(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «СУ АЙДЫНДАРЫНДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ҚАҒИДАЛАРЫН БЕКІТУ ТУ...

Су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 19 қаңтардағы № 34 бұйрығы

(2025.19.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2025 жылғы 29 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

ҚР Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 2024.25.12. № 505 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2025 ж. 19 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 70-4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Су айдындарындағы қауіпсіздік қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті (В.В. Петров) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары В.К. Божкоға жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

ҚР Ішкі істер министрінің 2020.29.05. № 438 бұйрығымен қағида жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Ішкі істер министрінің

2015 жылғы 19 қаңтардағы

№ 34 бұйрығымен

бекітілді

 

 

Су айдындарындағы қауіпсіздік

қағидалары

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы су айдындарындағы қауіпсіздік қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) азаматтардың Қазақстан Республикасының су айдындарын пайдалану кезінде қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібін айқындайды.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.