Әскери қызметшілерге науқастануы бойынша демалыс беру туралы қорытынды стационарлық емдеу аяқталғаннан кейін қабынудың клиникалық, зертханалық белгілері болмаған кезде дене жүктемесінен кейін буындарда орташа, өтпелі ауырсыну сезімдері сақталатын және әскери қызмет міндеттерін орындау қабілетін қалпына келтіру үшін бір ай және одан артық мерзім қажет болған жағдайларда шығарылады.
Әскери қызметшілерге науқастануы бойынша демалыс беру туралы қорытынды сүйектерге және буындарға, пластикаға немесе сіңір тендолизіне (қол және табан саусақтарынан басқа) операциядан кейін қозғалысты уақытша шектеу кезінде, сүйек сынғаннан кейін қатпаған сүйек мүйізгегі кезінде әскери қызмет міндеттерін орындау қабілетін қалпына келтіруге бір ай және одан артық мерзім қажет болған жағдайларда шығарылады.
Түтікше сүйектердің сынықтарын емдеудің тұрақты қанағаттанарлықсыз нәтижелері, салдары кезінде науқастануы бойынша демалыс беру туралы қорытынды шығарылмайды, ал әскери қызметке жарамдылығы туралы мәселе бағандар бойынша талаптардың 82-тармағының 1), 2) немесе 3) тармақшалары бойынша шешіледі.
Қолдың, табанның, сондай-ақ жіліншіктің майда сүйектері сынған кезде ІІ баған бойынша куәландырылатын әскери қызметшілерге науқастануы бойынша демалыс беру туралы қорытынды шығарылмайды. Бұл жағдайларда емдеу аяқталғаннан кейін қажетті емдеу іс-шараларын көрсете отырып босату туралы қорытынды шығарылады.
І баған бойынша куәландырылатындарға қатысты ұзын түтікшелі сүйектің, жамбас сүйегінің, табан қоспасы сүйектерінің, табан сүйектерінің, өкше, топайсүйегінің, бұғананың, жауырынның, алақан сүйектерінің және білезіктің сынулары бітелгеннен кейін пластиналарды, интрамедуллярлы штифті, болттар-тартқыштарды және басқа да металл құрастырғыштарды (бірлі-жарым шуруптардан, сымдардан, біздерден, микровинттерден және микропластиналардан басқа) алып тастау бойынша операция жасау үшін алты айға әскери қызметке жарамсыздығы туралы қорытынды шығарылады. Операциядан бас тартқан кезде медициналық куәландыру бағандар бойынша талаптардың 82-тармағы бойынша жүргізіледі.
Жарықшақты және (немесе) бір-екі көлденең омыртқаның өсінділері сынғаннан, омыртқаларды соғып алудан, штифті, пластинканы немесе басқа да құрастырғыштарды алып тастағаннан кейін келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілерге қатысты қызметтік міндеттерінен босату қажеттігі туралы қорытынды шығарылады.
Майда сүйектердің асқынбаған стационарлық емдеуді қажет етпейтін жабық сынықтары кезінде келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілерге науқастануы бойынша демалыс беру немесе босату қажеттігі туралы қорытынды шығара отырып амбулаторлық куәландыруға рұқсат етіледі.
Сүйек мүйізгегінің пайда болу белгілерінен кейін, тек гипспен таңуды қажет ететін, түтікше немесе басқа да сүйектердің асқынбаған жабық сынықтары кезінде ІІІ баған бойынша куәландырылатын әскери қызметшілерге гипс таңғышын алғанға дейін амбулаторлық емделу үшін науқастануы бойынша демалыс беру немесе босату туралы қорытынды шығара отырып медициналық мекемеден шығарылады. ӘОО курсанттары мен тыңдаушылары емдеуді жалғастыру үшін ӘОО лазареттеріне, ал мерзімді әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілерді әскери бөлімдердің медициналық пунктеріне, онда осы науқастардың болуы үшін жағдайлар болған кезде, госпиталь хирургінің (травматологының) кемінде айына бір рет міндетті тексеруімен орналастыру орынды. Емдеу аяқталғаннан кейін әскери қызметші ауруы бойынша демалыс алу (босатылу) үшін медициналық қайта куәландыруға жіберіледі.
