Музыка, театр және кинематография салалары бойынша репертуарлық саясатты үйлестіру жөніндегі алқа кеңесін құру туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2014 жылғы 3 ақпандағы № 27 бұйрығы
Қазақстан Республикасы «Мәдениет туралы» Заңының 7-бабы 27) тармақшасына сәйкес музыка, театр және кинематография салаларында репертуарлық саясатты үйлестіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Музыка, театр және кинематография салалары бойынша репертуарлық саясатты үйлестіру жөніндегі алқа кеңесі (бұдан әрі - Алқа кеңесі) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған:
1) Алқа кеңестің құрамы;
2) Алқа кеңесінің ережесі бекітілсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Мәдениет комитетінің төрағасы Т. Қышқашбаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр | М. Құл-Мұхаммед |
Мәдениет және ақпарат министрінің
2014 жылғы 3 ақпандағы
№ 27 бұйрығына 1-қосымша
Музыка, театр және кинематография салалары бойынша репертуарлық саясатты үйлестіру жөніндегі алқа кеңесінің
құрамы
Құл-Мұхаммед Мұхтар Абрарұлы
| - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрі, төраға |
Қышқашбаев Тлеуғали Әшірбекұлы
| - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы, төрағаның орынбасары |
Шанин Болат Қасымханұлы
| - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің кеңесшісі |
Аманшаев Ермек Әмірханұлы | - «Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ президенті, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан театр қайраткерлері одағының және Қазақстан жазушылар одағының мүшесі
|
Жаманқұлов Тұңғышбай Қадырұлы
| - Қазақстан Театр қайраткерлері одағының төрағасы, Қазақстанның халық артисі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты |