«Республикалық азаматтық қорғау қызметтері туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 18 маусымдағы № 303 бұйрығы (2025.05.09. берілген өзгерістермен)

Республикалық азаматтық қорғау қызметтері туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 18 маусымдағы № 303 бұйрығы

(2025.05.09. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 2025.19.08. № 337 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2025 ж. 5 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 12-бабы 1-тармағының 34) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Республикалық азаматтық қорғау қызметтері туралы ереже бекітілсін.

1. Республикалық азаматтық қорғау қызметтері тиісті ережені бекітсін.

2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Азаматтық қорғаныс департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми түрде жариялануын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі В.В. Петровка жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Төтенше жағдайлар министрінің

2014 жылғы 18 маусымдағы

№ 303 бұйрығымен бекітілді

 

 

Республикалық азаматтық қорғау қызметтері туралы

ереже

 

ҚР Ішкі істер министрінің 2019.13.12. № 1064 бұйрығымен 1-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1-бөлім. Жалпы ережелер

 

ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 2025.19.08. № 337 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 5 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Республикалық азаматтық қорғау қызметтері туралы ереже «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 12-бабы 1-тармағының 34) тармақшасына сәйкес әзірленген және Республикалық азаматтық қорғау қызметтерінің (бұдан әрі - Қызметтер) негізгі міндеттері мен өкілеттерін белгілейді.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.