«Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 240 шешімі (күші жойылды)

«Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы
Қызылорда облыстық мәслихатының 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 240 шешімі

 

Қызылорда облыстық мәслихатының 2016 жылғы 10 ақпандағы № 354 шешімімен күші жойылды

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 25-3-бабының 6-тармағына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Қоса берілген «Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.

2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихатының кейбір шешімдері жойылсын.

3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

 

Қызылорда облыстық мәслихатының

2014 жылғы 12 желтоқсандағы

№ 240 шешімімен бекітілген

 

 

«Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінің

 Ережесі

 

Осы Ереже Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес, Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясы мемлекеттік мекемесінің мәртебесін, өкілеттігін және жұмысының ұйымдастырылуын айқындайды.

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясы (бұдан әрі - Тексеру комиссиясы) жергілікті бюджеттің атқарылуына сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.

2. Тексеру комиссиясы жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті ұсыну арқылы облыстық мәслихатқа тікелей есеп береді.

3. Тексеру комиссиясы өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.