Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту жөніндегі шаралар туралы
(2014.12.02. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2014 жылғы 11 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 сәуірдегі № 314 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 25 сәуірдегі № 331 Қаулысын қара
Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 20) тармақшасына сәйкес ел экономикасының бәсекеге кабілетілігі мен тиімділігін арттыру мақсатында қаулы етемін:
1. Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия (бұдан әрі — Мемлекеттік комиссия) құрылсын.
ҚР Президентінің 2011.22.12. № 204 Жарлығымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Қоса беріліп отырған:
1) Мемлекеттік комиссия туралы ереже;
2) Мемлекеттік комиссияның дербес құрамы бекітілсін.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі 2007 жылғы 4-тоқсанда «Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы» мемлекеттік бағдарламасының жобасын әзірлесін және Қазакстан Республикасы Президентінің бекітуіне енгізсін.
4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.