Осы редакция 2013 жылғы 21 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2011.04.03. № 231 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.05.09. № 1153 Қаулысымен (бұр.ред.қара) мемлекеттік қызмет стандарты жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2009 жылғы 29 қазандағы
№ 1710 қаулысымен бекітілген
«Шағын көлемді кемелерді мемлекеттік тіркеу»
мемлекеттік қызмет стандарты
1. «Шағын көлемді кемелерді мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің мемлекеттік қызмет көрсетуді бақылауды автоматтандыру және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметтерін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталықтары» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - ХҚО) арқылы Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі - уәкілетті орган) осы стандартқа 1 және 2-қосымшаларда көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет «Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңының 26-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 қыркүйектегі № 1058 қаулысымен бекітілген Кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидасына (бұдан әрі - Қағида) сәйкес жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат:
1) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында www.mtс.gov.kz («Көліктік бақылау комитеті» бөлімінің «Мемлекеттік қызметтер» кіші бөлімінде);
2) ХҚО интернет-ресурсында: www.con.gov.kz;
3) ХҚО ғимараттарында орнатылған стенділерде;
4) «электрондық үкімет» 1414 call-орталығында орналастырылған.
5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі кеме билетін беру немесе кеме билетінің телнұсқасын беру немесе қағаз тасығышта мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - мемлекеттік қызметті алушылар) көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) осы стандарттың 11-тармағында көзделген құжаттар тапсырылған сәттен бастап ХҚО аудандық бөліміне өтініш берген кезде 10 жұмыс күні ішінде (2 күн құжаттарды уәкілетті органға жеткізу және 2 күн орындалған құжаттарды ХҚО жеткізу мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді);
2) осы стандарттың 11-тармағында көзделген құжаттар тапсырылған сәттен бастап ХҚО облыстық филиалына өтініш берген кезде 10 жұмыс күні ішінде (құжаттарды қабылдау күні мен беру күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді);
3) құжаттарды тапсыру кезінде кезекте күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты 20 минуттан аспайды;
4) кеме билетін алу кезінде кезекте күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты 20 минуттан аспайды.
8. Мемлекеттік қызмет көрсету ақылы болып табылады.
Мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және мемлекеттік тіркелгендігін растайтын құжаттың телнұсқасын беру үшін алым тіркеуді жүзеге асыру орны бойынша жергілікті бюджетке төленеді, алым ставкасы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген, олар мыналарды құрайды:
1) мемлекеттік тіркеу үшін:
қуаттылығы 50 ат күшінен жоғары (37 кВт) өздігімен жүретін шағын көлемді кемелер - алымды төлеу күні қолданылатын үш айлық есептік көрсеткіш;
қуаттылығы 50 ат күшіне дейінгі (37 кВт) өздігімен жүретін шағын көлемді кемелер - алымды төлеу күні қолданылатын екі айлық есептік көрсеткіш;
өздігімен жүрмейтін шағын көлемді кемелер - алымды төлеу күні қолданылатын бір жарым айлық есептік көрсеткіш;
2) қайта тіркеу үшін:
қуаттылығы 50 ат күшінен жоғары (37 кВт) өздігімен жүретін шағын көлемді кемелер - алымды төлеу күні қолданылатын бір жарым айлық есептік көрсеткіш;
қуаттылығы 50 ат күшіне дейінгі (37 кВт) өздігімен жүретін шағын көлемді кемелер - алымды төлеу күні қолданылатын бір айлық есептік көрсеткіш;
өздігімен жүрмейтін шағын көлемді кемелер - алымды төлеу күні қолданылатын 0,75 айлық есептік көрсеткіш.
3) мемлекеттік тіркелгендігін растайтын құжаттың телнұсқасын беру үшін:
қуаттылығы 50 ат күшінен жоғары (37 кВт) өздігімен жүретін шағын көлемді кемелер - алымды төлеу күні қолданылатын 0,75 айлық есептік көрсеткіш;
қуаттылығы 50 ат күшіне дейінгі (37 кВт) өздігімен жүретін шағын көлемді кемелер - алымды төлеу күні қолданылатын 0,5 айлық есептік көрсеткіш;
өздігімен жүрмейтін шағын көлемді кемелер - алымды төлеу күні қолданылатын 0,38 айлық есептік көрсеткіш.
9. ХҚО-да мемлекеттік қызмет белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі асқа үзіліссіз сағат 09.00 бастап 20.00 сағатқа дейін, демалыс және мереке күндерін қоспағанда күн сайын, дүйсенбіден бастап сенбі аралығында көрсетіледі.
Қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз «электрондық» кезек тәртібімен жүзеге асырылады.
