Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің әскери қызметшілерін әскери оқу орындарында оқытуға жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке қайтару қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2013 жылғы 20 мамырдағы № 339 бұйрығы
ҚР Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 10 наурыздағы № 200 бұйрығымен күші жойылды
«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабына сәйкес бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің әскери қызметшілерін әскери оқу орындарында оқытуға жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке қайтару қағидасы бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлер комитеті осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және мерзімдік басылымдарда жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлер бас қолбасшысына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.