Атырау қаласы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы
Атырау облысының Атырау қаласы әкімінің 2015 жылғы 2 наурыздағы № 13 шешімі
(2017.10.02. берілген өзгерістермен)
Атырау облысы Атырау қаласы әкімінің 2018 жылғы 26 желтоқсандағы № 29 шешімімен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 23-бабына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33-бабына сәйкес, Атырау қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Атырау қалалық аумақтық сайлау комиссиясымен келісе отырып, Атырау қаласы аумағында сайлау учаскелері құрылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қала әкімі аппаратының басшысы П. Хасановқа жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қала әкімі | Н. Ожаев |
КЕЛІСІЛДІ:
Атырау қалалық аумақтық сайлау
комиссиясының төрағасы
(келісім бойынша) А. Абдолов
«27» ақпан 2015 ж.
Атырау облысы Атырау қалалық әкімінің 2017.10.02. № 4 шешімімен қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара)
Атырау қаласы әкімінің
2015 жылғы 2 наурыздағы
№ 13 шешіміне қосымша
Атырау қаласы аумағындағы сайлау учаскелері
| № | Сайлау учаскесінің атауы | Сайлау учаскесінің орналасқан орны | Сайлау учаскесінің шекарасы | Ескерту |
| № 1 сайлау учаскесі | Атырау қаласы, Мақатаев көшесі, № 61, «Жалпы білім беретін № 4 Ю. А. Гагарин атындағы мектебі» мемлекеттік мекемесінің ғимараты | Жайық өзені жағалауынан Ерік-Мостовой каналымен И.Тайманов даңғылына дейін, И.Тайманов даңғылы бойымен оңтүстікке қарай М.Мақатаев көшесіне дейін, М.Мақатаев көшесіндегі тақ санды үйлерді қамти шығысқа қарай өзен жағалауы бойымен Ерік Мостовой каналына дейін |