Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшiлерiнiң ар-намыс кодексі туралы
(2011.01.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2013 жылғы 1 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Мемлекеттік қызметшiлердiң моральдық-адамгершiлік бейнесiне және iскерлiк сапаларына талапты арттыру мақсатында қаулы етемiн:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшiлерiнiң ар-намыс кодексі (Мемлекеттік қызметшiлердiң қызмет этикасы ережелерi) бекітілсiн.
2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
1) «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшiлерiнiң қызмет этикасы ережелерiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 21 қаңтардағы № 328 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 2, 16-құжат);
2) «Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы № 328 Жарлығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінiң 2002 жылғы 7 мамырдағы № 866 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 14, 137-құжат).
3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.