«Эпизоотиялық мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 7-1/618 бұйрығы (2021.17.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

Эпизоотиялық мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 7-1/618 бұйрығы

(2021.17.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2021.17.05. № 162 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 46-19) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған эпизоотиялық мониторинг жүргізу қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық және тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамамен белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді және оны ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің жетекші вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрінің

2014 жылғы 27 қарашадағы

№ 7-1/618 бұйрығымен

бекітілген



Эпизоотиялық мониторинг жүргізу
қағидалары


 

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2021.17.05. № 162 бұйрығымен 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1-тарау. Жалпы ережелер

 

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2021.17.05. № 162 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Осы Эпизоотиялық мониторинг жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 8-бабының 46-19) тармақшасына сәйкес әзірленді және эпизоотиялық мониторинг жүргізу тәртібін айқындайды.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2021.17.05. № 162 бұйрығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Эпизоотиялық мониторингті Заңның 11-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес құрылған мемлекеттік ветеринариялық ұйым (бұдан әрі - ветеринариялық ұйым) жүргізеді.

Эпизоотиялық мониторинг жүргізу кезінде:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.