Шахтинск қалалық мәслихатының 2023 жылғы 20 желтоқсандағы № 304/7 «Шахтинск қаласының 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының 2024 жылғы 9 желтоқсандағы № 379/15 шешімі
Шахтинск қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Шахтинск қалалық мәслихатының «Шахтинск қаласының 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті туралы» 2023 жылғы 20 желтоқсандағы № 304/7 болып шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2024-2026 жылдарға арналған Шахтинск қаласының бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2024 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 12 087 130 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша - 3 059 456 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша - 80 095 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша - 73 177 мың теңге;
трансферттердің түсімдері бойынша - 8 874 402 мың теңге;
2) шығындар - 12 549 597 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 0 теңге:
бюджеттік кредиттер - 0 теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 0 теңге;
4) қаржылық активтермен операциялар бойынша сальдо - 140 730 мың теңге:
қаржы активтерін сатып алу - 140 730 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге;
5) бюджеттің дефициті (профициті ) - -603 197 мың теңге;
6) бюджет дефицитін (профицитін пайдалану) қаржыландыру - 603 197 мың теңге:
қарыздар түсімдері - 214 822 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 0 теңге;
бюджет қаражаттарының пайдаланылған қалдықтары - 388 375 мың теңге.
көрсетілген шешімнің 1, 10, 11, 12 қосымшалары осы шешімнің 1, 2, 3, 4 қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.»;
2. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.
Шахтинск қалалық мәслихатының
2024 жылғы 9 желтоқсандағы
№ 379/15 шешіміне 1 қосымша
Шахтинск қалалық мәслихатының
2023 жылғы 20 желтоқсандағы № 304/7
шешіміне 1 қосымша
2024 жылға арналған Шахтинск қаласының бюджет