Бассейндер және облыстар (республикалық маңызы бар қала, астана) деңгейінде 2013 жылға арналған су пайдалану лимиттерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2013 жылғы 9 сәуірдегі № 65-ө бұйрығы
«Бассейндер және облыстар (республикалық маңызы бар қала, астана) деңгейiнде 2015 жылға арналған су пайдалану лимиттерiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2015 жылғы 29 мамырдағы № 19-1/492 бұйрығын қараңыз
Қазақстан Республикасы Су кодексінің 37-бабы 1-тармағының 7) тармақшасына және 82-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Бассейндер және облыстар (республикалық маңызы бар қала, астана) деңгейінде 2013 жылға арналған су пайдалану лимиттері бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Су ресурстары комитеті:
1) көрсетілген лимиттерді облыстар әкімдіктеріне (республикалық маңызы бар қалаға, астанаға), су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекцияларға жеткізсін және оларды сақтау жөніндегі бақылауды қамтамасыз етсін;
2) су объектілерінің экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық жай-күйі және су шаруашылығының жағдайы өзгерген жағдайда лимиттерді қайта қарау жөнінде ұсыныс енгізсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау вице-министрі Е.Н. Нысанбаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.