(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «САЛЫҚ ЖӘНЕ БЮДЖЕТКЕ ТӨЛЕНЕТІН БАСҚА ДА МІНДЕТТІ ТӨЛ...

Предыдущая страница

6. Салық төлеушi - дебитордың екінші деңгейдегі банкі немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымы салық органы шығарған, осы Кодекстiң 122-бабында белгiленген талаптарға сәйкес салық төлеушiнiң (салық агентінің) салықтық берешегі сомасын өндiрiп алу туралы инкассалық өкiмдi орындауға мiндеттi.

Бұл ретте дебитордың бірнеше екінші деңгейдегі банкте немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымда ашылған банктік шоттарынан ақшаны инкассалық өкiмде көрсетілген сомадан асатын мөлшерде есептен шығарған жағдайда, артық есептен шығарылған соманы салық органы дебиторға оның өтініші негізінде қайтарады.

7-тармақ 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді

7. Салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық берешегін осы бапта айқындалған тәртіппен оның дебиторларының шоттарынан өндіріп алу тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес дебитор жатқызылған тәуекел деңгейіне қарамастан жүзеге асырылады.

 

124-бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) билік ету шектелген мүлкін бюджетке берешек есебіне өткізу есебінен өндіріп алу

1-тармақтың қолданысы 2019 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақ 2017.25.12. № 121-VI ҚР Заңының 18-бабының редакциясында қолданылды (бұр.ред.қара)

1. Салық органы тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәуекел деңгейі жоғары немесе орташа санатқа жатқызылған салық төлеуші (салық агенті) - заңды тұлғаның, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттің, дара кәсіпкердің, жеке практикамен айналысатын адамның банктік шоттарында және оның дебиторларының банктік шоттарында ақша болмаған немесе жеткiлiксiз болған не оның және (немесе) оның дебиторларының банктік шоттары болмаған жағдайларда, оның келісімінсіз салық төлеушінің (салық агентінің) билік ету шектелген мүлкіне өндіріп алуды қолдану туралы қаулы шығарады.

Салық төлеушінің (салық агентінің) билік ету шектелген мүлкіне өндіріп алуды қолдану туралы қаулы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша екі данада жасалады, оның біреуі мүлікке билік етуді шектеу туралы шешімнің және мүлік тізімдемесі актісінің көшірмелері қоса беріле отырып, уәкілетті заңды тұлғаға жіберіледі.

2. Салық төлеушінің (салық агентінің) билік ету шектелген мүлкін салықтық берешек шотына өткізуді уәкілетті заңды тұлға сауда-саттық өткізу арқылы жүзеге асырады.

Салық төлеуші және (немесе) үшінші тұлға кепілге қойған мүлікті, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) билік ету шектелген мүлкін өткізу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.

3. 2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

125-бап. Салық төлеуші (салық агенті) - жарғылық капиталына мемлекет қатысатын акционерлiк қоғамның жарияланған акцияларын мәжбүрлеп шығарту

Осы Кодекстiң 121-бабы 3-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген барлық шара қабылданғаннан кейін салық төлеуші (салық агенті) - жарғылық капиталына мемлекет қатысатын акционерлік қоғам салықтық берешек сомаларын өтемеген жағдайда, уәкілеттi орган Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртiппен жарияланған акцияларды мәжбүрлеп шығарту туралы талап арызбен сотқа жүгінеді.

Сот шешімі бойынша оларды өтеу үшін жарияланған акцияларды мәжбүрлеп шығарту жүргізілетін салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді төлеу жөніндегі салықтық міндеттемелерді, сондай-ақ өсімпұлды, айыппұлдарды төлеу жөніндегі міндеттемелерді орындау мерзімдері соттың жарияланған акцияларды мәжбүрлеп шығару туралы шешімі заңды күшіне енген күннен бастап және оларды орналастыру аяқталғанға дейін тоқтатыла тұрады.

