Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір өкімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Осы редакция 2014 жылғы 5 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Кәсіпкерлік саласындағы заңнамаға тексеру жүргізу жөніндегі комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 26 желтоқсандағы № 253 өкімі;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 12 ақпандағы № 750 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 19-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 4, 29-құжат);
3) Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 795 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 21-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 28, 227-құжат).
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.