(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2011.19.02 № 160 ҚАУЛЫСЫ

Қазақстан Республикасында Білім және ғылым министрлігінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Қазақстан Республикасы үкіметінің 2011 жылғы 19 ақпандағы № 160 Қаулысы

(2013.22.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2013 жылғы 31 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды 

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 62-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары бекітілсін.

2. Осы қаулы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

Қазақстан Республикасының

 Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

 

ҚР Үкіметінің 2011.05.04. № 361 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.30.12. № 1724 Қаулысымен (бұр.ред.қара) стратегиялық жоспар өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2012.19.01 № 131 Қаулысымен стратегиялық жоспар жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2011 жылғы 19 ақпандағы

№ 160 қаулысына

қосымша

 

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған

стратегиялық жоспары

 

1-бөлім. Миссиясы мен пайымдауы

 

Миссиясы: бәсекеге қабілеттілікті және тұрақты әлеуметтік-экономикалық өсімді қамтамасыз ететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру.

Пайымдауы: жоғары білімді, бәсекеге қабілетті, интеллектуалды ұлт.

 

 

2-бөлім. Ағымдағы жағдайды талдау және тиісті қызмет салаларының (аяларының) даму үрдістері

 

1. 1-стратегиялық бағыт. Сапалы білімге қолжетімділікті қамтамасыз ету

1. Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту

Реттелетін саланы немесе қызмет аясын дамытудың негізгі параметрлері

2011 жылы республикада контингенті 538,5 мың баланы (2010 жылы - 446,4 мың) құрайтын 7 591 мектепке дейінгі ұйым (2010 жылы - 6 446 бірлік) жұмыс істейді.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.