 

126-бап. Салық төлеушіні (салық агентін) банкрот деп тану

1. Осы Кодекстің 121-бабында көзделген барлық шара қабылданғаннан кейін салық төлеуші (салық агенті) бюджетке берешек сомасын өтемеген жағдайда, салық органы Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасына сәйкес оны банкрот деп тану жөнінде шаралар қабылдауға құқылы.

2. Банкрот деп танылған салық төлеушiнi (салық агентін) тарату тәртібі Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

127-бап. Салықтық берешегі бар салық төлеушілердің (салық агенттерінің) тізімдерін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

1. Салық органдары салықтық берешек туындаған күннен бастап төрт ай ішінде өтелмеген:

дара кәсіпкерлердің, жеке практикамен айналысатын адамдардың - республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 10 еселенген мөлшерінен асатын;

заңды тұлғалардың, олардың құрылымдық бөлімшелерінің - республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 150 еселенген мөлшерінен асатын салықтық берешегі бар салық төлеушілердің (салық агенттерінің) тізімін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.

Бұл ретте тізімдерде салық төлеушінің (салық агентінің) тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса) не атауы, экономикалық қызмет түрі, сәйкестендіру нөмірі, салық төлеуші (салық агенті) басшысының тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса) және салықтық берешегінің жалпы сомасы көрсетіледі.

2. Уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылған салық төлеушілердің (салық агенттерінің) тізімі осы бапта көрсетілген өлшемшарттарға сәйкес келетін салық төлеушілерді (салық агенттерін) қосу, сондай-ақ салықтық берешегін өтеген немесе салықтық міндеттемелері тоқтатылған салық төлеушілерді (салық агенттерін) шығару арқылы аяқталған тоқсаннан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірілмей тоқсан сайын жаңартылады.

 

128-бап. Салық төлеуші - дара кәсіпкер, жеке практикамен айналысатын адам болып табылмайтын жеке тұлғаның салықтық берешегін өндіріп алу

1. Дара кәсіпкер, жеке практикамен айналысатын адам болып табылмайтын жеке тұлға республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын 1 еселенген айлық есептік көрсеткіштен асатын мөлшердегі салықтық берешегін жеке тұлғалардың салықтық берешегі туралы хабарлама табыс етілген күннен бастап отыз жұмыс күні өткен соң төлемеген немесе толық төлемеген жағдайларда, салық органы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша жеке тұлғаның берешегін өндіріп алу туралы салық бұйрығын шығарады (бұдан әрі - салық бұйрығы) және оны шығарған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей жеке тұлғаға жібереді.

2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Жеке тұлға салықтық берешекті өтемеген кезде салық органы осы Кодекстің 115-бабының 1-тармағында белгіленген тәртіппен жеке тұлғаға табыс етуге жататын салық бұйрығы табыс етілген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей, осындай салық бұйрығын Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасында айқындалған тәртіппен мәжбүрлеп орындату үшін аумақтығы бойынша тиісті әділет органдарына не жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына жібереді.

2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Салық бұйрығын шығарған салық органы:

1) жеке тұлға салықтық берешекті өтеген жағдайда - салықтық берешек өтелген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей;

2) егер өтелмегені үшін салық бұйрығы шығарылған салықтық берешек салықтарды дұрыс емес есептеу (есепке жазу) нәтижесінде түзілген жағдайда - салық төлеушінің жеке шотына түзетулер енгізілген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей;

2023.20.03. № 213-VІІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3) осы бапта белгіленген салық бұйрығын шығару тәртібі бұзылған жағдайда - осындай факт анықталған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей;

2023.20.03. № 213-VІІ ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

4) «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жеке тұлғаға қатысты сот арқылы банкроттық рәсімі қолданылған жағдайда - сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы сот шешім шығарған күннен бастап;

2023.20.03. № 213-VІІ ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

5) «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жеке тұлғаға қатысты төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімі қолданылған жағдайда - төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін қолдану туралы сот шешім шығарған күннен бастап салық бұйрығының күшін жояды.

