Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2024 жылғы 21 мамырдағы № 25 бұйрығы
Осы редакция 2025 жылғы 26 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің аппарат басшысына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары - Ұлттық
экономика министрі
2024 жылғы 21 мамырдағы
№ 25 бұйрығымен
бекітілген
Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың
тізбесі
1. «Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту (қайта бекіту) қағидаларын және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 195 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10176 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-қосымшада Бюджеттік бағдарлама нысанында:
жоғары оң жақ бұрыштағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:
«КЕЛІСІЛДІ»
Нысаналы трансферттерді
бөлетін жоғары тұрған
бюджеттің бюджеттік
бағдарламасының басшысы
(қол, аты, әкесінің аты, тегі
(ол болған жағдайда)
20 __ жылғы
мөрдің орны».
Для того, чтобы получить доступ к документу,
Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.