«Авиациялық қауіпсіздік бойынша даярлау және қайта даярлау бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 қарашадағы № 1083 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020 жылғы 3 қарашадағы № 587 бұйрығы

«Авиациялық қауіпсіздік бойынша даярлау және қайта даярлау бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 қарашадағы № 1083 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020 жылғы 3 қарашадағы № 587 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Авиациялық қауіпсіздік бойынша даярлау және қайта даярлау бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 қарашадағы № 1083 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12568 болып тіркелген, 2016 жылғы 6 қаңтарда «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Авиациялық қауіпсіздік бойынша даярлау және қайта даярлау бағдарламасы осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасы

Индустрия және инфрақұрылымдық даму

Министрінің міндетін атқарушы

 

 

К. Ускенбаев

 

Қазақстан Республикасы

Индустрия және

инфрақұрылымдық даму

Министрінің міндетін атқарушының

2020 жылғы 3 қарашадағы

 № 587 бұйрығына қосымша

 

Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму министрінің

міндетін атқарушының

2015 жылғы 24 қарашадағы № 1083

бұйрығымен бекітілген

 

 

Авиациялық қауіпсіздік бойынша даярлау және қайта даярлау

 бағдарламасы

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.