Қазақстан Республикасының
Заңы
2014 - 2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы
(2014.07.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы Заңды іске асыру туралы ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 12 желтоқсандағы № 1329 Қаулысын қараңыз
2014.31.03. № 182-V ҚР Заңымен (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.07.11. № 247-V ҚР Заңымен (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-бап жаңа редакцияда
1-бап. 2014 - 2016 жылдарға арналған республикалық бюджет тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2014 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 6 034 033 073 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша - 3 813 306 986 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша - 119 352 289 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша - 7 752 678 мың теңге;
трансферттер түсімдері бойынша - 2 093 621 120 мың теңге;
2) шығындар - 6 574 979 147 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 46 577 958 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 118 743 399 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 72 165 441 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 495 325 022 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 496 575 022 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 1 250 000 мың теңге;
5) тапшылық - -1 082 849 054 мың теңге немесе елдің ішкі жалпы өнімінің 2,6 пайызы;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 1 082 849 054 мың теңге.
2014.31.03. № 182-V ҚР Заңымен 2-бап жаңа редакцияда (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2-бап. 2014 жылға арналған республикалық бюджетте Ресей Федерациясының «Байқоңыр» кешенін пайдаланғаны үшін 21 275 000 мың теңге сомасында және әскери полигондарды пайдаланғаны үшін 4 585 410 мың теңге сомасында жалдау ақыларының түсімдері көзделсін.
3-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жiберiлетiн 2014 жылға арналған бюджетке түсетiн түсiмдердiң көлемi 4-қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
4-бап. Тиiстi бюджеттiң кiрiсiне мыналар есептелетiн болып белгiленсiн:
1) бiрыңғай бюджеттiк сыныптаудың кiрiстер сыныптамасының «Пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық» коды бойынша - жер қойнауын пайдаланушылардың роялти бойынша берешегі, сондай-ақ салық режимі тұрақтылығының кепілдіктері сақталатын жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша роялти;
2) бiрыңғай бюджеттiк сыныптаудың кiрiстер сыныптамасының «Әлеуметтiк салық» коды бойынша - бұрын Зейнетақы қорына, Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталыққа, Мiндеттi медициналық сақтандыру қорына, Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына, Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қорына аударылып келген жарналар бойынша берешек, сондай-ақ автомобиль жолдарын пайдаланушылардың бұрын Жол қорына түсiп келген аударымдары.
Бұл ретте, салық режимі тұрақтылығының кепілдіктері сақталатын жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша қызметті жүзеге асыратын салық төлеушілер жоғарыда көрсетілген аударымдарды немесе әлеуметтік салықты «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес есептелген Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударымдардың сомасына азайтады;
3) «Өндiрушiлер көтерме саудада өткізетін, өзi өндiретiн бензин (авиациялық бензиндi қоспағанда)» коды бойынша - бұрын Жол қорына түсiпкелген бензиннен алынатын алым бойынша берешек;
4) «Өндiрушiлер көтерме саудада өткізетін, өзi өндiретiн дизель отыны» коды бойынша - бұрын Жол қорына түсiп келген дизель отынынан алынатын алым бойынша берешек.
5-бап. Жұмыс берушiлер еңбекке уақытша жарамсыздығы, жүктiлiгi мен босануы бойынша, балатуған кезде, жерлеуге есептеген, Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан төленiп келген жәрдемақы сомаларының аталған қорға аударымдардың есептелген сомасынан асып түсуі нәтижесiнде 1998 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша құралған терiс сальдо ай сайын жалақы қорының 4 пайызы шегiнде әлеуметтiк салық төлеу есебiне жатқызылады.
6-бап. 2014 жылға арналған республикалық бюджетте облыстық бюджеттерден, Алматы қаласының бюджетінен республикалық бюджетке бюджеттiк алып қоюлардың көлемi 132 020 646 мың теңге сомасында көзделсiн, оның iшiнде:
Атырау облысынан - 51 211 260 мың теңге;
Маңғыстау облысынан - 10 079 859 мың теңге;
Алматы қаласынан - 70 729 527 мың теңге.
7-бап. 2014 жылға арналған республикалық бюджетте Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарының облыстық бюджеттерінен орта білім беруде жан басына шаққандағы қаржыландыруды енгізу бойынша сынамалауды өткізу үшін мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес орта білім беру ұйымдарында білім беру процесін жүзеге асыруға көзделген шығыстарды беруге байланысты 6 600 474 мың теңге сомасында трансферттер түсiмдері көзделсін.
2014.31.03. № 182-V ҚР Заңымен 8-бап жаңа редакцияда (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8-бап. 2014 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферттің мөлшері 1 480 000 000 мың теңге сомасында көзделсін.
2014.07.11. № 247-V ҚР Заңымен 9-бап жаңа редакцияда (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9-бап. 2014 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығында айқындалған мақсаттарға 475 000 000 мың теңге сомасында нысаналы трансферт көзделсін.
