Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 7-1/573 бұйрығы
«Ветеринария туралы» 2002 Қазақстан Республикасының Заңына бұйырамын:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринария және тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамамен белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді және оны ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің жетекші вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2014 жылғы 6 қарашадағы
№ 7-1/573 бұйрығына қосымша
Өзгеріс енгізіліп отырған Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
министрінің кейбір бұйрықтарының
тізбесі
1. «Модульді мал сою бекеттеріндегі ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізетін зертханаларға арналған ветеринариялық нормативтерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2009 жылғы 8 қаңтардағы № 6 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5521 болып тіркелген; 2009 жылғы 6 наурыздағы № 35 (1632) «Юридическая газета» газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Ветеринария саласындағы уәкілетті орган оның аумақтық бөлімшелерімен бірлесіп заңнамада бекітілген тәртіппен осы бұйрықтан туындайтын қажетті шаралар қабылдасын.».
Для того, чтобы получить доступ к документу,
Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.