(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ХАЛҚЫ АРАСЫНДА COVID-19 К...

Шығыс Қазақстан облысының халқы арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясымен сырқаттанушылықтың алдын алу жөніндегі шаралар туралы

Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 20 мамырдағы № 6 Қаулысы

 

Осы редакция 2021 жылғы 23 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Мен, Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Қ.А. Турдиев,

мына құжаттарды:

Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуымен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомство аралық комиссияның 2021 жылғы 24 ақпандағы; 2021 жылғы 02 наурыздағы; 2021 жылғы 18 наурыздағы; 2021 жылғы 14 сәуірдегі; 2021 жылғы 29 сәуірдегі шешімдерін;

Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67; «Карантиндік шектеу шаралары және оларды кезең-кезеңмен жеңілдету туралы» 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 68; «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» 2021 жылғы 04 ақпандағы № 5; «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» 2021 жылғы 27 ақпандағы № 9; «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» 2021 жылғы 05 наурыздағы № 10; «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 25 наурыздағы № 12; «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 12 сәуірдегі № 13; «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 17; «Кәсіпкерлік объектілерінде «Ashyq» мобильдік қосымшасын енгізу туралы» 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 18 қаулыларын;

«Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын және пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-293/2020 бұйрығын;

COVID-19 коронавирустық инфекциясы бойынша Шығыс Қазақстан облысындағы, Қазақстан Республикасының басқа облыстарындағы және іргелес мемлекеттердегі санитариялық-эпидемиологиялық ахуал туралы жедел мәліметтерді қарап,

Есептік өлшемшарттар негізінде COVID-19 науқастарын емдеуге арналған инфекциялық стационарлардағы төсек қорының (ТҚ) қамтылу пайызы - 13,6%, облыс бойынша инфекцияның репродуктивтік мәні (R) - 0,988 құрағанын анықтадым.

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 38-бабының 1-тармағының 4) тармақшасы, 2-тармағының 3) тармақшасы, 102, 104-баптары негізінде, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Шығыс Қазақстан облысының аумағында 2021 жылғы 23 мамырдан бастап 06 маусымға дейін шаруашылық және (немесе) өзге де қызметпен және халықтың тыныс-тіршілігінің ерекше жағдайларымен шектеу шаралары ұзартылсын.

Шектеу іс-шараларының режимі мен мерзімдері облыс аумағында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуы бойынша ахуалдың өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін.

1.1 Өскемен, Семей қалаларын және Аягөз ауданын қоспағанда, қалалар мен аудандар әкімдері, мемлекеттік, құқық қорғау және арнайы органдар, Өскемен, Семей қалаларын және Аягөз ауданын қоспағанда, меншіктің және ведомстволық бағыныстылықтың барлық нысандарындағы шаруашылық жүргізуші субъектілер:

Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес «жасыл» аймақ үшін қарастырылған Шығыс Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық объектілерінің жұмысына шектеулер мен рұқсаттарды іске асыруды және бақылауды қамтамасыз етсін.

1.2 Өскемен, Семей қалаларының және Аягөз ауданының әкімдері, мемлекеттік, құқық қорғау және арнайы органдар, Өскемен, Семей қалаларының және Аягөз ауданының меншіктің және ведомстволық бағыныстылықтың барлық нысандарындағы шаруашылық жүргізуші субъектілер:

Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес «сары» аймақ үшін қарастырылған әлеуметтік-экономикалық объектілердің жұмысына шектеулер мен рұқсаттарды іске асыруды және бақылауды қамтамасыз етсін.

2. Қалалар мен аудандар әкімдері:

1) Облыс аумағының периметрі бойынша, сондай-ақ Өскемен, Семей, Риддер, Курчатов қалаларының және аудандардың периметрі бойынша шектеу шараларының қолданылу шекараларын сақтасын;

2) Өскемен, Семей қалаларында қоғамдық тәртіпті қорғау мен бақылауды 402 шаршыда (Өскемен қаласы - 200, Семей қаласы - 202) 40 учаскелік полиция пунктіне (Өскемен қаласы - 23, Семей қаласы - 17) байланыстыра отырып, жүзеге асырсын;

