«2015 - 2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 30 қарашадағы № 425-V Заңы

Қазақстан Республикасының
Заңы

«2015 - 2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы»
 Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

1-бап. «2015 - 2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2014 жылғы 28 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 22, 133-құжат; 2015 ж., № 5, 22-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) 1, 2 және 10-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

«1-бап. 2015 - 2017 жылдарға арналған республикалық бюджет тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2015 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер - 5 806 766 099 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер бойынша - 3 012 966 049 мың теңге;

салықтық емес түсімдер бойынша - 151 440 677 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша - 9 758 247 мың теңге;

трансферттер түсімдері бойынша - 2 632 601 126 мың теңге;

2) шығындар - 6 805 804 245 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу - 77 386 247 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер - 190 765 812 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу - 113 379 565 мың теңге;

4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 181 292 385 мың теңге, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу - 182 652 385 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 1 360 000 мың теңге;

5) тапшылық - -1 257 716 778 мың теңге немесе елдің ішкі жалпы өнімінің 3 пайызы;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 1 257 716 778 мың теңге.

2-бап. 2015 жылға арналған республикалық бюджетте Ресей Федерациясының «Байқоңыр» кешенiн пайдаланғаны үшін 26 568 354 мың теңге сомасында және әскери полигондарды пайдаланғаны үшін 5 136 648 мың теңге сомасында жалдау ақыларының түсiмдері көзделсiн.»;

«10-бап. 2015 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығында айқындалған мақсаттарға нысаналы трансферт 755 286 663 мың теңге сомасында көзделсін.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан нысаналы трансфертті бөлу және (немесе) оны пайдаланудың тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады.»;

2) 15-бапта:

9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«9) ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың аса маңызды топтық және оқшау жүйелерінен ауызсу беру жөнінде көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялауға;»;

23) тармақша алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 23-1) тармақшамен және 31) тармақшадағы «санын ұстауға 2015 жылға арналған ағымдағы нысаналы трансферттердi бөлу және (немесе) оларды пайдаланудың тәртiбi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi негiзiнде айқындалады.» деген сөздер «санын ұстауға;» деген сөздермен ауыстырылып, 32) тармақшамен толықтырылсын:

«23-1) «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлікті қолдауға;»;

«32) инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдарды сатып алуға 2015 жылға арналған ағымдағы нысаналы трансферттердi бөлу және (немесе) оларды пайдаланудың тәртiбi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi негiзiнде айқындалады.»;

3) 22, 24 және 26-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

«22-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2015 жылға арналған резервi 322 134 421 мың теңге сомасында бекiтiлсiн.»;

«24-бап. 2015 жылға арналған республикалық бюджетте мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды өтеу және оларға қызмет көрсету үшiн 340 056 мың теңге көзделсiн.»;

«26-бап. 2015 жылғы 31 желтоқсанға үкiметтiк борыш лимитi 8 200 000 000 мың теңге мөлшерiнде белгiленсiн.»;

4) көрсетілген Заңға 1 және 4-қосымшалар осы Заңға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын.

2-бап. Осы Заң 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

             Президенті

 

        Н. НАЗАРБАЕВ

 

Астана, Ақорда, 2015 жылғы қарашаның 30-ы.

                     № 425-V

 

«2015 - 2017 жылдарға арналған

республикалық бюджет туралы»

Қазақстан Республикасының Заңына

өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»

Қазақстан Республикасының

2015 жылғы 30 қарашадағы

№ 425-V ҚРЗ Заңына

1-қосымша

 

«2015 - 2017 жылдарға арналған

республикалық бюджет туралы»

Қазақстан Республикасының

2014 жылғы 28 қарашадағы

№ 259-V Заңына

1-қосымша

 

 

2015 жылға арналған республикалық бюджет