Қазақстан Республикасының
Заңы
2015 - 2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы
(2017.11.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы Заңды іске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 1300 Қаулысын қараңыз
2015.11.03. № 290-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.30.11. № 425-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-бап жаңа редакцияда
1-бап. 2015 - 2017 жылдарға арналған республикалық бюджет тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2015 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 5 806 766 099 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша - 3 012 966 049 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша - 151 440 677 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша - 9 758 247 мың теңге;
трансферттер түсімдері бойынша - 2 632 601 126 мың теңге;
2) шығындар - 6 805 804 245 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 77 386 247 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 190 765 812 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 113 379 565 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 181 292 385 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 182 652 385 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 1 360 000 мың теңге;
5) тапшылық - -1 257 716 778 мың теңге немесе елдің ішкі жалпы өнімінің 3 пайызы;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 1 257 716 778 мың теңге.
2015.30.11. № 425-V ҚР Заңымен 2-бап жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2-бап. 2015 жылға арналған республикалық бюджетте Ресей Федерациясының «Байқоңыр» кешенiн пайдаланғаны үшін 26 568 354 мың теңге сомасында және әскери полигондарды пайдаланғаны үшін 5 136 648 мың теңге сомасында жалдау ақыларының түсiмдері көзделсiн.
3-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жiберiлетiн 2015 жылға арналған бюджетке түсетiн түсiмдердiң көлемi 4-қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
4-бап. Тиiстi бюджеттiң кiрiсiне мыналар есептелетiн болып белгiленсiн:
1) бiрыңғай бюджеттiк сыныптаудың кiрiстер сыныптамасының «Пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық» коды бойынша - жер қойнауын пайдаланушылардың роялти бойынша берешегі, сондай-ақ салық режимі тұрақтылығының кепілдіктері сақталатын жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша роялти;
2) бiрыңғай бюджеттiк сыныптаудың кiрiстер сыныптамасының «Әлеуметтiк салық» коды бойынша - бұрын Зейнетақы қорына, Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталыққа, Мiндеттi медициналық сақтандыру қорына, Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына, Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қорына аударылып келген жарналар бойынша берешек, сондай-ақ бұрын автомобиль жолдарын пайдаланушылардың Жол қорына түсiп келген аударымдары.
Бұл ретте салық режимі тұрақтылығының кепілдіктері сақталатын жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша қызметті жүзеге асыратын салық төлеушілер жоғарыда көрсетілген аударымдарды немесе әлеуметтік салықты «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес есептелген Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударымдардың сомасына азайтады;
3) «Өндiрушiлер көтерме саудада өткізетін, өзi өндiретiн бензин (авиациялық бензиндi қоспағанда)» коды бойынша - бұрын Жол қорына түсiп келген бензиннен алынатын алым бойынша берешек;
4) «Өндiрушiлер көтерме саудада өткізетін, өзi өндiретiн дизель отыны» коды бойынша - бұрын Жол қорына түсiп келген дизель отынынан алынатын алым бойынша берешек.
5-бап. Жұмыс берушiлер еңбекке уақытша жарамсыздығы, жүктiлiгi мен босануы бойынша, бала туған кезде, жерлеуге есептеген, Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан төленiп келген жәрдемақы сомаларының көрсетілген қорға аударымдардың есептелген сомасынан асып түсуі нәтижесiнде 1998 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша құралған терiс сальдо ай сайын жалақы қорының 4 пайызы шегiнде әлеуметтiк салық төлеу есебiне жатқызылады.
6-бап. 2015 жылға арналған республикалық бюджетте облыстық бюджеттерден және республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінен республикалық бюджетке бюджеттiк алып қоюлардың көлемi 168 538 087 мың теңге сомасында көзделсiн, оның iшiнде:
Атырау облысынан - 60 683 258 мың теңге;
Маңғыстау облысынан - 16 725 915 мың теңге;
Алматы қаласынан - 83 656 400 мың теңге;
Астана қаласынан - 7 472 514 мың теңге.
7-бап. 2015 жылға арналған республикалық бюджетте Ақмола, Қарағанды, Қостанай және Маңғыстау облыстарының облыстық бюджеттерінен республикалық бюджетке облыстардың ішкі істер департаменттерінің оқу орталықтарын күтіп-ұстауға арналған шығыстарды беруге байланысты 447 957 мың теңге сомасында трансферттер түсiмдері көзделсін.
2015.11.03. № 290-V ҚР Заңымен 8-бап жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8-бап. 2015 жылға арналған республикалық бюджетте Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарының облыстық бюджеттерінен жан басына шаққандағы қаржыландыруды енгізу бойынша сынамалауды өткізу үшін мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес орта білім беру ұйымдарында 10-11 сыныптар үшін білім беру процесін жүзеге асыруға көзделген шығыстарды беруге байланысты 528 380 мың теңге сомасында трансферттер түсiмдері көзделсін.
