«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру мен автоматтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 8 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2013 жылғы 28 ақпандағы № 40-ө Өкімі
1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру мен автоматтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 8 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
2. Мемлекеттік органдар:
1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;
2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Yкіметін хабардар етсін.
Премьер-Министрінің
2013 жылғы 28 ақпандағы
№ 40-ө өкімімен
бекітілген
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру мен
автоматтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 8 қаңтардағы Қазақстан
Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің
тізбесi