Осы редакция 2013 жылғы 21 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2011.04.03. № 231 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.05.09. № 1153 Қаулысымен (бұр.ред.қара) мемлекеттік қызмет стандарты жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2009 жылғы 29 қазандағы
№ 1710 қаулысымен
бекітілген
«Темір жол жылжымалы құрамының кепілін тіркеу»
мемлекеттік қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Темір жол жылжымалы құрамының кепілін тіркеу» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтардың қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - ХҚО) арқылы Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі - уәкілетті орган) осы стандартқа 1 және 2-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетеді.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексінің 308-бабына, «Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 30 маусымдағы Заңына, «Темір жол жылжымалы құрамын тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 17 қарашадағы № 1351 қаулысына сәйкес көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат:
1) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында www.mtс.gov.kz («Көліктік бақылау комитеті» бөлімінің «Мемлекеттік қызметтер» кіші бөлімінде);
2) ХҚО интернет-ресурсында: www.con.gov.kz;
3) ХҚО ғимараттарында орнатылған стенділерде;
4) «электрондық үкімет» 1414 call-орталығында орналастырылған.
5. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесі Темір жол жылжымалы құрамының кепілін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (бұдан әрі - куәлік), Темір жол жылжымалы құрамының кепілін мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің телнұсқасы немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты беру болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына олардың тіркелу орны бойынша берілген сенімгерлік басқармасы негізінде Қазақстан Республикасында тіркелген жеке және заңды тұлғаларға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағындағы шетелдік заңды тұлғаларға, шетел азаматтарына, азаматтығы жоқ адамдарға, және халықаралық ұйымдарға (бұдан әрі - мемлекеттік қызметті алушылар) көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
9) ХҚО аудандық бөліміне өтініш берген кезде куәлік екі жұмыс күн мерзімінде беріледі (2 күн уәкілетті органға және 2 күн орындалған құжаттарды ХҚО жеткізу мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді);
10) ХҚО облыстық филиалына өтініш берген кезде куәлік екі жұмыс күн мерзімінде беріледі (құжаттарды қабылдау күні мен беру күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді);
11) мемлекеттік қызметті алушының өтініш берген күні мемлекеттік қызмет көрсетілетін орында мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің ең ұзақ рұқсат етілетін уақыты 20 минуттан аспайды;
12) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу үшін кезекте тұрудың ең ұзақ рұқсат етілетін уақыты 20 минуттан аспайды;
8. Мемлекеттік қызмет ақылы негізде көрсетіледі.
Тіркеу алымы жергілікті бюджетке «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексінде (Салық кодексі) белгіленген ставкалар және тәртібі бойынша төленеді және мыналарды қамтиды:
жеке тұлғалардан - алымды төлеу күніне қолданыстағы бір айлық есептегіш көрсеткіш;
заңды тұлғалардан - алымды төлеу күніне қолданыстағы бес айлық есептегіш көрсеткіш.
Кепілдің мемлекеттік тіркеуін растайтын құжаттың телнұсқасын беруге 0,5 айлық есептегіш көрсеткіш.
9. ХҚО мемлекеттік қызмет демалыс және мерекелік күндерді қоспағанда, үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес күн сайын дүйсенбіден бастап, сенбіні қоса алғанда, көрсетіледі.
Қабылдау «электрондық» кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
10. Мемлекеттік қызмет дене мүмкіндіктері шектеулі мемлекеттік қызметті алушыларға қызмет көрсетуге жағдай көзделген мемлекеттік қызметті алушыларның тұрғылықты орны бойынша ХҚО ғимаратында көрсетіледі. Залда анықтама бюросы, күтіп отыратын креслолар, толтырылған бланк үлгілері бар ақпараттық стенділер орналасқан.
Жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызметті көрсету сапасын талдау жүргізу мақсатында, жұмысты одан әрі жетілдіру үшін қоғамдық пікірді зерттеу ХҚО жеке және заңды тұлғалардың шағым және ұсыныстары үшін кітабы толтырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібi
11. Құжаттардың тізбесі:
1) мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушы немесе сенімхат бойынша оның уәкілетті өкілі:
осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес белгіленген үлгідегі өтініштің толтырылған бланкісі;
өтініш беруші өзінің немесе оның уәкілетті өкілінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және өкілеттігін растайтын құжат;
тіркеу алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат;
кепіл туралы шарт немесе кепіл талаптары бар өзге шарт.
2) Темір жол жылжымалы құрамының кепілін мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің телнұсқасын алу үшін:
еркінше түрде өтініштің толтырылған бланкісі.
12. Белгіленген үлгідегі өтініштің бланкісі ХҚО күту залындағы арнайы тағанда немесе ХҚО қызметкерінде, сондай-ақ ХҚО www.con.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылады.
