Павлодар қаласы бойынша тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы
Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 2024 жылғы 27 наурыздағы № 135/15 шешімі
(2024.14.06. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97-бабы 5-тармағына, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы «Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы» № 117 бұйрығына сәйкес, Павлодар қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Павлодар қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2. Павлодар қалалық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) Павлодар қалалық мәслихатының 2021 жылғы 7 сәуірдегі № 33/3 «Павлодар қаласы бойынша тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7247 болып тіркелген).
2) Павлодар қалалық мәслихатының 2023 жылғы 4 шілдедегі № 37/4 «Павлодар қалалық мәслихатының 2021 жылғы 7 сәуірдегі № 33/3 «Павлодар қаласы бойынша тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7372-14 болып тіркелген).
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Павлодар қалалық мәслихатының төрағасы | К. Кожин |
2024 жылғы 27 наурыздағы
№ 135/15 Шешіміне қосымша
Павлодар қаласы бойынша тұрғын үй көмегін көрсетудің
мөлшері мен тәртібі
1-тарау. Жалпы ережелер