 

 

15-тарау. САЛЫҚТЫҚ МОНИТОРИНГ

 

129-бап. Жалпы ережелер

1. Салықтық мониторинг салық төлеушілердің қаржылық-шаруашылық қызметін талдау арқылы олардың нақты салық салынатын базасын айқындау, Қазақстан Республикасының салық заңнамасының сақталуын және трансферттік баға белгілеу кезінде бақылауды жүзеге асыру мақсатында қолданылатын нарықтық бағаларды бақылау мақсатында жүзеге асырылады.

2. Салықтық мониторинг:

1) ірі салық төлеушілер мониторингінен;

2) тармақша 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді

2) деңгейлес мониторингтен тұрады.

 

130-бап. Ірі салық төлеушілер мониторингі

1. Ірі салық төлеушілер мониторингіне, егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік кәсіпорындарды қоспағанда, коммерциялық ұйымдар болып табылатын, осы Кодекстің 241-бабында көзделген түзету есепке алынбағанда жылдық жиынтық кірісі неғұрлым көп, бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келетін:

1) тіркелген активтерінің құндық балансының сомасы салықтық кезеңнің соңына республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушілердің тізбесі бекітілуге жататын жылдың соңында қолданыста болатын, кемінде 325 000 еселенген айлық есептік көрсеткішті құрайтын;

2) жұмыскерлерінің саны кемінде 250 адамды құрайтын салық төлеушілер жатады.

Осы баптың мақсаттары үшін:

1) осы Кодекстің 241-бабында көзделген түзетуді есепке алмағанда, жылдық жиынтық кіріс ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушілердің тізбесі бекітілуге жататын жылдың алдындағы салықтық кезең үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларация деректерінің негізінде айқындалады;

2) тіркелген активтердің құндық баланстарының сомасы ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушілердің тізбесі бекітілуге жататын жылдың алдындағы жыл үшін салықтық есептілік негізінде айқындалады;

3) жұмыскерлердің саны ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушілердің тізбесі бекітілуге жататын жылдың бірінші тоқсанының соңғы айы үшін жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларацияның деректері негізінде айқындалады.

Осы тармақта белгіленген шарттардың сақталуына қарамастан, ірі салық төлеушілер мониторингіне:

2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе құзыретті орган және жер қойнауын пайдаланушы арасында жасалған және міндетті салықтық сараптамадан өткен өнімді бөлу туралы келісімде (келісімшартта) көрсетілген, осы Кодекстің 241-бабында көзделген түзетуді есепке алмағанда ең көп жылдық жиынтық кірісі бар және (немесе) көрсетілген келісімдерге (келісімшарттарға) сәйкес мұнай-газ конденсаты немесе теңіз кен орнында қызметін жүзеге асыратын сенім білдірілген тұлға (оператор) және (немесе) жер қойнауын пайдаланушы (жер қойнауын пайдаланушылар);

2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

1-1) жыл сайынғы төленген салықтар сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушілердің тізбесі бекітілуге тиісті жылдың соңына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің кемінде 2 000 000 еселенген мөлшерін құрайтын салық төлеушілер жатады.

Бұл ретте жыл сайынғы төленген салықтар сомасы ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушілердің тізбесі бекітілуге тиісті жылдың алдындағы күнтізбелік үш жылдың әрқайсысы үшін айқындалады;

2) ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушілердің тізбесі қолданысқа енгізілген жылдың алдындағы жылдың 1 қазанында мынадай шарттарға сәйкес келетін:

жер қойнауын пайдаланушымен, кең таралған пайдалы қазбаларды және жерасты суларын барлауға, өндіруге арналған келісімшарттарды қоспағанда, пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге, бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарт жасалса;

жер қойнауын пайдаланушы өңірлік даму жөніндегі уәкілетті орган бекітетін тізбеге сәйкес қала құраушы заңды тұлғалар санатына жатқызылса, жер қойнауын пайдаланушы жатады.

2. Ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушілердің тізбесіне:

1) осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде белгіленген шарттарға сәйкес келетін ірі салық төлеушілердің ішінен, осы Кодекстің 241-бабында көзделген түзетуді есепке алмағанда жиынтық жылдық кірісі неғұрлым көп алғашқы үш жүз ірі салық төлеуші;

2) осы баптың 1-тармағының үшінші бөлігінде көрсетілген салық төлеушілер кіреді.

2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушілердің тізбесі, көрсетілген тізбе қолданысқа енгізілетін жылдың алдындағы жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша ұсынылған салықтық есептілік деректерінің негізінде қалыптастырылады және оны уәкілетті орган көрсетілген тізбе қолданысқа енгізілетін жылдың алдындағы жылдың 31 желтоқсанынан кешіктірмей бекітеді.

Егер ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушілердің тізбесі қолданысқа енгізілетін жылдың алдындағы жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша осы баптың 1-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келетін салық төлеуші таратылу сатысында тұрған болса, мұндай салық төлеуші бұл тізбеге енгізілуге жатпайды.

Ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушілердің бекітілген тізбесі бекітілген жылынан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан кейін қолданысқа енгізіледі және қолданысқа енгізілген күнінен бастап екі жыл бойы қолданыста болады. Бұл тізбе осы баптың 1-тармағына сәйкес салық төлеушілер ірі салық төлеушілердің мониторингіне жататын шарттар өзгерген жағдайларды қоспағанда, оның қолданылу кезеңі ішінде қайта қаралуға жатпайды.

4. Ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеуші қайта ұйымдастырылған жағдайда, оның құқықтық мирасқоры (құқықтық мирасқорлары) ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушілердің келесі тізбесі қолданысқа енгізілгенге дейін ірі салық төлеушілер мониторингіне жатады.

5. Ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеуші таратылған жағдайда, сондай-ақ соттың оны банкрот деп тану туралы шешімі заңды күшіне енген күннен бастап осы салық төлеуші ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушілердің тізбесінен шығарып тасталған деп танылады.

 

131-бап 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді

131-бап. Деңгейлес мониторинг

1. Деңгейлес мониторинг уәкілетті орган мен салық төлеуші арасында ақпарат және құжаттар алмасуды көздейді, ол мынадай:

ынтымақтастық;

негізделген сенім;

заңдылық;

айқындық;

кеңейтілген ақпараттық өзара іс-қимыл жасау қағидаттарына негізделеді.

Деңгейлес мониторинг туралы келісімнің нысанын уәкілетті орган белгілейді.

2. Деңгейлес мониторинг туралы келісім жасалған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап деңгейлес мониторинг жүргізіледі және ұзарту мүмкіндігімен үш жылдың ішінде қолданыста болады.

Бұл ретте деңгейлес мониторинг туралы келісімді жасасу және бұзу тәртібін, сондай-ақ деңгейлес мониторинг туралы келісім жасалатын салық төлеушілердің санатын уәкілетті орган белгілейді.

Деңгейлес мониторинг туралы келісім жасалған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап деңгейлес мониторингке жататын салық төлеушілер ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушілер болып табылмайды.

3. Салық төлеушінің Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу:

1) бір мезгілде мынадай шарттар сақталған:

деңгейлес мониторингте тұрған салық төлеушінің деңгейлес мониторинг нәтижелері бойынша хабарламамен келіскен;

деңгейлес мониторинг нәтижелері бойынша хабарламаға сот тәртібімен шағым жасау фактісі болмаған кезде деңгейлес мониторинг;

2) салық төлеуші деңгейлес мониторингте болған кезеңге салықтық тексеру нәтижелері бойынша осындай бұзушылық фактісі анықталған кезде басталмайды, ал басталған іс тоқтатылуға жатады.