3) 65 жастан асқан адамдарға және халықтың әлеуметтік қорғалатын топтарына бірінші кезекте қажетті тауарларды, азық-түлік пен дәрілік заттарды жеткізумен айналысатын еріктілердің жұмысын жалғастырсын;

4) пәтер иелерінің кооперативі, кондоминиумдарды басқару органдарымен және көп пәтерлі тұрғын үйлерге қызмет көрсететін басқа да ұйымдармен бірлесіп:

- кестеге сәйкес кіреберістерде, лифтілерде, паркингтерде профилактикалық дезинфекциялау жүргізуді және ылғалды жинауды;

- дезинфекциялық өңдеу жүргізу кестелерін және респираторлық аурулардың, оның ішінде коронавирустық инфекцияның алдын алу жөніндегі ақпараттық материалдарды хабарландыру тақталарына және басқа да көпшілікке көрінетін жерлерге орналастыруды жалғастырсын;

5) кейінге қалдыруға болмайтын шешімді талап ететін жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік органдар мен ұйымдарда азаматтарды жеке қабылдауды, қызметкерлердің жеке қатысуымен кеңестерді, семинарларды және т. б. өткізуді азайтсын;

6) сыртқы орта объектілеріне (адамдар көп жиналатын орындардағы ғимарат үй-жайларына, қоғамдық көліктерде, жабық және жылы аялдамаларда, әуежайларда, теміржол және автовокзалдарда, жер асты, жер үсті жаяу жүргіншілер өтпелерінде) дезинфекциялық және санитариялық өңдеу жүргізе отырып, облыстың елді мекендерінің аумағында санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды жүзеге асыруды жалғастырсын;

7) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалымен бірлесіп, эпидемиологиялық қадағалау мақсатында, сондай-ақ эпидемиологиялық көрсеткіштері бойынша, тиісті аумақтың бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулылары бойынша COVID-19-ға ПТР әдісімен зертханалық тексерулерден:

эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша:

- COVID-19-бен инфекциялық стационарға жатқызылған адамдардың;

- ЖРВИ және пневмониямен ауыратын науқастардың;

- COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғаны туралы құжаттамалық растау болмаған кезде COVID-19-бен ауыратын науқаспен жақын байланыстары қатарындағы адамдардың;

- респираторлық симптомдары және COVID-19-ға ұқсас басқа белгілері бар медицина қызметкерлерінің;

профилактикалық мақсатта:

- Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес теміржол, теңіз, өзен көлігінде және автоөтпе жолдарда Мемлекеттік шекарадағы өткізу пункттері арқылы Қазақстанға келетін азаматтардың;

- Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес авиарейстермен шетелден келетін адамдардың;

- COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғаны туралы құжаттамалық растау болмаған кезде жинау пункттерінде мерзімді әскери қызметке шақырылатын адамдар және әскери бөлімге келгеннен кейін жас әскерлердің;

- COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғаны туралы құжаттамалық растау болмаған кезде мерзімді әскери қызметтен кейін әскери бөлімдерден кету алдында әскерден босатылған адамдардың;

- COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғаны туралы құжаттамалық растау болмаған кезде стационарға жоспарлы емдеуге жатқызылатын пациенттердің;

- COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғаны туралы құжаттамалық растау болмаған кезде шұғыл емдеуге жатқызу кезінде пациенттердің;

- COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғаны туралы құжаттамалық растау болмаған кезде науқас балаға күтім жасауға медициналық ұйымдарға жатқызылған адамдардың;

- емдеуге жатқызу алдында жүкті әйелдердің;

- COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғаны туралы құжаттамалық растау болмаған кезде гемодиализдегі пациенттер айына 1 рет;

- COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғаны туралы құжаттамалық растау болмаған кезде пенитенциарлық мекемелерге (қылмыстық-атқару жүйелеріне) түсетін адамдардың (тергеуге алынғандар, айыпталушылар, сотталғандар);

- COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғаны туралы құжаттамалық растау болмаған кезде медициналық-әлеуметтік мекемелерге жаңадан түсетін қызметкерлерді және адамдарды ресімдеу кезінде, сондай-ақ кейіннен ай сайын медициналық-әлеуметтік мекемелердің қызмет алушылары мен қызметкерлерінің;

- COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алғаны туралы құжаттық растау болмаған кезде медициналық ұйымдарда практика басталар алдында медициналық жоғары оқу орындары мен медициналық колледждер студенттерінің;

- COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғаны туралы құжаттамалық растау болмаған кезде еңбек демалысынан, іссапардан, науқастануына және басқа да себептерге байланысты жұмыс орнында 5 және одан да көп күнтізбелік күн болмаған жағдайда медицина қызметкерлерінің өтуін қамтамасыз етсін;

эпидемиологиялық көрсеткіштері бойынша, тиісті аумақтың бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулылары бойынша (ШҚО СЭБ департаментімен алдын ала келісім бойынша):

- Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы бөлімдерінен әскерге шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген және запасқа шығарылатын әскери қызметшілердің әскери есепке қою орындарына, тұратын жеріне теміржол және әуе көлігімен жол жүрер алдында;

- мерзімді әскери қызмет өткеру орнына әскери командаларды қабылдау және ілесіп жүру үшін тағайындалған офицерлер мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілердің және белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген әскери қызметшілердің;

- қайта әлеуметтендіру және бейімдеу орталықтарына, сондай-ақ денсаулық сақтау ұйымдарына мәжбүрлі емдеуге түсетін, белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдардың;

- эпидемиологиялық көрсеткіштері бойынша басқа да адамдардың өтуін қамтамасыз етсін;

8) ҚР БМСД 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулысына (2021 жылғы 14 қаңтардағы № 2 қаулымен енгізілген өзгерістермен) және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 145-бабына сәйкес денсаулық сақтау ұйымдарында, жедел медициналық жәрдем машиналарында, жергілікті атқарушы органдар карантин үшін айқындаған үй-жайларда, сондай-ақ медицина қызметкерлері үйде медициналық көмек көрсету, ошақта эпидемиологиялық тергеу жүргізу, науқастардан және байланыста болған адамдардан сұрау және сауалнама алу кезінде аудио, фото және бейне түсірілім жүргізуге тыйым салуды қамтамасыз етсін.

3. Семей қаласы, Бородулиха, Шемонаиха, Үржар, Зайсан аудандарының әкімдері, ШҚО денсаулық сақтау басқармасы, ШҚО мемлекеттік кірістер департаменті, ШҚО полиция департаменті, қалалар мен аудандардың санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармалары:

1) Шығыс Қазақстан облысының сыртқы шекараларына кіруді/шығуды бақылау үшін Алматы облысы тарапынан 2 санитариялық бекеттің;

- Шығыс Қазақстан облысының сыртқы шекараларына кіруді/шығуды бақылау үшін Қарағанды облысы тарапынан 1 санитариялық бекеттің;

- Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінен теміржол, теңіз, өзен көлігінде және автоөтпе жолдарында келетін адамдарға қатысты шектеу шараларына» сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы автоөтпе жолдарына «Ауыл», «Уба», «Бақты», «Майқапшағай» (Шемонаиха, Бородулиха, Үржар, Зайсан аудандары бойынша 1 бірліктен) өткізу пункттерінде 4 санитариялық бекеттің жұмыс істеуін қамтамасыз етсін;

2) растайтын құжаттарды көрсеткен кезде осы қаулының 2-қосымшасында көрсетілген адамдарды қоспағанда, азаматтардың облыс аумағына (-н) келуіне/кетуіне тыйым салынсын.

Ерекше жағдайларда, осы қаулыда көрсетілген санаттарды қоспағанда, жекелеген санаттағы адамдарға санитариялық бекеттер арқылы шығуға және келуге рұқсат ауданның/қаланың жергілікті атқарушы органының шешімі бойынша берілуі мүмкін;

3) Тәуекелі жоғары аймақтан («қызыл» аймақтан), оның ішінде осы қаулының 2-қосымшасында көрсетілген адамдарда санитариялық бекеттерді кесіп өткен кезде COVID-19 коронавирустық инфекциясына ПТР-тестінің теріс нәтижесі туралы нәтиже берілген күннен бастап кіру сәтінде үш тәуліктен (72 сағаттан) аспайтын анықтаманың немесе COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алғаны туралы растайтын құжаттың (вакцинациялау паспортының электрондық нұсқасы) болуы міндетті.