2014.31.03. № 182-V ҚР Заңымен 10-бап жаңа редакцияда (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10-бап. 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап:
1) жалақының ең төменгі мөлшері - 19 966 теңге;
2) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері - 9 983 теңге;
3) зейнетақының ең төменгі мөлшері - 20 782 теңге;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін, сондай-ақ айыппұл санкцияларын, салықтар мен басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш - 1 852 теңге;
5) базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы 19 966 теңге болып белгіленсін.
1) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері - 10 450 теңге;
2) зейнетақының ең төменгі мөлшері - 21 736 теңге болып белгіленсін.
2014.07.11. № 247-V ҚР Заңымен 11-бап жаңа редакцияда (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
11-бап. Зейнетақы төлемдерін алушыларға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары мен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы жөніндегі мемлекеттің кепілдіктерін алушының зейнетақы төлемдеріне құқықты иемденуі кезіндегі инфляцияның деңгейін ескере отырып орындау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 027 «Азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қамсыздандыру» республикалық бюджеттік бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
2014.31.03. № 182-V ҚР Заңымен 11-1-баппен толықтырылды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2014.07.11. № 247-V ҚР Заңымен 11-1-бап жаңа редакцияда (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
11-1-бап. 2014 жылғы 1 сәуірден бастап зейнетақы төлемдерін арттыру Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 027 «Азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қамсыздандыру» республикалық бюджеттік бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
2014.07.11. № 247-V ҚР Заңымен 12-бап жаңа редакцияда (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
12-бап. 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап әскери қызметшілерге (мерзiмдi қызметтегі әскери қызметшілерден басқа), арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлеріне тұрғынжайды күтіп-ұстауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге ақшалай өтемақының айлық мөлшерi 3 739 теңге сомасында белгiленсiн.
2014.31.03. № 182-V ҚР Заңымен 12-1-баппен толықтырылды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
12-1-бап. 2014 жылғы 1 сәуірден бастап, мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын жұмыскерлерінің, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік кәсіпорындардың жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақысына ерекше еңбек жағдайлары үшін 10 пайыз мөлшерінде ай сайынғы үстемақы белгіленсін.
13-бап. 2014 жылға арналған республикалық бюджетте республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге, Астана қаласының бюджетіне берiлетiн субвенциялар көлемi 978 095 805 мың теңге сомасында көзделсiн, оның iшiнде:
Ақмола облысына - 64 076 449 мың теңге;
Ақтөбе облысына - 29 375 815 мың теңге;
Алматы облысына - 121 290 353 мың теңге;
Шығыс Қазақстан облысына - 93 509 287 мың теңге;
Жамбыл облысына - 95 698 341 мың теңге;
Батыс Қазақстан облысына - 36 321 405 мың еңге;
Қарағанды облысына - 50 464 021 мың теңге;
Қостанай облысына - 63 071 219 мың теңге;
Қызылорда облысына - 83 978 668 мың теңге;
Павлодар облысына - 21 509 170 мың теңге;
Солтүстiк Қазақстан облысына - 59 913 017 мың теңге;
Оңтүстiк Қазақстан облысына - 254 747 394 мың теңге;
Астана қаласына - 4 140 666 мың теңге.
2014.31.03. № 182-V ҚР Заңымен 14-бап жаңа редакцияда (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
14-бап. Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне:
1) жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етуге;
2) Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013-2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы шеңберінде өңірлерде агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қолдауға;
3) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төлеуге;
4) 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақылар төлеуге;
5) халықты әлеуметтік қорғауға және оған көмек көрсетуге;
6) «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде өңірлерде жеке кәсіпкерлікті қолдауға;
7) ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың аса маңызды топтық және оқшау жүйелерінен ауызсу беру жөнінде көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялауға;
8) мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қоюға;
9) көліктік инфрақұрылымның басым жобаларын қаржыландыруға;
10) 2014 жылғы 1 сәуірден бастап, мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын жұмыскерлерінің, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік кәсіпорындардың жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақысына ерекше еңбек жағдайлары үшін 10 пайыз мөлшерінде ай сайынғы үстемеақы төлеуге;
11) мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыруға;
12) Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға;
13) техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының оқу- өндірістік шеберханаларын, зертханаларын жаңартуға және қайта жабдықтауға;
14) үш деңгейлі жүйе бойынша біліктілікті арттырудан өткен мұғалімдерге төленетін еңбекақыны арттыруға;
15) техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын ұлғайтуға;
16) бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беруді жан басына шаққандағы қаржыландыруды сынамалауға;
17) техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушылардың стипендияларының мөлшерін ұлғайтуға;
18) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз етуге және кеңейтуге;
19) жергілікті деңгейде медициналық денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға;
20) жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушылардың стипендияларының мөлшерін ұлғайтуға;
21) жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдауға 2014 жылға арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді бөлу және (немесе) оларды пайдалану тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізіңде айқындалады.