 

132-бап. Ірі салық төлеушілер мониторингін жүргізу тәртібі

1. Ірі салық төлеушілер мониторингін жүргізу барысында уәкілетті орган ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушілерден салықтарды есептеудің дұрыстығын және салықтар мен бюджетке төленетін төлемдерді төлеудiң (ұстап қалудың және аударудың) уақтылы болуын растайтын құжаттарды және жазбаша түсіндірулерді, сондай-ақ, еншiлес ұйымдарының қаржылық есептiлiгiн қоса алғанда, салық төлеушiнің (салық агентінің) қаржылық есептiлiгін ұсынуды талап етуге құқылы.

Бұл ретте осы талапты ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушiлер талап ету табыс етілген күннен кейінгi күннен бастап күнтiзбелiк отыз күн ішінде орындауға тиіс.

2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.21.12. № 165-VІІ ҚР Заңымен (2024 ж. 1 қаңтардан қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді

2. Ірі салық төлеушілер мониторингінің нәтижелерi бойынша бұзушылықтар мен алшақтықтар анықталған жағдайда, уәкiлеттi орган бұлар жөнінде ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушiге хабар береді.

Бұл ретте ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушi осындай хабарлама табыс етілген (алынған) күннен кейінгі күннен бастап күнтiзбелiк он бес күн ішінде жазбаша түсiнікті ұсынуға мiндеттi.

Уәкілетті орган ұсынылған түсiнікпен келіспеген жағдайда, ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын осындай салық төлеушiні қосымша құжаттар мен түсiніктерді ұсына отырып, туындаған мәселелерді талқылау үшiн шақыруға құқылы.

Уәкiлеттi орган мониторинг нәтижелерiн қарау қорытындылары бойынша жазбаша түрде уәжді шешім шығарады, ол шығарылған кезден бастап екі жұмыс күні ішінде ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушiге жіберіледі.

Ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушi шешіммен келiсу туралы хабарлама табыс етілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде ұсынады.

2022.21.12. № 165-VІІ ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 1 қаңтардан қолданысқа енгізілді)

3. Осы бапта көрсетілген талап, хабархат немесе уәжді шешім, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, салық төлеушіге қолын қойғызып жеке өзіне немесе жөнелту және алу фактісін растайтын өзгеше тәсілмен табыс етілуге тиіс.

Бұл ретте төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген талап, хабархат немесе уәжді шешім салық төлеушіге мынадай жағдайларда:

1) хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы жіберілгенде - салық төлеуші пошта немесе өзге де байланыс ұйымының хабарламасына белгі қойған күннен бастап табыс етілді деп есептеледі.

Бұл ретте пошта немесе өзге де байланыс ұйымы мұндай талапты, хабархатты немесе уәжді шешімді пошта немесе өзге де байланыс ұйымының қабылдағаны туралы белгі қойылған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жеткізуге тиіс;

2) электрондық тәсілмен жіберілгенде:

салық органы талапты, хабархатты немесе уәжді шешімді веб-қосымшаға жеткізген күннен бастап табыс етілді деп есептеледі.

Бұл тәсіл Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасына сәйкес салық органдарымен электрондық тәсілмен өзара іс-қимыл жасайтын салық төлеушіге қолданылады;

талап, хабархат немесе уәжді шешім пайдаланушының «электрондық үкімет» веб-порталындағы жеке кабинетіне жеткізілген күннен бастап табыс етілді деп есептеледі.

Бұл тәсіл «электрондық үкімет» веб-порталында тіркелген салық төлеушіге қолданылады.

Талаптың, хабархаттың және уәжді шешімнің нысандарын уәкілетті орган бекітеді.

