«Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2016 жылғы 10 ақпандағы № 354 шешімі (күші жойылды)

«Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы
Қызылорда облыстық мәслихатының 2016 жылғы 10 ақпандағы № 354 шешімі

 

Қызылорда облыстық мәслихатының 2016 жылғы 13 шілдедегі № 44 шешімімен күші жойылды

 

«Мемлекеттік аудит жане қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 12 қарашадағы Заңының 49-бабының 1-тармағына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Қоса берілген «Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.

2. «Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 240 (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4834 болып тіркелген, облыстық «Сыр бойы» және «Кызылординские вести» газеттерінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 9 жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

3. Осы шешім Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінің Ережесінің 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 16-тармағының 3) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

 

Қызылорда облыстық мәслихатының

2016 жылғы 10 ақпандағы

№ 354 шешімімен бекітілген

 

«Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясы»

 мемлекеттік мекемесі туралы

 ЕРЕЖЕ

 

Осы Ереже Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының мәртебесін, өкілеттіктерін және жұмысының ұйымдастырылуын айқындайды.

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясы (бұдан әрі - Тексеру комиссиясы) жергілікті бюджеттің атқарылуына сыртқы мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.