Қазақстан Республикасының
Заңы
«2014 - 2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы»
Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу туралы
1-бап. «2014 - 2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2013 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 19, 111-құжат; 2014 ж., № 6, 30-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) 1, 9, 11, 11-1, 12, 21, 22 және 24-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«1-бап. 2014 - 2016 жылдарға арналған республикалық бюджет тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2014 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 6 034 033 073 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша - 3 813 306 986 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша - 119 352 289 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша - 7 752 678 мың теңге;
трансферттер түсімдері бойынша - 2 093 621 120 мың теңге;
2) шығындар - 6 574 979 147 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 46 577 958 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 118 743 399 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 72 165 441 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 495 325 022 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 496 575 022 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 1 250 000 мың теңге;
5) тапшылық - -1 082 849 054 мың теңге немесе елдің ішкі жалпы өнімінің 2,6 пайызы;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 1 082 849 054 мың теңге.»;
«9-бап. 2014 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығында айқындалған мақсаттарға 475 000 000 мың теңге сомасында нысаналы трансферт көзделсін.»;
«11-бап. Зейнетақы төлемдерін алушыларға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары мен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы жөніндегі мемлекеттің кепілдіктерін алушының зейнетақы төлемдеріне құқықты иемденуі кезіндегі инфляцияның деңгейін ескере отырып орындау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 027 «Азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қамсыздандыру» республикалық бюджеттік бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
11-1-бап. 2014 жылғы 1 сәуірден бастап зейнетақы төлемдерін арттыру Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 027 «Азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қамсыздандыру» республикалық бюджеттік бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
12-бап. 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап әскери қызметшілерге (мерзiмдi қызметтегі әскери қызметшілерден басқа), арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлеріне тұрғынжайды күтіп-ұстауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге ақшалай өтемақының айлық мөлшерi 3 739 теңге сомасында белгiленсiн.»;
«21-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылға арналған резерві 61 161 449 мың теңге сомасында бекітілсін.
22-бап. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлiгi шығындарының құрамында мемлекеттiк материалдық резервті қалыптастыруға және сақтауға республикалық бюджет кірістерінде жаңарту тәртібінде шығарылған материалдық құндылықтарды өткізуден түскен 2 054 370 мың теңге сомасындағы қаражатты көрсете отырып, 11 638 230 мың теңге сомасында қаражат көзделгені ескерілсін.»;
«24-бап. 2014 жылға арналған республикалық бюджетте мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды өтеу және оларға қызмет көрсету үшiн 317 841 мың теңге көзделсiн.»;
2) көрсетілген Заңға 1, 4 және 5-қосымшалар осы Заңға 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын.
2-бап. Осы Заң 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2014 жылғы қарашаның 7-і.
№ 247-V
республикалық бюджет туралы»
Қазақстан Республикасының Заңына
өзгерістер енгізу туралы»
2014 жылғы 7 қарашадағы
Қазақстан Республикасының
№ 247-V Заңына
1-қосымша
«2014-2016 жылдарға арналған
республикалық бюджет туралы»
2013 жылғы 3 желтоқсандағы
Қазақстан Республикасының
№ 148-V Заңына
1-қосымша
2014 жылға арналған республикалық бюджет