(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «2022-2024 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНЫҢ БЮДЖЕТ...

2022-2024 жылдарға арналған Ақтөбе қаласының бюджетін бекіту туралы

Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2021 жылғы 15 желтоқсандағы № 113 шешімі

(2022.31.08. берілген өзгерістермен)

 

Осы редакция 2022 жылғы 9 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 9-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес, Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2022.01.04. № 151 шешімімен (бұр.ред.қара); 2022.06.06. № 166 шешімімен (бұр.ред.қара); 2022.31.08. № 192 шешімімен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда

1. 2022 - 2024 жылдарға арналған Ақтөбе қаласының бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2022 жылға мынадай көлемде бекітілсін:

1) кірістер – 87 361 783,9 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 60 904 120,4 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 352 789 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 780 000 мың теңге;

трансферттер түсімі – 25 324 874,5 мың теңге;

2) шығындар – 99 288 520,3 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 827 773 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 1 104 546 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 276 773 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 168 319,2 мың теңге, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 168 319,2 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профицитi) – - 12 922 828,6 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитiн пайдалану) – 12 922 828,6 мың теңге, оның ішінде:

қарыздар түсiмi – 6 865 159 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 4 886 773 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 10 944 442,6 мың теңге.

2. Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 52-бабына сәйкес, 1-тармағының 1), 2) тармақшаларда қаралғандарды қоспағанда, түсімдер Ақтөбе қаласының бюджеті кірісіне толық есептелсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.