«Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында қызмет ету үшін адамдар денсаулық жағдайының сәйкес келуіне қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің 2013 жылғы 29 қаңтардағы № 37 бұйрығы (2018.02.02. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында қызмет ету үшін адамдар денсаулық жағдайының сәйкес келуіне қойылатын талаптарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің 2013 жылғы 29 қаңтардағы № 37 бұйрығы

(2018.02.02. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 22 желтоқсандағы № 722 бұйрығымен күші жойылды

 

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 60-бабының 4-тармағына сәйкес бұйырамын:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында қызмет ету үшін адамдар денсаулық жағдайының сәйкес келуіне қойылатын талаптар бекітілсін.

2. «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында қызмет ету үшін адамдар денсаулық жағдайының сәйкес келуіне қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2009 жылғы 28 желтоқсандағы № 498 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6033 болып тіркелген «Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілері жинағында» 2010 жылғы 7 шілдедегі № 10 болып жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас әскери-медициналық басқармасының бастығы осы бұйрықты әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді және оны ресми жариялауды қамтамасыз етсін.

4. Бұйрықтың орындалуын бақылау медициналық қамтамасыз ету мәселелеріне жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасарына жүктелсін.

5. Бұйрық, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енгізіледі.

 

 

 

ҚР Қорғаныс министрінің 2018.02.02. № 52 бұйрығымен талаптар жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Қорғаныс министрінің

2013 жылғы 29 қаңтардағы

№ 37 бұйрығымен

бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери

құралымдарында қызмет ету үшін адамдар денсаулық жағдайының сәйкес келуіне қойылатын

 талаптар

 

1. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында қызмет ету үшін адамдар денсаулық жағдайының сәйкес келуіне қойылатын талаптар «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 60-бабына, «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында қызмет ету үшін адамдар денсаулық жағдайының сәйкес келуіне қойылатын талаптарды (бұдан әрі - Талаптар) көздейді.

2. Бағандар бойынша азаматтардың (әскери қызметшілердің) әскери қызметке денсаулық жағдайының сәйкес келуіне қойылатын талаптар осы Талаптардың 1-қосымшасында белгіленген және:

І баған бойынша:

әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу кезіндегі азаматтарға;

мерзімді әскери қызметке шақыру кезіндегі азаматтарға;

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында (бұдан әрі - ҚР ҚМ мамандандырылған ұйымдары) әскери-техникалық және басқа да мамандықтар бойынша өтеусіз негізде даярлау үшін іріктеу кезіндегі азаматтарға;

республикалық әскери мектеп-интернаттарына (лицейлерге) (бұдан әрі - мектептер) түсетін азаматтарға және оның тәрбиеленушілеріне;

ІІ баған бойынша:

орта техникалық және кәсіби, жоғары білім бағдарламаларын іске асыратын әскери оқу орындарына (бұдан әрі - ӘОО) түсу кезіндегі азаматтарға (әскери қызметшілерге);

жоғары оқу орындары жанындағы әскери кафедраларға (факультеттерге) түсу кезіндегі және онда оқитын азаматтарға;

қатардағы жауынгерлер, запастағы сержанттар қатарынан келісімшарт бойынша әскери қызметке түсу кезіндегі азаматтарға, мерзімді әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілерге, сондай-ақ әскери атағы жоқ, әйел жынысты адамдарға;

ҚР ҚМ мамандандырылған ұйымдарына әскери-техникалық және өзге де әскери мамандықтар бойынша өтеулі негізде даярлау үшін іріктеу кезіндегі азаматтарға;

мерзімді әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілерге;

әскери қызмет өткеру туралы келісімшарт жасасқанға дейінгі ӘОО курсанттарына (кадеттеріне);

есепке алу мақсатында әскери жиынға шақыру және одан өту кезіндегі запастағы сержанттар мен қатардағы жауынгерлерге;

ІІІ баған бойынша:

әскери қызметке шақыру және келісімшарт бойынша әскери қызметке түсу кезіндегі запастағы офицерлерге;

келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілерге;

шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін офицерлерге;

жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын ӘОО-ға түсу кезіндегі әскери қызметшілерге;

келісімшарт жасасқаннан кейінгі ӘОО-ның курсанттарына (кадеттеріне);

есепке алу мақсатында әскери жиындарға шақыру және одан өту кезіндегі запастағы офицерлерге;

ІV баған бойынша:

