«Құқықтың (талап етудің) өту жағдайларын қамтитын шарттар бойынша мәліметтер нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 26 ақпандағы № 291 бұйрығы (2023.14.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) (күші жойылды)

Құқықтың (талап етудің) өту жағдайларын қамтитын шарттар бойынша мәліметтер нысандарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 26 ақпандағы № 291 бұйрығы

(2023.14.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

ҚР Қаржы министрінің 2025 жылғы 12 қарашадағы № 699 бұйрығымен 2026 ж. 1 қаңтардан бастап күші жойылды

 

ҚР Қаржы министрінің 2021.06.05. № 434 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023.29.06. № 715 бұйрығымен (2023 ж. 14 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 24-бабы 16) және 16-1) тармақшаларына, 26-бабының 10-тармағына, 28-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабы 4-тармағының 1-3) тармақшасына және «Коллекторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы 1-тармағының 11-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

ҚР Қаржы министрінің 2021.06.05. № 434 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023.29.06. № 715 бұйрығымен (2023 ж. 14 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда

1. Мыналар:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес құқықтың (талап етудің) өту жағдайларын қамтитын шарттар бойынша коллекторлық агенттіктер, екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдары мен жекелеген банк операцияларын жүзеге асыратын ұйымдар ұсынатын мәліметтер нысаны;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес құқықтың (талап етудің) өту жағдайларын қамтитын, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі сатып алынған және өндіріп алынған қарыздардың көлемі бойынша ұсынатын мәліметтер нысаны;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.