы Кодекстің 151-4-бабында көзделген қызмет түрлерін қоспағанда, өзі өндірген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізуден, осы бөлімде көзделген қызмет түрлерінен алуға жататын (алынған) табыстары жылдық жиынтық табысының кемiнде 90 пайызын құрайтын заңды тұлға қызметiн арнайы экономикалық аймақтың аумағында жүзеге асыратын ұйым болып табылады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасында көрсетілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
2012.17.02. № 564-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Салық салу мақсатында бір мезгілде мынадай талаптарға сай келетін:
1) салық органында орналасқан жері бойынша салық төлеушілер ретінде тiркелген;
2) құрылымдық бөлiмшелерi жоқ;
3) өзі өндірген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізуден, осы Кодекстің 151-4-бабының 2-тармағында көзделген қызмет түрлерінен алуға жататын (алынған) табыстары жылдық жиынтық табысының кемiнде 70 пайызын құрайтын заңды тұлғалар да қызметін «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдар болып танылады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасында көрсетілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Осы тармақта көрсетілген заңды тұлғалардың тізбесін бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті орган және арнайы экономикалық аймақтарды құру, олардың жұмыс істеуі мен оларды тарату саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган бірлесіп бекітеді.
Мұндай тізбені қалыптастыру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
3. Қызметiн арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында жүзеге асыратын ұйымдарға:
1) жер қойнауын пайдаланушылар;
2) осы Кодекстің 279-бабының 6) тармақшасында көзделген акцизделетін тауарларды өндіруді, құрастыруды (жинақтауды) жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда, акцизделетiн тауарларды өндiретiн ұйымдар;
3) арнаулы салық режимдерiн қолданатын ұйымдар;
4) инвестициялық салықтық преференцияларды қолданған ұйымдар;
5) ойын бизнесі саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдар жатпайды.
4. Алынған (алынуға жататын) табыстарды осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасында көрсетiлген қызмет түрлерiнен алынған табыстарға жатқызу облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен және нысанда берілген растауының негiзiнде жүзеге асырылады.
5. Салықтарды және жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемдерді есептеу, сондай-ақ нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдар бойынша қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару осы бөлімде және осы Кодекстің 244-2 және 244-3-баптарында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, осы Кодексте белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 151-бап өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
151-бап. 2011.21.07. № 470-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2011.21.07. № 470-ІV ҚР Заңымен 151-1-баппен толықтырылды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
151-1-бап. Қызметін «Астана - жаңа қала» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу
1. Осы Кодекстің 150-бабының 1-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасын қолдану мақсатында «Астана - жаңа қала» арнайы экономикалық аймағын құруға сәйкес келетін қызмет түрлері мыналар болып табылады:
химия өнеркәсібі өнімдерін өндіру;
резеңке және пластмасса бұйымдарын жасау;
өзге де металл емес минералдық өнімдерді өндіру;
тұрмыстық электр аспаптарын жасау;
машиналар мен жабдықтарды жасау;
металлургия өнеркәсібі;
электр жабдығын, оның ішінде электр-жарық беруші жабдық жасау;
жарық беруші аспаптарға арналған шыны компоненттерін өндіру;
тамақ өнімін өндіру;
сүрек массасы мен целлюлоза, қағаз бен картон өндіру;
жиһаз жасау;
автокөлік құралдарын, трейлерлер мен жартылай тіркемелерді жасау;темір жол локомотивтері мен жылжымалы құрамды жасау;
әуе және ғарыштық ұшу аппараттарын жасау;
негізгі фармацевтикалық өнімдер мен препараттарды өндіру;
электрондық бөлшектер жасау;
жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес инфрақұрылым объектілерін, ауруханаларды, емханаларды, мектептерді, балабақшаларды, мұражайларды, театрларды, жоғары және орта оқу орындарын, кітапханаларды, оқушылар сарайларын, спорт кешендерін, әкімшілік және тұрғын үй кешендерін салу және пайдалануға беру.