Десанттық-шабуылдау әскерлерінде (бұдан әрі - ДШӘ), Әскери-теңіз күштерінде (бұдан әрі - ӘТК), арнайы мақсаттағы бөлімдерде (бұдан әрі - АрнМақБ) әскери қызмет өткеретін (қызмет үшін іріктеліп алынатын) әскери қызметшілерге (азаматтарға) - Талаптар арнайы мақсаттағы, теңіз жаяу әскері, десанттық-шабылдау бөлімшелері және барлау бөлімшелері үшін, жауынгерлік жүзгіштерге және сүңгуірлер құрамына, сондай-ақ корабльдер мен кемелер экипажына қойылады;

танкілерді және басқа да машиналарды су астында жүргізуге, сондай-ақ теңізге шығуға тартылатын әскери қызмет өткеретін (әскери жиындардан өтетін) әскери қызметшілерге (азаматтарға) қойылады.

3. Бағандар бойынша әскери қызметке адамдар (әскери қызметшілер) денсаулық жағдайының сәйкес келуіне қойылатын талаптарда әскери қызметке жарамдылықтың келесі санаттары көзделген:

А - әскери қызметке жарамды;

Б - әскери қызметке шамалы шектеулермен жарамды;

В - әскери қызметке шектеулі жарамды (келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілерге және әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін офицерлер құрамының адамдарына қатысты);

Г - әскери қызметке уақытша жарамсыз;

Д - әскери қызметке бейбіт уақытта жарамсыз, соғыс уақытында шектеулі жарамды;

Е - әскери есептен алумен әскери қызметке жарамсыз;

ЖЗ - жекелеген әскери-есептік мамандықтар бойынша Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскер түрлері мен тектеріндегі, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарындағы әскери қызметке, қызметке жарамсыз, ӘОО-ға (мектептерге) түсуге жарамсыз;

В-ДЕРБ - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарындағы әскери қызметке жарамдылығы дербес айқындалады және Б немесе В жарамдылық санатын айқындайды;

ДЕРБ - жекелеген әскери-есептік мамандықтар бойынша Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскер түрлері мен тектеріндегі, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарындағы әскери қызметке жарамдылығы дербес айқындалады.

Г жарамдылық санаты келісімшарт бойынша әскери қызметке, ӘОО-ға және мектептерге түсуге жарамсыздық санатын, ал В, Д, және Е жарамдылық санаттары ӘОО-да және мектептерде оқуға жарамсыздықты айқындайды.

4. Б жарамдылық санаты кезінде азаматтардың (әскери қызметшілердің) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскер түрлері мен тектеріндегі, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарындағы әскери қызметке, ӘОО-на (мектептерге), кейбір әскери-есептік мамандықтар бойынша оқуға (қызметке), сондай-ақ радиоактивті заттармен, иондаушы сәулелену көздерімен, зымыран отынының құрамдастарымен, электромагниттік өрістермен және лазерлік сәулелену көздерімен қызметке (жұмыс істеуге) жарамдылығы:

1) осы Талаптардың 2-қосымшасында белгіленген шақыру учаскелеріне тіркеу, мерзімді әскери қызметке шақыру кезінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарындағы әскер түрлері мен тектері бойынша әскери қызметке жарамдылық санаттары;

2) осы Талаптардың 3-қосымшасында белгіленген тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асыратын ӘОО-на түсуге азаматтардың (әскери қызметшілердің) жарамдылық санаттары;

3) осы Талаптардың 4-қосымшасында белгіленген кейбір әскери-есептік мамандықтар бойынша оқу (қызмет) үшін әскери қызметшілердің санаттары;

4) осы Талаптардың 5-қосымшасында белгіленген радиоактивті заттармен, иондаушы сәулелену көздерімен, зымыран отынының құрамдастарымен, электромагниттік өрістермен және лазерлік сәулелену көздерімен қызмет (жұмыс істеу) үшін әскери қызметшілердің (азаматтық персонал адамдарының) жарамдылық санаттары бойынша айқындалады.

 

Қазақстан Республикасының

Қарулы Күштерінде, басқа да

әскерлері мен әскери құралымдарында

қызмет ету үшін адамдар денсаулық

жағдайының сәйкес келуіне

қойылатын талаптарға

1-қосымша

 

 

Бағандар бойынша азаматтардың (әскери қызметшілердің) әскери қызметке

денсаулық жағдайының сәйкес келуіне қойылатын

талаптар