13. ХҚО құжаттарды қабылдау ХҚО қызметкерінің лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты, сондай-ақ атқарылатын қызметі және тағайындалуы туралы ақпарат орналастырылған операциялық залда «кедергісіз қызмет көрсету» арқылы жүзеге асырылады.
14. Мемлекеттік қызмет алу үшін осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде мемлекеттік қызметті алушыға:
1) сұрау салудың нөмірі және қабылдау күні;
2) сұрау салынған мемлекеттік қызметтің түрі;
3) қоса берілген құжаттардың саны мен атаулары;
4) құжаттардың берілген күні (уақыт) мен орны;
5) құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған ХҚО қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты;
6) мемлекеттік қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты, уәкілетті өкілдің тегі, аты, әкесінің аты және олармен байланыс телефондарын көрсетумен, тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беріледі.
15. ХҚО-да мемлекеттік қызметінің нәтижесін мемлекеттік қызметті алушыға беру ХҚО қызметкерімен «кедергісіз қызмет көрсету» арқылы күн сайын, қолхат негізінде, көрсетілген мерзімде, жеке басымен келгенде қол қойып және жеке басын куәландыратын немесе өкілеттігін растайтын құжаттарды ұсынған кезде жүзеге асырады.
16. Мемлекеттік қызметті алушы осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуін бермеген жағдайда ХҚО құжаттарды қабылдаудан бас тартады.
Уәкілетті орган мыналардың негізінде:
1) кепіл туралы шарт немесе кепіл шарттарын қамтитын өзге шарт Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 307-бабының талаптарына сәйкес келмесе;
2) кепіл шартын тіркеу туралы өтініш осы стандарттың 11-тармағына сәйкес келмесе;
3) кепіл шартын тіркеу туралы тиісті емес тұлға өтініш жасаса;
4) бюджетке тіркеу алым төленгенін растайтын құжаттың болмауы негізінде мемлекеттік қызмет ұсынудан бас тартады.
17. Уәкілетті орган мен ХҚО-ның мемлекеттік қызметті алушыларға қатысты қызметі сыпайылық, толық ақпарат ұсыну, оның сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарына және адамның конституциялық құқықтарының, қызметтік борышын атқару кезінде заңдылықтың, Мемлекеттік қызметшілердің ар-намыс кодексінің сақталуына негізделеді.
18. Мемлекеттік қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету жұмыс нәтижелері осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
19. Уәкілетті органның жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапасы мен тиімділігі көрсеткіштерінің нысаналы мәндері жыл сайын Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің бұйрығымен бекітіледі.
20. Уәкілетті органның лауазымды адамының немесе ХҚО қызметкерінің әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібін түсіндіру және шағымды дайындауда жәрдем көрсету үшін мемлекеттік қызметті алушы уәкілетті органның немесе ХҚО-ның басшылығына осы стандартқа 1 және 2-қосымшаларда көрсетілген мекенжайлар мен телефондар арқылы жүгінеді.
Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты «электрондық үкімет» call-орталығының ақпараттық - анықтама қызметінің 1414 телефоны арқылы алуға болады.
21. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда шағым қағаз тасығышта Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитеті төрағасының атына демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден сағат 14.30-ға дейін түскі асқа үзіліспен, жұмыс күндері сағат 9.00-ден сағат 17.00-ге дейін 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты мекенжайына беріледі, электрондық пошта мекенжайы: ktk@mtc.gov.kz.
22. ХҚО қызметкері дұрыс қызмет көрсетпеген жағдайда, осы стандартқа 2-қосымшада көрсетілген мекенжайлар мен телефондар арқылы ХҚО басшыларына немесе 010000, Астана қаласы, Республика даңғылы, 43 «А» үй, телефоны 8 (7172) 94-99-95, интернет-ресурстың: www.con.gov.kz мекенжайы бойынша шағым беріледі.
23. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметті алушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
24. Шағым еркін нысанда пошта арқылы қағаз тасығышта ұсынылады.
25. Мемлекеттік қызметті алушыға оның шағымының қабылдағанын растау үшін нөмірі, күні, шағымды қабылдаған адамның тегі, аты-жөні, байланыс деректері, сондай-ақ жауап алатын мерзімі және орны, шағымды қарау барысы туралы сұрап білуге болатын лауазымды адамның байланыс деректері көрсетілген талон беріледі.
26. Мемлекеттік қызмет туралы қосымша ақпаратты «электрондық үкімет» call-орталығының ақпараттық - анықтама қызметінің 1414 телефоны арқылы алуға болады.
«Темір жол жылжымалы құрамының
кепілін тіркеу»
мемлекеттік қызмет стандартына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің
Көліктік бақылау комитеті аумақтық органдарының тізбесi