Жақ сүйегінің және беттің жұмсақ тіндерінің жарақаттары салдарынан науқастануы бойынша демалыс беру туралы қорытынды шығаруға негіздеме сынықтардың баяу консолидациясы, хирургиялық немесе ортопедиялық емдеудің күрделі әдістерін қажет ететін тығыз тыртықтардың немесе сынықтардың болуы, сондай-ақ жарақаттар остеомиелиті бар сынықтар болып табылады.
Буындардағы қозғалыс көлемін бағалау кезінде бағандар бойынша талаптардың 5-қосымшасы басшылыққа алынады.
Жіті экзогенді әсер етуі мен уланудан кейін қалдықты құбылыстар кезінде талаптардың І бағаны бойынша куәландырылатындар 6 айға әскери қызметке уақытша жарамсыз деп танылады. Бұдан әрі олардың әскери қызметке жарамдылығы мүшелер мен жүйелер функцияларының қалпына келуі дәрежесіне байланысты бағандар бойынша талаптардың 85-тармағы бойынша айқындалады.
19-тарау. Басқа да аурулар
87-тармақтың. Жеткіліксіз дене дамуы.
Жақсы дене дамуымен және тамақтанумен, теңбе-тең дене бітімімен, дене салмағы кемінде 45 кг және бойы кемінде 150 см І, ІІ бағандар бойынша куәландырылатындар әскери қызметке жарамды деп танылады.
Дене салмағы 45 кг аз және бойы 150 см төмен І баған бойынша куәландырылатындар эндокринологтың тексерілуіне жатады. Бұл адамдар 2) тармақша негізінде 12 айға әскери қызметке уақытша жарамсыз деп танылады. Сақталған жеткіліксіз дене дамуы болған кезде медициналық куәландыру осы тармақтың 1) тармақшасы бойынша жүргізіледі.
Бойы 160 см кем болу кезінде ІІ баған бойынша куәландырылатын әскери қызметке келісім шарт бойынша түсетіндер, ал 165 см кем болғанда - ІV баған бойынша куәландырылатындар осы тармақтың 2) тармақшасы бойынша келісімшарт бойынша әскери қызметке кіруге жарамсыз деп танылады.
88-тармақ. Азаматтарды әскерге шақыру учаскелеріне тіркеген және мерзімді әскери қызметке шақырған кезде, сондай-ақ энурезбен ауыратын әскери қызметшілерді тексеру мен емдеу стационарлық жағдайларда урологтың, невропатологтың, дерматовенерологтың, медициналық көрсеткіштер болған кезде психиатрдың қатысуымен жүргізіледі.
Бақылаулар мен тексерулер нәтижелері, сондай-ақ қорғаныс істері жөніндегі басқармалардан (бөлімдерден), әскери бөлімдерден алынған деректер түнгі зәрді ұстай алмаушылықтың (энурездің) болуын және емдеу тиімділігінің болмауын растайтын жағдайлар кезінде І - ІІ бағандар бойынша куәландырылатындар әскери қызметке жарамсыз деп танылады.
Егер түнгі зәрді ұстай алмаушылық (энурез) қандай да бір науқастанудың белгісі болып табылса, қорытынды негізгі науқастануды көздейтін бағандар бойынша талаптардың тармағы бойынша шығарылады.
89-тармақ. Сөйлеудің бұзылуы.
89-тармақтың 1) тармақшасына тыныс алудың бұзылуымен және невротикалық көріністермен болатын барлық сөйлеу аппаратын қамтитын кекештенудің (тұтығудың) жоғары дәрежесі, сондай-ақ сондай-ақ, сөзді түсініксіз қылатын сөйлеудің басқа да бұзылулары жатады.
89-тармақтың 2) тармақшасына І, ІІ бағандар бойынша куәландырылатындардағы сонымен қатар тұрақты, жүйелі ұзақ емделмейтін функционалдық тектегі афония жатады.
