Павлодар қалалық мәслихатының 2021 жылғы 7 сәуірдегі № 33/3 «Павлодар қаласы бойынша тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 2023 жылғы 4 шілдедегі № 37/4 шешімі
Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 2024 жылғы 27 наурыздағы № 135/15 шешімімен күші жойылды
Павлодар қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Павлодар қалалық мәслихатының «Павлодар қаласы бойынша тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» 2021 жылғы 7 сәуірдегі № 33/3 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7247 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Павлодар қалалық мәслихатының төрағасы | К. Кожин |
2023 жылғы 4 шілдедегі
№ 37/4 шешіміне
қосымша
Павлодар қалалық мәслихаттың
2021 жылғы 7 сәуірдегі
№ 33/3 шешіміне
қосымша
Павлодар қаласы бойынша тұрғын үй көмегін көрсетудің
мөлшері мен тәртібі
1 - тарау. Жалпы ережелер
1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Павлодар қаласының аумағындағы тұрақты тіркелген және тұратын, Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғынжай ретінде меншік құқығында тұрған аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):
кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;