Еріп жүрушілердің анықтамасы болған кезде 5 жасқа дейінгі балалар үшін анықтама ұсынылмайды;

4) қашықтықты сақтай отырып, байланыссыз термометрия жүргізу және респираторлық аурулар симптомдары мен COVID-19 коронавирустық инфекциясын жоққа шығармайтын белгілерінің болуына сауалнама жүргізу арқылы санитариялық бекеттерде бақылауды қамтамасыз етсін, деректерді ескере отырып, кейіннен ошақтарды оқшаулау орталығын (ОАО) хабардар етсін;

5) барлық жұмылдырылған қызметтерді биологиялық қауіпсіздік режимімен және оларды жеке қорғаныш құралдарымен, қажетті азық-түлікпен, жеке бас гигиена жағдайларымен қамтамасыз етсін;

6) жұқпалы ауруларға, оның ішінде COVID-19-ға күдікті адамдар анықталған жағдайда (респираторлық белгілерінің болуы (жөтел, дене қызуының көтерілуі (сұралушының айтуы бойынша), тынысының тарылуы) 103 телефоны бойынша жедел жәрдем шақыруды қамтамасыз етсін;

7) коронавирустық инфекцияға күдікті адамға жедел медициналық жәрдем көлігі келгенге дейін медициналық маска немесе матадан тігілген масканы беруді және қашықтықты сақтауды қамтамасыз етсін;

4. Әлеуметтік қашықтық пен маскалық режимді сақтаған кезде халықтың көшелерде және скверлерде, саябақтарда, алаңдарда, жағалауларда, серуендеу аймақтарында жүріп-тұруларына рұқсат етілсін.

5. Балаларға арналған арнайы және мамандандырылған ұйымдардың, білім беру қажеттіліктері ерекше балаларға арналған арнайы мектеп-интернаттардың (оның ішінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балаларға арналған), жалпы үлгідегі және дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттардың, сәбилер үйлерінің, балалар үйлерінің, жартылай стационарлық үлгідегі арнайы әлеуметтік қызметтер көрсететін балалар орталықтарының, сондай-ақ белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарды қайта әлеуметтендіру және бейімдеу орталықтарының қызметіне санитариялық-дезинфекциялық режимді күшейте отырып рұқсат етілсін.

Әлеуетті ата-аналар берілген күнінен бастап 3 тәуліктен аспаған теріс нәтижесі бар ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексеру туралы құжатты немесе COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алғаны туралы растайтын құжатты ұсынған кезде әлеуетті ата-аналардың оларды одан әрі асырап алуы, қорғаншылықты, қамқоршылықты белгілеу үшін жетім балалармен кездесу үшін сәбилер үйлері мен балалар үйлеріне баруына рұқсат етіледі.

Стационарлық сипаттағы қызмет көрсететін емдеу мекемелерінде, медициналық-әлеуметтік объектілерде (орталық қызметкерлері 14 күн тұратын стационарлық үлгідегі арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында, оның ішінде балалар орталықтарында) және мүгедектерге арналған оңалту орталықтарында карантин және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимнің сақталуын қамтамасыз етсін.

Жаңадан түсетін пациенттер медициналық-әлеуметтік мекемелерге COVID-19-ға зертханалық тексерудің теріс нәтижесін немесе COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғаны туралы құжатты бар болғанда қабылданады.

Берілген күнінен бастап 3 тәуліктен аспаған, теріс нәтижесі бар ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексеру туралы құжатты немесе COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алғаны туралы растайтын құжатты ұсынған кезде ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының медициналық-әлеуметтік объектілерге баруына рұқсат етіледі»;

6. Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті:

1) тұрғын үй секторында, саяжай алаптарында, базарларда, сауда объектілерінде, саябақтарда, скверлерде, аула ішіндегі балалардың ойын және спорт алаңдарында, рекреация аймақтарында, қоғамдық көлікте маскалық режим мен әлеуметтік қашықтықты сақтау тұрғысынан патрульдеуді күшейту және халыққа байланыссыз термометрия жүргізу;

