Жетісу облысының 2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы
Жетісу облыстық мәслихатының 2023 жылғы 15 желтоқсандағы № 11-64 шешімі
(2024.16.09. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2024 жылғы 18 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 8, 75-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына, «2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және «2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» 2023 жылғы 12 желтоқсандағы № 1108 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, Жетісу облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Жетісу облыстық мәслихатының 2024.29.03. № 15-95 шешімімен (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2024.17.05. № 16-100 шешімімен (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2024.28.06. № 17-108 шешімімен (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2024.16.09. № 20-119 шешімімен (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. 2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджет тиісінше осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2024 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер 489 369 394 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсiмдер бойынша 50 404 525 мың теңге;
салықтық емес түсiмдер бойынша 16 292 824 мың теңге;
негiзгi капиталды сатудан түсетін түсiмдер бойынша 17 000 мың теңге;
трансферттер түсімдері бойынша 422 655 045 мың теңге;
2) шығындар 491 408 340 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу 25 704 368 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер 42 447 445 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу 16 743 077 теңге;
4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо 2 879 555 мың теңге, оның ішінде:
қаржылық активтерді сатып алу 2 879 555 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) (-) 30 622 869 мың теңге;