10. Мемлекеттік қызмет дене мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған пандуспен жабдықталған күту және толтыруға арналған құжат үлгілерінің стенділері бар залында мемлекеттік қызметті алушының тұрғылықты жері бойынша ХҚО ғимаратында көрсетіледі. Залда анықтама бюросы, күту креслолары, толтырылған бланк үлгілері бар ақпараттық стенділер орналасқан.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібi
11. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушы мынадай құжаттарды ұсынады:
1) кеме билетін алу үшін:
кеменің негізгі техникалық деректері, оның тұрақта тұру орны, атауы және заңды мекенжайы, тегі, аты, әкесінің аты, туған жылы, тұрғылықты тұратын жері, иесінің жұмыс орны көрсетілетін кеме иесінің еркін нысандағы жазбаша өтініші;
жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
кеме мен оларға қозғалтқыштарды (аспалы моторлар) сатып алудың заңдылығын растайтын құжаттың көшірмесі;
сататын ұйымның анықтама-шотының (немесе сататын ұйымның тауар чегі немесе сатып алу-сату немесе сыйлау шарты немесе мұрагерлікке құқық туралы куәлік) көшірмесі;
кеме билеті немесе егер ол бұрын мемлекеттік тіркеу органдарында тіркелген болса, кеменің есептен шығарылғандығы туралы белгісі бар басқа құжаттың көшірмесі;
шет мемлекеттердің кеме тізілімінен (кітабынан) шығарылғандығы туралы куәландыратын құжаттың көшірмесі;
бюджетке тіркеу алым сомасының төленгенін растайтын құжат;
2) заңды тұлғаға тиесілі кемені мемлекеттік тіркеу үшін қосымша:
заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;
кемені мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды ұсынатын адамға тиісті түрде ресімделген сенімхат беріледі;
3) шағын көлемді кемелерді қайта тіркеу кезінде кеме билетін алу үшін:
қайта тіркеуді растайтын құжаттарды ұсынумен кеме иесінің жазбаша өтініші;
кеме билетінің көшірмесі;
кеме иесінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, заңды тұлға үшін - тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;
бюджетке шағын көлемді кемені қайта тіркеуге алым сомасының төленгенін растайтын құжат;
4) кеме билетінің телнұсқасын алу үшін:
кеме иесінің жазбаша өтініші;
бюджетке кеме билетінің телнұсқасын беру үшін алым сомасының төленгенін растайтын құжат.
Мемлекеттік қызметті алушы салыстыру үшін құжаттардың түпнұсқасын ұсынады.
12. Мемлекеттік қызметті алу өтініші ХҚО-ға еркін нысанда ұсынылады.
13. ХҚО-да құжаттар қабылдауды «кедергісіз қызмет көрсету» арқылы қызметкер жүзеге асырады.
14. Осы стандарттың 11-тармағында көзделген құжаттарды тапсырған кезде мемлекеттік қызметті алу үшін алушыға мыналар көрсетілген тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат береді:
1) сұрау салудың нөмірі және қабылданған күні;
2) сұрау салынған мемлекеттік қызмет түрі;
3) қоса берілген құжаттардың саны және атаулары;
4) құжаттарды беру күні (уақыты) және орны;
5) құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған ХҚКО-ның қызметкерінің тегі, аты және әкесінің аты.
15. Мемлекеттік қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру қолхат негізінде онда көрсетілген мерзімде жеке басын куәландыратын құжатты немесе сенімхатты ұсынуы бойынша жеке өзіне қол қойғызып, «кедергісіз қызмет көрсету» арқылы жүзеге асырылады.
16. Кеме куәлігін немесе кеме куәлігінің телнұсқасын беруден бас тартудың негізі мемлекеттік қызметті алушының мемлекеттік тіркеуге берген, осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың Қағида талаптарына сәйкес келмеуі болып табылады.
17. Уәкілетті орган мен ХҚО-ның мемлекеттік қызметті алушыларға қатысты қызметі сыпайылық, толық ақпарат ұсыну, оның сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарына және адамның конституциялық құқықтарының, қызметтік борышын атқару кезінде заңдылықтың, Мемлекеттік қызметшілердің ар-намыс кодексінің сақталуына негізделеді.
18. Мемлекеттік қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
19. Уәкілетті органның жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапасы мен тиімділігі көрсеткіштерінің нысаналы мәндері жыл сайын Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің бұйрығымен бекітіледі.
20. Уәкілетті органның лауазымды адамының немесе ХҚО қызметкерінің әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібін түсіндіру және шағымды дайындауда жәрдем көрсету үшін мемлекеттік қызметті алушы уәкілетті органның немесе ХҚО-ның басшылығына осы стандартқа 1 және 2-қосымшаларда көрсетілген мекенжайлар мен телефондар арқылы жүгінеді.
Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты «электрондық үкімет» call-орталығының ақпараттық - анықтама қызметінің 1414 телефоны арқылы алуға болады.
21. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда шағым қағаз тасығышта Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитеті төрағасының атына демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден сағат 14.30-ға дейін түскі асқа үзіліспен, жұмыс күндері сағат 9.00-ден сағат 17.00-ге дейін 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты мекенжайына беріледі, электрондық пошта мекенжайы: ktk@mtc.gov.kz.
22. ХҚО қызметкері дұрыс қызмет көрсетпеген жағдайда, осы стандартқа 2-қосымшада көрсетілген мекенжайлар мен телефондар арқылы ХҚО басшыларына немесе 010000, Астана қаласы, Республика даңғылы, 43 «А» үй, телефоны 8 (7172) 94-99-95, интернет-ресурстың: www.con.gov.kz мекенжайы бойынша шағым беріледі.
23. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметті алушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
24. Шағым еркін нысанда пошта арқылы қағаз тасығышта ұсынылады.
25. Мемлекеттік қызметті алушыға оның шағымының қабылдағанын растау үшін нөмірі, күні, шағымды қабылдаған адамның тегі, аты-жөні, байланыс деректері, сондай-ақ жауап алатын мерзімі және орны, шағымды қарау барысы туралы сұрап білуге болатын лауазымды адамның байланыс деректері көрсетілген талон беріледі.
26. Мемлекеттік қызмет туралы қосымша ақпаратты «электрондық үкімет» call-орталығының ақпараттық - анықтама қызметінің 1414 телефоны арқылы алуға болады.
мемлекеттік тіркеу»
мемлекеттік қызмет стандартына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің
Көліктік бақылау комитеті аумақтық органдарының тізбесi
мемлекеттік тіркеу»
мемлекеттік қызмет стандартына
2-қосымша
Халыққа қызмет көрсету орталықтарының тізімі