9-бап. 2015 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепiлдендірiлген трансферт мөлшерi 1 702 000 000 мың теңге сомасында көзделсiн.
2015.11.03. № 290-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.30.11. № 425-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 10-бап жаңа редакцияда
10-бап. 2015 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығында айқындалған мақсаттарға нысаналы трансферт 755 286 663 мың теңге сомасында көзделсін.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан нысаналы трансфертті бөлу және (немесе) оны пайдаланудың тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады.
11-бап. 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап:
1) жалақының ең төменгi мөлшерi - 21 364 теңге;
2) мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiнiң мөлшерi - 11 182 теңге;
3) зейнетақының ең төменгi мөлшерi - 23 692 теңге;
4) жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдердi қолдану үшiн айлық есептiк көрсеткiш - 1 982 теңге;
5) базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерiн есептеу үшiн ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң шамасы 21 364 теңге болып белгiленсiн.
2015.11.03. № 290-V ҚР Заңымен 12-бап жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
12-бап. 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын жұмыскерлерінің, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік қазыналық кәсіпорындар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ерекше еңбек жағдайлары үшін 10 пайыз мөлшерінде ай сайынғы үстемеақы төлеу белгіленсін.
13-бап. 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап әскери қызметшілерге (мерзiмдi қызметтегі әскери қызметшілерден басқа) және арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлеріне тұрғынжайды күтіп-ұстауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге ақшалай өтемақының айлық мөлшерi 3 739 теңге сомасында белгiленсiн.
14-бап. 2015 жылға арналған республикалық бюджетте республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге берiлетiн субвенциялар көлемi 904 371 171 мың теңге сомасында көзделсiн, оның iшiнде:
Ақмола облысына - 59 210 424 мың теңге;
Ақтөбе облысына - 19 926 241 мың теңге;
Алматы облысына - 102 811 145 мың теңге;
Шығыс Қазақстан облысына - 86 527 329 мың теңге;
Жамбыл облысына - 95 371 591 мың теңге;
Батыс Қазақстан облысына - 36 203 569 мың теңге;
Қарағанды облысына - 33 833 329 мың теңге;
Қызылорда облысына - 83 180 589 мың теңге;
Қостанай облысына - 58 910 235 мың теңге;
Павлодар облысына - 14 477 485 мың теңге;
Солтүстiк Қазақстан облысына - 58 719 253 мың теңге;
Оңтүстiк Қазақстан облысына - 255 199 981 мың теңге.
2015.11.03. № 290-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.30.11. № 425-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 15-бап өзгертілді
15-бап. Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне:
1) дағдарыстық жағдай қаупі төнген және туындаған кезде іс-қимылдар бойынша оқу-жаттығу жүргізуге;
2) Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 - 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы шеңберінде өңірлерде агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қолдауға;
2-1) жергілікті атқарушы органдардың агроөнеркәсіптік кешен бөлімшелерін ұстауға;
3) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төлеуге;
4) 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақылар төлеуге;
5) халықты әлеуметтiк қорғауға және оған көмек көрсетуге;
6) Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің жетпіс жылдығына арналған іс-шараларды өткізуге;
7) «Бизнестiң жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберiнде өңiрлерде жеке кәсiпкерлiктi қолдауға;
8) моноқалалардағы ағымдағы іс-шараларды іске асыруға;
9) ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың аса маңызды топтық және оқшау жүйелерінен ауызсу беру жөнінде көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялауға;
10) мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қоюға;
11) көлiк инфрақұрылымының басым жобаларын қаржыландыруға;
12) мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын жұмыскерлерінің, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік қазыналық кәсіпорындар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ерекше еңбек жағдайлары үшін ай сайынғы үстемеақы төлеуге;
13) 2015.11.03. № 290-V ҚР Заңымен алып тасталды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
14) мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыруға;
15) 2015.11.03. № 290-V ҚР Заңымен алып тасталды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
16) үш деңгейлі жүйе бойынша біліктілікті арттырудан өткен мұғалімдерге төленетін еңбекақыны арттыруға;
17) техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын ұлғайтуға;
18) бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беруді жан басына шаққандағы қаржыландыруды сынамалауға;
19) техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушылардың стипендияларының мөлшерін ұлғайтуға;
20) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз етуге және кеңейтуге;
21) 2015.11.03. № 290-V ҚР Заңымен алып тасталды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
22) жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушылардың стипендияларының мөлшерін ұлғайтуға;
23) 2015.30.11. № 425-V ҚР Заңымен алып тасталды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
23-1) «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлікті қолдауға;
24) халықтың иммундық профилактикасын қамтамасыз етуге;
25) профилактикалық дезинсекция мен дератизация жүргізуге (инфекциялық және паразиттік аурулардың табиғи ошақтарының аумағындағы, сондай-ақ инфекциялық және паразиттік аурулардың ошақтарындағы дезинсекция мен дератизацияны қоспағанда);
26) коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін сатып алуға;
27) жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау жөніндегі уәкілетті органның штат санын ұстауға;
28) жергiлiктi атқарушы органдардың сәулет, қала құрылысы, құрылыс және мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылауы iстерi жөнiндегi штат санын ұстауға;
29) жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерінің қауіпті техникалық құрылғыларының қауіпсіз пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыратын штат санын ұстауға;
30) елді мекендерді шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау үшін жерасты суларына іздестіру-барлау жұмыстарын ұйымдастыруға және жүргізуге;
31) азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімдерінің штат санын ұстауға;
32) инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдарды сатып алуға 2015 жылға арналған ағымдағы нысаналы трансферттердi бөлу және (немесе) оларды пайдаланудың тәртiбi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi негiзiнде айқындалады.