 

133-бап 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді

133-бап. Деңгейлес мониторингті жүргізу тәртібі

Деңгейлес мониторинг салық органы мен салық төлеуші арасындағы, оның ішінде салық органының лауазымды адамдарына салық төлеушінің тұрған жері бойынша оның бухгалтерлік және салықтық есепке алу ақпараттық жүйелеріне және есепке алу құжаттамасына қолжетімділік беру көзделетін кеңейтілген ақпараттық өзара іс-қимыл жасау арқылы жүзеге асырылады.

Бұл ретте деңгейлес мониторингті жүргізу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.

 

 

16-тарау 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді

16-тарау. АЛДЫН АЛА ТҮСІНДІРМЕ

 

134-бап. Жалпы ережелер

1. Уәкілетті органның жоспарланып отырған мәмілелерге (операцияларға) қатысты салықтық міндеттеменің туындауы жөніндегі түсіндірмесі алдын ала түсіндірме болып табылады.

Уәкілетті орган:

деңгейлес мониторингте тұрған салық төлеушінің;

инвестициялық басым жобаны іске асыратын ұйымның сұрау салуы бойынша алдын ала түсіндірме береді.

2. Алдын ала түсіндірме беру туралы сұрау салуды салық төлеуші (салық агенті) уәкілетті органға жазбаша нысанда береді және онда мынадай мәліметтер:

1) салық төлеушiнің (салық агентінің) сұрау салуға қол қойған күнi;

2) салық төлеушiнің деректемелері;

3) бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН);

4) мәміленің (операцияның) мақсаты мен шарттарының, оның ішінде жоспарланып отырған мәміле (операция) бойынша тараптардың құқықтары мен міндеттерінің сипаттамасы;

5) салық төлеушінің (салық агентінің) жоспарланып отырған мәмілеге (операцияға) қатысты салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді есептеу мәселесі бойынша ұстанымы;

6) қоса берілетін құжаттардың тiзбесi қамтылуға тиіс.

3. Алдын ала түсіндірме беру туралы сұрау салуда осындай түсіндірмені дайындау үшін маңызы бар өзге мәліметтер де көрсетілуі мүмкін.

4. Алдын ала түсіндірме беру туралы сұрау салуға заңды тұлғаның басшысы немесе осындай заңды тұлға басшысының міндеттері жүктелген адам (растайтын құжаттарды қоса бере отырып) қол қояды.

5. Алдын ала түсіндірме беру туралы сұрау салуға осындай сұрау салуда көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттар қоса беріледі.

6. Салық төлеуші (салық агенті) алдын ала түсіндірме беру туралы сұрау салуды уәкілетті органға жіберген күннен бастап уәкілетті орган алдын ала түсіндірмені берген күнге дейінгі кезеңде осындай сұрау салуды кері қайтаруды жүргізуге құқылы.

7. Уәкілетті орган салық төлеушінің (салық агентінің) алдын ала түсіндірме беру туралы сұрау салуын қараудан, осындай сұрау салу осы баптың 2, 4 және 5-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген кезде, бас тартуға құқылы.

 

135-бап. Алдын ала түсіндірме беру туралы сұрау салуды қарау тәртібі

1. Алдын ала түсіндірме беру туралы сұрау салуды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.

2. Уәкілетті орган алдын ала түсіндірмені дайындау барысында салық төлеушіні алдын ала түсіндірмені дайындау үшін маңызы бар қосымша мәліметтер алу үшін шақыруға құқылы.

3. Алдын ала түсіндірме салық төлеуші ұсынған мәліметтер мен құжаттардың шегінде жүзеге асырылады.

 

 

17-тараудың қолданысы 2019 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тарау 2017.25.12. № 121-VI ҚР Заңының 19-бабының редакциясында қолданылды (бұр.ред.қара)

17-тарау.ТӘУЕКЕЛДЕРДІ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ

 

2021.20.12. № 85-VII ҚР Заңымен 136-бап жаңа редакцияда (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

136-бап. Жалпы ережелер