Жеке кәсіпкерлік субъектілері жұмыскерлерінің жылдық орташа санын және жылдық орташа табысын есептеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 мамырдағы № 472 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1128 Қаулысымен 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап күші жойылды
«Жеке кәсіпкерлік туралы» 2006 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 14-бабының 23-2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Жеке кәсіпкерлік субъектілері жұмыскерлерінің жылдық орташа санын және жылдық орташа табысын есептеу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 11 мамырдағы
№ 472 қаулысымен
бекітілген
Жеке кәсіпкерлік субъектілері жұмыскерлерінің жылдық орташа
санын және жылдық орташа табысын есептеу
қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Жеке кәсіпкерлік субъектілері жұмыскерлерінің жылдық орташа санын және жылдық орташа табысын есептеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Жеке кәсіпкерлік туралы» 2006 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) 14-бабының 23-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және жеке кәсіпкерлік субъектілері жұмыскерлерінің жылдық орташа санын және жылдық орташа табысын есептеу тәртібін айқындайды.
2. Жеке кәсіпкерлік субъектілері жұмыскерлерінің жылдық орташа санын және жылдық орташа табысын есептеу үшін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің деректер базасында қамтылған ақпарат пайдаланылады.
3. Жылдық орташа сан және жылдық орташа табыс автоматты түрде Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімімен есептеледі.
2. Жеке кәсіпкерлік субъектілері жұмыскерлерінің жылдық орташа санын есептеу тәртібі
Для того, чтобы получить доступ к документу,
Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.