Алматы қаласының 2020-2022 жылдарға арналған бюджеті туралы
VI сайланған Алматы қаласы мәслихатының LVIІI сессиясының 2019 жылғы 13 желтоқсандағы № 420 шешiмi
(2020.02.04. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2020 жылғы 10 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 8-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6, 7-баптарына, Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 4 желтоқсандағы «2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңына сәйкес, VI сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
VI сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс LХ сессиясының 2020.18.03. № 428 шешiмiмен (бұр.ред.қара); VI сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс LХІ сессиясының 2020.02.04. № 440 шешiмiмен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Алматы қаласының 2020-2022 жылдарға арналған бюджеті осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2020 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 717 552 686,9 мың теңге, оның ішінде мыналар бойынша:
салықтық түсімдер - 545 102 839,9 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 3 154 164 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 14 414 639 мың теңге;
трансферттер түсімдері - 154 881 044 мың теңге;
2) шығындар - 791 095 443,9 мың теңге;
3) таза бюджеттік несие беру - 21 504 287 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 50 348 461 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 50 794 960 мың теңге;
5) бюджеттік дефицит - -145 395 505 мың теңге;
6) бюджет дефицитін қаржыландыру - 145 395 505 мың теңге.
2. Алматы қаласы бюджетінің кірістері мынадай салықтар мен алымдар есебінен құралады деп белгіленсін:
корпоративтік табыс салығынан;
жеке табыс салығынан;
әлеуметтік салықтан;
заңды тұлғалардың және жеке кәсіпкерлердің мүлкіне салынатын салықтан;
жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салықтан;
жер салығынан;