Кекештеніп (тұтығып) сөйлеу бұзылуы болған кезде куәландырылушы невропатологтың, психиатрдың, оториноларингологтың және логопедтің терең тексеруіне жатады. Әскери қызметке жарамдылық санаты туралы қорытынды тексеру деректері және әскери бөлімнен, қорғаныс істері жөніндегі басқармадан (бөлімнен), әскери қызметке кіргенге дейін оқу орнынан немесе жұмысынан алынған және оның денсаулық жағдайын сипаттайтын құжаттарды мұқият зерделеу негізінде шығарылады.
Сөйлеу бұзылуының айқындылық дәрежесі әртүрлі жағдайларда сөйлеу функциясының жай-күйін қарқынды бақылау жолымен айқындалады және науқастанудың аса айқын көрінген сәттеріндегі жай-күйі бойынша бағаланады. Әскери қызметке жарамдылық санаты туралы қорытынды куәландырылушының әскери қызмет міндеттерін орындау қабілетін ескере отырып шығарылады. Қолбасшылық мінездемесінің және куәландырылатынның әскери қызмет міндеттерін орындауда кекештену (тұтығу) қандай дәрежеде көрінетіні туралы нұсқамасының сараптамалық бағалауда елеулі маңызы бар.
Әскери қызмет өткеруге кедергі келтірмейтін жеңіл түрдегі кекештену (тұтығу) бөгеліп сөйлеу, сөйлемнің басында «кідіру», аз сөйлемнің (бір рет ауа шығаруда) басқа да сөздерді еркін айту немесе шамалы тоқталып, бірақ қайталаусыз айтуы болып табылады.
Егер мүшенің немесе мүше жүйелерінің науқастануы басқа мүшенің немесе мүше жүйесі қызметінің бұзылуына әкелетін жағдайда әскери қызметке жарамдылық санаты туралы сараптама қорытындысы кесте бойынша талаптардың тиісті тармақтарына сәйкес шығарылады.
Кесте бойынша талаптарда және диагностика мен емдеудің тиісті клиникалық хаттамаларында (бұдан әрі - клиникалық хаттамалар) келтірілген зерттеу әдістерінен басқа, азаматтарды тексеру кезінде анағұрлым ақпараттық әдістерді пайдалануға жол беріледі.
Осы талаптарда жазылмаған операциялық араласуларды қоса алғанда, науқастанулар, даму ауытқулары, жарақат салдарлары, уланулар және басқа да сыртқы факторлардың әсер етуі кезінде азаматтардың (әскери қызметшілердің) жарамдылық санаттарын айқындау халықаралық аурулар жіктемесіне сәйкес мүше немесе мүшелер жүйесі қызметінің бұзылуына байланысты кесте бойынша талаптардың тиісті тармақтарының тармақшалары бойынша жүргізіледі.
(әскери қызметшілердің)
денсаулық жағдайының сәйкес
келуіне қойылатын талаптарға
2-қосымша
Бағандар бойынша азаматтардың (әскери қызметшілердің) денсаулық жағдайының сәйкес келуіне
қойылатын талаптарда және оларға түсініктемелерде қолданылған қысқартулар
1. АГ - артериялық гипертензия;
2. ӘДК - әскери-дәрігерлік комиссия;
3. АИВ - адам иммуналдық тапшылық вирусы;
4. АӨРА - асқазан-өңештік рефлюксті ауруы;
5. БФЭКТ - бір фотонды эмиссиялық компьютерлік томография;
6. БСЖ - бүйректің созылмалы ауруы;
7. ВЭМ - велоэргометрия;
8. ДСИ - дене салмағының индексі;
9. дптр - диоптрия;
10. ЖБМЖ - жабық бассүйек-ми жарақаты;
11. ЖИТС - жұқтырылған иммундық тапшылығы синдромы;
12. ЖЖЖСВД - жүректің және жүрек-қан тамырлары жүйесінің соматоформдық вегетативті дисфункциясы;
13. СЖЖ -созылмалы жүрек жеткіліксіздігі;
14. ЗОҚ - зымыран отындарының құрамдас бөлігі;
15. ИСК - иондаушы сәулелену көзі;
16. ИФТ-иммуноферменттік талдау;
17. кг - килограмм;
18. кг/м2 - шаршы метрге килограмм;
