«Қазақстан Республикасында патологиялық - анатомиялық диагностика көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 14 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-259/2020 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2026 жылғы 25 қыркүйектегі № 115 бұйрығы

«Қазақстан Республикасында патологиялық - анатомиялық диагностика көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 14 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-259/2020 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2026 жылғы 25 қыркүйектегі № 115 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қазақстан Республикасында патологиялық-анатомиялық диагностика көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 14 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-259/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21790 тіркелді) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 131-бабының 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында патологиялық-анатомиялық диагностика көрсетуді ұйымдастыру стандарты бекітілсін.»;

Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасында патологиялық-анатомиялық диагностика көрсетуді ұйымдастыру стандартында:

жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрінің

2020 жылғы 14 желтоқсандағы

№ ҚР ДСМ-259/2020 бұйрығымен

бекітілген»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Қазақстан Республикасында патологиялық-анатомиялық диагностика көрсетуді ұйымдастыру стандарты (бұдан әрі - Стандарт) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 131-бабының 7-тармағына (бұдан әрі - Кодекс) сәйкес әзірленді және патологиялық-анатомиялық диагностиканы жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының және құрылымдық бөлімшелердің деңгейінде патологиялық-анатомиялық диагностиканы ұйымдастыру процесіне қойылатын талаптар мен қағидаларды белгілейді.»;

2-тармақта:

8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.