Шахтинск қаласының 2024 - 2026 жылдарға арналған бюджеті туралы
Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының 2023 жылғы 20 желтоқсандағы № 304/7 шешімі
(2024.09.12 берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШТІ:
Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының 2024.27.03. № 318/9 шешімімен (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.15.04. № 334/10 шешімімен (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.04.07. № 354/12 шешімімен (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.13.08. № 359/13 шешімімен (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.09.10. № 366/14 шешімімен (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.09.12. № 379/15 шешімімен (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. 2024-2026 жылдарға арналған Шахтинск қаласының бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2024 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 12 087 130 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша - 3 059 456 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша - 80 095 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша - 73 177 мың теңге;
трансферттердің түсімдері бойынша - 8 874 402 мың теңге;
2) шығындар - 12 549 597 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 0 теңге:
бюджеттік кредиттер - 0 теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 0 теңге;
4) қаржылық активтермен операциялар бойынша сальдо - 140 730 мың теңге:
қаржы активтерін сатып алу - 140 730 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге;
5) бюджеттің дефициті (профициті ) - -603 197 мың теңге;
6) бюджет дефицитін (профицитін пайдалану) қаржыландыру - 603 197 мың теңге:
қарыздар түсімдері - 214 822 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 0 теңге;