2015.11.03. № 290-V ҚР Заңымен 16-бап жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
16-бап. Мынадай:
1) агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылық сауықтыру жөніндегі бағыт шеңберінде кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау;
2) кәсіптік стандарттарды әзірлеу бағыттары бойынша іске асырылатын қаражатты бөлу және (немесе) оны пайдаланудың тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады.
2015.11.03. № 290-V ҚР Заңымен 17-бап жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
17-бап. Мынадай:
1) облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне тұрғын үй жобалауға және (немесе) салуға кредит беру;
2) инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалау, дамыту және (немесе) жайластыру;
3) коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін жобалау және (немесе) салу, реконструкциялау;
4) коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін сатып алу бағыттары бойынша іске асырылатын Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде қаражатты бөлу және (немесе) оны пайдаланудың тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады.
18-бап. Облыстық бюджеттерге моноқалаларда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге 2015 жылға кредиттер сомаларын бөлу Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады.
19-бап. Жұмыспен қамту-2020 жол картасын іске асыруға арналған қаражатты бөлу және (немесе) оны пайдалану тәртiбi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi негiзiнде айқындалады.
20-бап. Азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелері бойынша сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылды іске асыруға 2015 жылға арналған қаражатты бөлу Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi негiзiнде айқындалады.
21-бап. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін базалық қаржыландыру бойынша қаражатты бөлу Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады.
2015.11.03. № 290-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.30.11. № 425-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 22-бап жаңа редакцияда
22-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2015 жылға арналған резервi 322 134 421 мың теңге сомасында бекiтiлсiн.
23-бап. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлiгi шығындарының құрамында мемлекеттiк материалдық резервті қалыптастыруға және сақтауға республикалық бюджет кірістерінде жаңарту тәртібінде шығарылған материалдық құндылықтарды өткізуден түскен 2 279 747 мың теңге сомасындағы қаражатты көрсете отырып, 11 618 838 мың теңге сомасында қаражат көзделгені ескерілсін.
2015.30.11. № 425-V ҚР Заңымен 24-бап жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
24-бап. 2015 жылға арналған республикалық бюджетте мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды өтеу және оларға қызмет көрсету үшiн 340 056 мың теңге көзделсiн.
2015.11.03. № 290-V ҚР Заңымен 25-бап жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
25-бап. 2015 жылы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiктерiн беру лимитi 120 000 000 мың теңге мөлшерiнде белгiленсiн.
2015.11.03. № 290-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.30.11. № 425-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 26-бап жаңа редакцияда
26-бап. 2015 жылғы 31 желтоқсанға үкiметтiк борыш лимитi 8 200 000 000 мың теңге мөлшерiнде белгiленсiн.
27-бап. 2015 жылы мемлекеттiң кепiлгерлiк беру лимитi 182 560 000 мың теңге мөлшерiнде белгiленсiн.
2015.11.03. № 290-V ҚР Заңымен 28-бап жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
28-бап. 2015 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік концессиялық міндеттемелерінің лимиті 1 148 280 000 мың теңге мөлшерiнде белгiленсiн.
29-бап. 2015 жылға арналған республикалық бюджеттi атқару процесiнде секвестрлеуге жатпайтын республикалық бюджеттiк бағдарламалардың тiзбесi 5-қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
2015 жылға арналған жергiлiктi бюджеттердi атқару процесiнде 6-қосымшаға сәйкес жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар секвестрлеуге жатпайды деп белгiленсiн.
30-бап. Осы Заң 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2014 жылғы қарашаның 28-і.
№ 259-V
2015.11.03. № 290-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.30.11. № 425-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-қосымша жаңа редакцияда; 2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен 1-қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара)
«2015 - 2017 жылдарға арналған
республикалық бюджет туралы»
Қазақстан Республикасының
2014 жылғы 28 қарашадағы
№ 259-V ҚРЗ Заңына
1-қосымша
2015 жылға арналған республикалық бюджет