(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2009.29.10 № 1710 ҚАУЛЫСЫМЕН БЕКІТІЛГЕН

ҚР Үкіметінің 2011.04.03. № 231 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.05.09. № 1153 Қаулысымен (бұр.ред.қара) мемлекеттік қызмет стандарты жаңа редакцияда

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің 2009 жылғы 29 қазандағы

 № 1710 қаулысымен бекітілген

 

Осы редакция 2013 жылғы 26 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Жалға алынған ішкі суда жүзетін кемелерді және «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді
жалға алынған шетел кемелерінің тізілімінде кемелерді мемлекеттік тіркеу»
мемлекеттік қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

 

1. «Жалға алынған ішкі суда жүзетін кемелерді және «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді жалға алынған шетел кемелерінің тізілімінде кемелерді мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі - уәкілетті орган) Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - ХҚО) арқылы осы стандартқа 1 және 2-қосымшаларда көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетеді.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет «Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңының 26-бабына, «Кемелерді, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы» (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 қыркүйектегі № 1058 қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат:

1) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында www.mtс.gov.kz  («Көліктік бақылау комитеті» бөлімінің «Мемлекеттік қызметтер» кіші бөлімінде);

2) ХҚО интернет-ресурсында: www.con.gov.kz;

3) ХҚО ғимараттарында орнатылған стенділерде;

4) «электрондық үкімет» 1414 call-орталығында орналастырылған.

5. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесі шетел кемесіне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығын уақытша беру туралы куәлік (бұдан әрі - куәлік) беру немесе қағаз тасығышта мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты беру болып табылады.

6. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасында тіркелген жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - тұтынушылар) көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

1)  ХҚО-ның аудандық бөліміне жүгінген кезде куәлік беру: 10 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады (құжаттарды уәкілетті органға жеткізудегі 2 күн және ХҚО-ға орындалған құжаттарды жеткізудегі 2 күн мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді);

2) ХҚО облыстық бөліміне  жүгінген кезде куәлік беру: 10 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады (құжаттарды қабылдау күні мен беру күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді);

3) осы Стандартқа 11-тармақта көрсетілген қажетті құжаттарды тапсырған кезде кезекте күтудің рұқсат етілген ең көп уақыты: 20 минуттан аспайды;

4) Куәлік алу кезінде алу кезінде кезекте күтудің рұқсат етілген ең көп уақыты 20 минуттан аспайды.

8. Ішкі суда жүзетін және «өзен-теңіз» суларында жүзетін жалға алынған кемелерді мемлекеттік тіркеудің алымы тіркеуді жүзеге асырған орын бойынша жергілікті бюджетке төленеді, ставка алымы «Салық және бюджетке төленетін  басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы кодексінде (Салық кодексі) белгіленген және алымды төлеу күні қолданыстағы он бес еселік айлық есептік көрсеткіш құрайды.

9. ХҚО-да мемлекеттік қызмет орталықтың белгіленген жұмыс кестесі бойынша түскі асқа үзіліссіз сағат 09.00 бастап 20.00 сағатқа дейін, демалыс және мейрам күндерін қоспағанда, күн сайын дүйсенбіден бастап сенбі аралығында көрсетіледі.

Қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз «электронды» кезек тәртібімен жүзеге асырылады.

10. Мемлекеттік қызмет мемлекеттік қызметті алушының тұрғылықты жері бойынша ХҚО-ның дене мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін пандуспен жабдықталған күту залы және толтыру үшін құжаттар үлгісінің стенді бар ғимараттарында көрсетіледі. Залда анықтама бюросы, күту орындары, толтырылған бланкілердің үлгілері бар ақпараттық стенділер орналастырылады.

Жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсету сапасы бойынша талдау жүргізу, жұмысты одан әрі жетілдіру үшін қоғамдық пікірді зерделеу мақсатында ХҚО-да жеке және заңды тұлғалар үшін шағымдар мен ұсынымдар кітабы жүргізіледі.

 

 

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібi

 

11. Куәлікті алу үшін мемлекеттік қызметті алушы мынадай құжаттарды ұсынады:

1) осы стандарттың 3-қосымшасына сәйкес белгіленген нысандағы кеме тізілімінің сауалнамасы бар, кемені мемлекеттік тіркеу туралы өтініш;

2) кемеге меншік құқығын растайтын құжаттың көшірмесі;

3) кеменің жүзуге жарамдылығы туралы куәлігінің көшірмесі;

4) өлшеу куәлігінің көшірмесі («өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелер үшін);

5) сыныптау куәлігінің көшірмесі;

6) жолаушылар куәлігінің көшірмесі (жолаушылар кемесі үшін);

7) бюджетке тіркеу алымы сомасы төленгенін растайтын құжат;

8) жалға алу шартының көшірмесі (салыстыру үшін түпнұсқасын ұсынбаған жағдайда нотариалдық куәландырылған);

9) кеме иесінің және кеменің тіркелген ипотекасын немесе сондай сипаттағы тіркелген ауыртпалығын кепілге ұстаушының кемені Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзуге ауыстыруға жазбаша рұқсатының көшірмесі;

10) кемені қазақстандық жалға алушының аты мен мекенжайын немесе туған жерінің атауын растайтын құжаттың көшірмесі;

11) шетел кемесіне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығын уақытша тоқтата тұру туралы және осы кеменің атауын белгілеу туралы Қазақстан Республикасы Көлік және коммуниация министрлігі шешімінің көшірмесі;

12) кеме туын ауыстырғанға дейін тікелей тіркелген шет мемлекеттің құзыретті билік орындары берген және осындай мемлекеттің туын көтеріп жүзу құқығы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығын беру мерзіміне тоқтатыла тұрғандығын растайтын құжаттың көшірмесі.