2. Қызметін «Астана - жаңа қала» арнайы экономикалық аймағында жүзеге асыратын ұйымдардың салықтарды және жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемдерді есептеу кезінде:
1) бюджетке төленуге тиіс корпоративтік табыс салығының сомасын айқындау кезінде осы Кодекстің 139-бабына сәйкес корпоративтік табыс салығының есептелген сомасы 100 пайызға азайтылады;
Осы тармақшаның ережелері жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес ауруханалар, емханалар, мектептер, балабақшалар, мұражайлар, театрлар, жоғары және орта оқу орындары, оқушылар сарайлары, спорт кешендері объектілерін салу және пайдалануға беру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға қолданылмайды;
2) салық салу объектілері және (немесе) салық салумен байланысты арнайы экономикалық аймақтың аумағында орналасқан және осы баптың 1-тармағында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын объектілер бойынша:
жер салығын есептеу кезінде тиісті ставкаларға 0 коэффициент;
уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шартында көрсетілген, бірақ уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығына жер учаскелерін берген күннен бастап он жылдан аспайтын мерзімге жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемдерді есептеу кезінде тиісті ставкаларға 0 коэффициент;
мүлікке салынатын салықты есептеу кезінде салық салу объектілерінің орташа жылдық құнына 0 пайыз ставка қолданылады.
2011.21.07. № 470-ІV ҚР Заңымен 151-2-баппен толықтырылды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
151-2-бап. Қызметін «Ұлттық индустриалдық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу
1. Осы Кодекстің 150-бабының 1-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасын қолдану мақсатында «Ұлттық индустриалдық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағын құруға сәйкес келетін қызмет түрлері мыналар болып табылады:
химия өнеркәсібі өнімдерін өндіру;
мұнай-химия өнімдерін, сондай-ақ ілеспе, сабақтас өндіріс пен технологиялар өнімдерін өндіру.
2. Қызметін «Ұлттық индустриалдық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдардың салықтарды және жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемдерді есептеуі кезінде:
1) бюджетке төленуге тиіс корпоративтік табыс салығының сомасын айқындау кезінде осы Кодекстің 139-бабына сәйкес корпоративтік табыс салығының есептелген сомасы 100 пайызға азайтылады;
2) салық салу объектілері және (немесе) салық салумен байланысты арнайы экономикалық аймақтың аумағында орналасқан және осы баптың 1-тармағында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын объектілер бойынша:
жер салығын есептеу кезінде тиісті ставкаларға 0 коэффициент;
уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шартында көрсетілген, бірақ уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығына жер учаскелерін берген күннен бастап он жылдан аспайтын мерзімге жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемдерді есептеу кезінде тиісті ставкаларға 0 коэффициент;
мүлікке салынатын салықты есептеу кезінде салық салу объектілерінің орташа жылдық құнына 0 пайыз ставка қолданылады.
2011.21.07. № 470-ІV ҚР Заңымен 151-3-баппен толықтырылды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
151-3-бап. Қызметін «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу
1. Осы Кодекстің 150-бабының 1-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасын қолдану мақсатында «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағын құруға сәйкес келетін қызмет түрлері мыналар болып табылады:
тұрмыстық электр аспаптарын жасау;
тері бұйымдарын өндіру;
химия өнеркәсібі өнімдерін өндіру;
резеңке және пластмасса бұйымдарын жасау;
өзге де металл емес минералдық өнімдерді өндіру;
металлургия өнеркәсібі;
дайын металл бұйымдарын жасау;
машиналар мен жабдықтарды жасау;
мұнай-химия өнімдерін, сондай-ақ ілеспе, сабақтас өндіріс пен технологиялар өнімдерін өндіру;
қойма шаруашылығы және қосалқы көлік қызметі.
2. Қызметін «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдардың салықтарды және жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемдерді есептеуі кезінде:
1) бюджетке төленуге тиіс корпоративтік табыс салығының сомасын айқындау кезінде осы Кодекстің 139-бабына сәйкес корпоративтік табыс салығының есептелген сомасы 100 пайызға азайтылады;
2) салық салу объектілері және (немесе) салық салумен байланысты арнайы экономикалық аймақтың аумағында орналасқан және осы баптың 1-тармағында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын объектілер бойынша:
жер салығын есептеу кезінде тиісті ставкаларға 0 коэффициент;
уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шартында көрсетілген, бірақ уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығына жер учаскелерін берген күннен бастап он жылдан аспайтын мерзімге жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемдерді есептеу кезінде тиісті ставкаларға 0 коэффициент;
мүлікке салынатын салықты есептеу кезінде салық салу объектілерінің орташа жылдық құнына 0 пайыз ставка қолданылады.
