«Кәсіпкерлік субъектілері жұмыскерлерінің жылдық орташа санын және жылдық орташа табысын есептеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1128 Қаулысы (2022.01.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) (күші жойылды)

Кәсіпкерлік субъектілері жұмыскерлерінің жылдық орташа санын және жылдық орташа табысын есептеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1128 Қаулысы

(2022.01.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 17 шілдедегі № 603 Қаулысымен күші жойылды

 

2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 84-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЬІ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Кәсіпкерлік субъектілері жұмыскерлерінің жылдық орташа санын және жылдық орташа табысын есептеу қағидалары бекітілсін.

2. «Жеке кәсіпкерлік субъектілері жұмыскерлерінің жылдық орташа санын және жылдық орташа табысын есептеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 мамырдағы № 472 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж. № 33, 305-құжат) күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2015 жылғы 30 желтоқсандағы

№ 1128 қаулысымен

бекітілген



Кәсіпкерлік субъектілері жұмыскерлерінің жылдық орташа
санын және жылдық орташа табысын есептеу

қағидалары


1. Жалпы ережелер

 

ҚР Үкіметінің 2021.05.10. № 709 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Осы Кәсіпкерлік субъектілері жұмыскерлерінің жылдық орташа санын және жылдық орташа табысын есептеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 84-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және кәсіпкерлік субъектілері жұмыскерлерінің жылдық орташа санын және жылдық орташа табысын есептеу тәртібін айқындайды.

2. Кәсіпкерлік субъектілері жұмыскерлерінің жылдық орташа санын және жылдық орташа табысын есептеу үшін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің деректер базасында қамтылған ақпарат пайдаланылады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.