19. кгм/мин - килограммометр/минут;
20. КАЖҚнБА - клиникалық айқын жүрек-қан тамырлары немесе бүйрек аурулары;
21. КҮЕЖ- Кориолисті үдетудің еміс-еміс жиынтықталуы;
22. КҮҮЖ - Кориолисті үдетудің үздіксіз жиынтықталуы;
23. кПа - килоПаскаль;
24. КТ - компьютерлік томография;
25. ҚСА - қан тамырларының созылмалы аурулары;
26. м - метр;
27. мг - миллиграмм;
28. МЕТ - метаболизмдік эквивалент;
29. мкмоль/л - литрге микромоль;
30. мл - миллилитр;
31. МРТ - магнитті-резонансты томография;
32. НМЗ - нысана мүшелерін зақымдау;
33. ОДКК - орталықтандырылған дәрігерлік-консультативтік комиссия;
34. ОНЖ - орталық нерв жүйесі;
35. ӨЖТА - өкпенің жеделдетілген тыныс алу ауқымы;
36. ПТР - полемеразды тізбекті рекция;
37. ПЭТ - позитрондық-эмиссиялық томография;
38. РЗ - радиоактивті заттар;
39. РИ - реовазографиялық индекс;
40. СА-блокада - синоаурикулярлы блокада;
41. с.б.мм.- сынап бағанасымен миллиметр;
42. см - сантиметр;
43. су бағ.мм - су бағанының миллиметрі;
44. СС - сыбырлап сөйлеу;
45. ТҮЖ - тыныс шығарудың үдемелі жылдамдығы;
46. ТЖ - тыныс алу жеткіліксіздігі;
47. УДЗ - ультрадыбыстық зерттеу;
48. ФС - функционалдық сынып;
49. ШСЖ - шумақтық сүзілу жылдамдығы;
50. ш. см - шаршы сантиметр
51. ЭКГ - электр-кардиография;
52. ЭМӨ - электр-магниттік өріс;
53. ЭхоКГ - эхокардиография;
54. 1ЖТА - 1 секундта жедел тыныс алу ауқымы;
55. AV-блокада - атриовентрикулярлық блокада;
56. CKD-EPI - Сhronic Kidney Desease Epidemiology Collaboration;
57. СЕАР - Clinikal Etiology Anatomy Patology.
58. PaCO2 - көмірқышқыл газының парциалдық қысымы;
59. PaO2 - артериялық қандағы оттегінің парциалдық қысымы;
(әскери қызметшілердің)
денсаулық жағдайының сәйкес
келуіне қойылатын талаптарға
3-қосымша
Жүрек-қан тамырының жалпы қауіп-қатерін стратификаттау, ЖҚТБАКА-ны, симптомсыз НМЗ-ны,
тәуекел факторларын, сондай-ақ артериялық гипертензия кезіндегі қант диабетін сипаттау
(әскери қызметшілердің)
денсаулық жағдайының сәйкес
келуіне қойылатын талаптарға
4-қосымша
Тыныс алу (өкпе) жеткіліксіздігі дәрежелерінің көрсеткіштері*
* - көрсеткіш бронходилятациялық тест нәтижесімен бағаланады.
(әскери қызметшілердің)
денсаулық жағдайының сәйкес
келуіне қойылатын талаптарға
5-қосымша
Буындардың қозғалыс ауқымын бағалау кестесі (градуспен)
Қарулы Күштерінде, басқа да
әскерлері мен әскери құралымдарында
қызмет ету үшін адамдар денсаулық
жағдайының сәйкес келуіне
қойылатын талаптарға
2-қосымша
Әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу, мерзімді әскери қызметке шақыру кезінде азаматтардың Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің түрлері мен әскер тектері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары бойынша әскери қызметке жарамдылық санаттары
Ескертпе: Оқу-жаттығу бөлімдеріндегі әскери қызмет үшін тағайындау көрсеткіші Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың түріне және әскер тегіне сәйкес белгіленеді.
Қарулы Күштерінде, басқа да
әскерлері мен әскери құралымдарында
қызмет ету үшін адамдар денсаулық
жағдайының сәйкес келуіне
қойылатын талаптарға
3-қосымша
Тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асыратын ӘОО-ға түсуге азаматтардың
(әскери қызметшілердің) жарамдылық санаттары