Мемлекеттік қызметті алушы салыстыру үшін құжаттардың түпнұсқасы ұсынады.

12. Белгіленген нысандағы өтініш бланкілері күту залының арнайы бағандарында, не ХҚО-ның қызметкерінде, сондай-ақ ХҚО-ның: www.con.gov.kz  және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің: www.mtc.gov.kz  интернет-ресурстарында орналастырылады.

13. ХҚО-ға құжаттарды қабылдауды қызметкерлер «кедергісіз қызмет көрсету» арқылы жүзеге асырады.

14. Осы стандарттың 11-тармағында көзделген құжаттарды тапсырған кезде мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушыға мыналарды көрсете отырып, тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі:

1) сұрау салудың нөмірі және қабылданған күні;

2) сұрау салынған мемлекеттік қызмет түрі;

3) қоса берілген құжаттардың саны және атаулары;

4) құжаттарды беру күні (уақыты) және орны;

5) құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған ХҚО-ның қызметкерінің тегі, аты және әкесінің аты.

15. Мемлекеттік қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін беру ХҚО қызметкері «кедергісіз қызмет көрсету» арқылы күн сайын қолхат негізінде, онда көрсетілген мерзімде, жеке келуі кезінде қол қойғызып және жеке басын куәландыратын құжатты немесе сенімхатты ұсыну бойынша жүзеге асырады.

16. Куәлікті беруден бас тартудың негізі мемлекеттік қызметті алушының мемлекеттік тіркеуге берген құжаттарының осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарға сәйкес келмеуі болып табылады.

 

 

3. Жұмыс қағидаттары

 

17. Уәкілетті орган мен ХҚО-ның мемлекеттік қызметті алушыларға қатысты қызметі сыпайылық, толық ақпарат ұсыну, оның сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарына және адамның конституциялық құқықтарының, қызметтік борышын атқару кезінде заңдылықтың, Мемлекеттік қызметшілердің ар-намыс кодексінің сақталуына негізделеді.

 

 

4. Жұмыс нәтижелерi

 

18. Мемлекеттік қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету жұмыс нәтижелері осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

19. Уәкілетті органның жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапасы мен тиімділігі көрсеткіштерінің нысаналы мәндері жыл сайын Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің бұйрығымен бекітіледі.

 

 

5. Шағымдану тәртібi

 

20. Уәкілетті органның лауазымды адамының немесе ХҚО қызметкерінің әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібін түсіндіру және шағымды дайындауда жәрдем көрсету үшін мемлекеттік қызметті алушы уәкілетті органның немесе ХҚО-ның басшылығына осы стандартқа 1 және 2-қосымшаларда көрсетілген мекенжайлар мен телефондар арқылы жүгінеді.

Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты «электрондық үкімет» call-орталығының ақпараттық - анықтама қызметінің 1414 телефоны арқылы алуға болады.

21. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда шағым қағаз тасығышта Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитеті төрағасының атына демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден сағат 14.30-ға дейін түскі асқа үзіліспен, жұмыс күндері сағат 9.00-ден сағат 17.00-ге дейін 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты мекенжайына беріледі, электрондық пошта мекенжайы: ktk@mtc.gov.kz.

22. ХҚО қызметкері дұрыс қызмет көрсетпеген жағдайда, осы стандартқа 2-қосымшада көрсетілген мекенжайлар мен телефондар арқылы ХҚО басшыларына немесе 010000, Астана қаласы, Республика даңғылы, 43 «А» үй, телефоны 8 (7172) 94-99-95, интернет-ресурстың: www.con.gov.kz  мекенжайы бойынша шағым беріледі.

23. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметті алушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

24. Шағым еркін нысанда пошта арқылы қағаз тасығышта ұсынылады.

25. Мемлекеттік қызметті алушыға оның шағымының қабылдағанын растау үшін нөмірі, күні, шағымды қабылдаған адамның тегі, аты-жөні, байланыс деректері, сондай-ақ жауап алатын мерзімі және орны, шағымды қарау барысы туралы сұрап білуге болатын лауазымды адамның байланыс деректері көрсетілген талон беріледі.

26. Мемлекеттік қызмет туралы қосымша ақпаратты «электрондық үкімет» call-орталығының ақпараттық - анықтама қызметінің 1414 телефоны арқылы алуға болады.

 

«Жалға алынған ішкі суда жүзетін кемелерді

және «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді

жалға алынған шетел кемелерінің тізілімінде

кемелерді мемлекеттік тіркеу»

мемлекеттік қызмет стандартына

1-қосымша

 

 

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің
Көліктік бақылау комитеті аумақтық органдарының тізбесi

 

 

«Жалға алынған ішкі суда жүзетін кемелерді

және «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді

жалға алынған шетел кемелерінің тізілімінде

кемелерді мемлекеттік тіркеу»

мемлекеттік қызмет стандартына

2-қосымша

 

 

Халыққа қызмет көрсету орталықтарының тізімі