2011.21.07. № 470-ІV ҚР Заңымен 151-4-баппен толықтырылды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2012.17.02. № 564-ІV ҚР Заңымен 151-4-бап өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
151-4-бап. Қызметін «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу
2012.17.02. № 564-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Осы Кодекстің 150-бабының 1-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасын қолдану мақсатында «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағын құруға сәйкес келетін қызмет түрлері мыналар болып табылады:
бағдарламалық қамтамасыз етілімді, дерекқорларды және аппараттық құралдарды жобалау, әзірлеу, енгізу, тәжірибелік өндіру және жасау;
жасанды иммундық және нейрондық жүйелер негізінде жаңа ақпараттық технологияларды жасау;
ақпараттық технологиялар саласында жобаларды жасау және енгізу жөніндегі ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізу;
мәтіндерді өңдеуге арналған машиналарды, көшіру-көбейту жабдықтарын, жөнелту машиналарын, калькуляторларды, кассалық аппараттарды, таңбалау машиналарын, билет-кассалық машиналарды жасау, басқа да кеңсе машиналары мен жабдықтарын, электрондық есептеу машиналарын және ақпаратты өңдеуге арналған өзге де жабдықтарды жасау;
электр- және радиоэлементтерді, таратушы аппаратураны, дыбыс пен бейнені қабылдауға, жазуға және шығаруға арналған аппаратураны жасау;
тұрмыстық электр аспаптарын жасау;
ақпараттық және инновациялық технологиялар саласындағы білім беру қызметі.
2012.17.02. № 564-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Осы Кодекстің 150-бабының 2-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасын қолдану мақсатында «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағын құруға сай келетін қызмет түрлері мыналар болып табылады:
бағдарламалық қамтамасыз етілімді, дерекқорларды және ақпараттық технологиялардың аппараттық құралдарын жобалау, әзірлеу, енгізу, тәжірибелік өндіру және жасау, сондай-ақ дата-орталықтар көрсететін қызметтер, онлайн қызметтерін көрсету;
ақпараттық технологиялар саласындағы жобаларды жасау және енгізу жөніндегі ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізу.
2012.17.02. № 564-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Қызметін «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдардың салықтарды және жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемдерді есептеуі кезінде:
1) бюджетке төленуге тиіс корпоративтік табыс салығының сомасын айқындау кезінде осы Кодекстің 139-бабына сәйкес корпоративтік табыс салығының есептелген сомасы 100 пайызға азайтылады;
2) салық салу объектілері және (немесе) салық салумен байланысты арнайы экономикалық аймақтың аумағында орналасқан және осы баптың 1-тармағында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын объектілер бойынша:
жер салығын есептеу кезінде тиісті ставкаларға 0 коэффициент;
уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шартында көрсетілген, бірақ уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығына жер учаскелерін берген күннен бастап он жылдан аспайтын мерзімге жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемдерді есептеу кезінде тиісті ставкаларға 0 коэффициент;
мүлікке салынатын салықты есептеу кезінде салық салу объектілерінің орташа жылдық құнына 0 пайыз ставка қолданылады;
3) бюджетке төленуге тиіс әлеуметтік салық сомасын айқындау кезінде осы Кодекстің 359-бабына сәйкес есептелген әлеуметтік салық сомасы бір мезгілде мынадай шарттар сақталған кезде 100 пайызға азайтылады:
жеңілдікті қолданудың ең ұзақ кезеңі - қызметін арнайы экономикалық аймақтың аумағында жүзеге асыратын ұйым ретінде тіркелген күннен бастап 5 жыл;
корпоративтік табыс салығы бойынша салық кезеңі ішінде қызметкерлерге еңбекақы төлеу шығыстары жылдық жиынтық табыстың кемінде 50 пайызын құрайды;
корпоративтік табыс салығы бойынша салық кезеңі ішінде қызметкерлерге еңбекақы төлеу шығыстарының 90 пайызын қызметкерлерге - Қазақстан Республикасының резиденттеріне еңбекақы төлеу шығыстары құрайды.
2011.21.07. № 470-ІV ҚР Заңымен 151-5-баппен толықтырылды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
151-5-бап. Қызметін «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу
1. Осы Кодекстің 150-бабының 1-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасын қолдану мақсатында «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағын құруға сәйкес келетін қызмет түрлері мыналар болып табылады:
киімнен басқа, дайын тоқыма бұйымдарын шығару;
трикотаж бұйымдарын шығару;
тоқыма материалдарынан тігілетін киім шығару;
жібек маталар мен солардың негізінде жасалатын бұйымдар шығару;
мата емес тоқыма материалдар мен солардан жасалған бұйымдар шығару;