2014.31.03. № 182-V ҚР Заңымен 15-бап жаңа редакцияда (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
15-бап. Мынадай:
1) ауыл шаруашылығын қолдауға берілетін кредиттер (лизинг) бойынша сыйақы мөлшерлемесін өтеу;
2) қаржылық сауықтыру үшін агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің кредиттік және лизингтік міндеттемелері бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау;
3) кәсіптік стандарттарды әзірлеу;
4) «Қарағандышахтатарату» республикалық мемлекеттік мамандандырылған кәсіпорнына берілген, таратылған шахталардың жұмыскерлеріне келтірілген залалды өтеу бағыттары бойынша іске асырылатын қаражатты бөлу және (немесе) оны пайдалану тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады.
1) облыстық бюджеттерді, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерін тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі арқылы тұрғын үй жобалауға, салуға және (немесе) сатып алуға кредиттеу;
2) инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалау, дамыту, жайластыру және (немесе) сатып алу;
3) коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін жобалау, салу және (немесе) сатып алу бағыттары бойынша іске асырылатын «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасы шеңберінде қаражатты бөлу және (немесе) оны пайдалану тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады.
1) кәсіпкерлікке микрокредит беру үшін облыстық бюджеттерді кредиттеу;
2) жобаларды іске асыру үшін банктердің кредиттері бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау;
3) жаңа өндірістерді дамытуға гранттар беру;
4) ағымдағы жайластыру бағыттары бойынша іске асырылатын Моноқалаларды дамытудың 2012 - 2020 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде қаражатты бөлу және (немесе) оны пайдалану тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады.
18-бап. Жұмыспен қамту-2020 жол картасын іске асыруға арналған қаражатты бөлу және (немесе) оны пайдалану тәртiбi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi негiзiнде айқындалады.
19-бап. Азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелері бойынша сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылды іске асыруға 2014 жылға арналған қаражатты бөлу Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi негiзiнде айқындалады.
20-бап. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін базалық қаржыландыру бойынша қаражатты бөлу Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады.
2014.31.03. № 182-V ҚР Заңымен (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.07.11. № 247-V ҚР Заңымен (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 21-бап жаңа редакцияда
21-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылға арналған резерві 61 161 449 мың теңге сомасында бекітілсін.
2014.07.11. № 247-V ҚР Заңымен 22-бап жаңа редакцияда (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
22-бап. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлiгi шығындарының құрамында мемлекеттiк материалдық резервті қалыптастыруға және сақтауға республикалық бюджет кірістерінде жаңарту тәртібінде шығарылған материалдық құндылықтарды өткізуден түскен 2 054 370 мың теңге сомасындағы қаражатты көрсете отырып, 11 638 230 мың теңге сомасында қаражат көзделгені ескерілсін.
23-бап. 2014 жылға арналған республикалық бюджетте Республикалық бюджеттік комиссияның оң ұсынысы болған күннен бастап алты ай ішінде бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жетіспейтін құжаттаманы табыс етуі туралы кейінге қалдыру шартымен бюджеттік инвестицияларды іске асыру көзделсін, ол аталған шарт сақталмаған кезде түзетілуге жатады.
2014.07.11. № 247-V ҚР Заңымен 24-бап жаңа редакцияда (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
24-бап. 2014 жылға арналған республикалық бюджетте мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды өтеу және оларға қызмет көрсету үшiн 317 841 мың теңге көзделсiн.
25-бап. 2014 жылы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiктерiн беру лимитi 60 000 000 мың теңге мөлшерiнде белгiленсiн.
2014.31.03. № 182-V ҚР Заңымен 26-бап жаңа редакцияда (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
26-бап. 2014 жылғы 31 желтоқсанға үкіметтік борыш лимиті 5 673 012 237 мың теңге мөлшерінде белгіленсін.
27-бап. 2014 жылы мемлекеттiң кепiлгерлiктер беру лимитi 116 780 000 мың теңге мөлшерiнде белгiленсiн.
2014.31.03. № 182-V ҚР Заңымен 28-бап жаңа редакцияда (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
28-бап. 2014 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің концессиялық міндеттемелерінің лимиті 279 800 000 мың теңге мөлшерінде белгіленсін.
29-бап. 2014 жылға арналған республикалық бюджеттi атқару процесiнде секвестрлеуге жатпайтын республикалық бюджеттiк бағдарламалардың тiзбесi 5-қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
2014 жылға арналған жергiлiктi бюджеттердi атқару процесiнде 6-қосымшаға сәйкес жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар секвестрлеуге жатпайды деп белгiленсiн.
30-бап. Осы Заң 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2013 жылғы желтоқсанның 3-і.
№ 148-V
2014.31.03. № 182-V ҚР Заңымен (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.07.11. № 247-V ҚР Заңымен (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-қосымша жаңа редакцияда
«2014 - 2016 жылдарға арналған
республикалық бюджет туралы»
Қазақстан Республикасының
2013 жылғы 3 желтоқсандағы
№ 148-V ҚРЗ Заңына
1-ҚОСЫМША
2014 жылға арналған республикалық бюджет