2) учаскелік қызметтің жұмысын отбасылық, ұжымдық және өзге де бұқаралық іс-шараларды (үйлену тойлары, мерейтойлар және т. б.) анықтауға бағыттай отырып, материалдарды ресімдеп, кейіннен халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органдарға ұсыну;

3) үй карантиніндегі адамдарды бақылау;

4) карантиндеу орындарын күзету;

5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес осы қаулымен айқындалған шектеу режимі мен талаптарды бұзған тұлғаларға шаралар қолдану;

6) мереке және демалыс күндері кезеңінде көңіл көтеру және корпоративтік іс-шараларды ұйымдастыру фактілерін анықтау мен жолын кесу бойынша күшейтілген бақылау жасау жұмыстарын жалғастырсын және қамтамасыз етсін.

7. Қалалар мен аудандардың санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармалары, ШҚО білім басқармасы:

1) қаулының 3-қосымшасына сәйкес COVID-19 коронавирустық инфекциясы тіркелген жағдайда білім беру және тәрбиелеу объектілерін карантинге жабу және қашықтықтан оқыту нысанына көшу өлшемшарттарының орындалуын қамтамасыз етсін.

8. Қалалар мен аудандар әкімдері, қалалар мен аудандардың санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармалары, ШҚО денсаулық сақтау басқармасы:

1) өңірдегі COVID-19 коронавирустық инфекциясы бойынша эпидемиологиялық ахуалды және санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын ерекше бақылауда ұстасын;

2) вирустың репродуктивтік көрсеткіштерінің және халықтың COVID-19 коронавирустық инфекциясымен сырқаттанушылығының кез келген өзгерістеріне жедел әрекет етсін және шаралар қабылдасын;

3) денсаулық сақтау жүйесі инфрақұрылымының толық әзірлігін, барлық буындағы медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігін, қатер топтарын қадағалауды қамтамасыз етсін;

4) үй карантині кезінде қашықтықтан бақылау үшін мобильдік қосымшаны және басқа да мобильдік қосымшаларды пайдалануды ұсынсын;

5) медициналық ұйымдарда санитариялық қағидалар мен бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлер қаулыларының талаптарын мүлтіксіз сақтауды қамтамасыз етсін;

6) COVID-19 коронавирустық инфекциясына қарсы егу пункттерінің вакцинациялауға дайындығын қамтамасыз етсін;

7) халықты COVID-19 коронавирустық инфекциясына қарсы иммундауды өткізуге дайындау мен жүргізу жөніндегі іс-шараларды үйлестіруді және бағалауды қамтамасыз етсін;

8) «Қазақстан Республикасында халыққа коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинацияны жүргізу» жөніндегі уақытша әдістемелік ұсыныстардың және COVID-19 коронавирустық инфекциясының алдын алу бойынша вакциналарды сақтау және тасымалдау регламентінің орындалуын қамтамасыз етсін.

9. Қалалар мен аудандардың әкімдері, «Атамекен» ҚР ҰКП Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлер палатасына (келісу бойынша) және қалалар мен аудандардағы филиалдары, ШҚО кәсіпкерлік және индустриалық-инновациялық даму басқармасы, ШҚО полиция департаменті, қалалар мен аудандардың санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармалары, «Ashyq» жобасына қатысатын кәсіпкерлік субъектілері:

«Кәсіпкерлік объектілерінде «Ashyq» мобильдік қосымшасын енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 18 қаулысына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының аумағында «Ashyq» жобасын іске асыруды қамтамасыз етсін.

10. Облыстың қалалары мен аудандарының әкімдері, ШҚО кәсіпкерлік және индустриалық-инновациялық даму басқармасы, «Атамекен» ҚР ҰКП ШҚО кәсіпкерлер палатасы:

1) InfoKazakhstan.kz сайтында электрондық форматта берілетін санитариялық нормаларға сәйкестік актісі негізінде объектілердің қызметін қайта бастауды;

2) қоғамдық мониторинг мүмкіндігі үшін санитариялық нормаларға сәйкестік актісін объектіге кіреберісте көрінетін жерге орналастыруды;

3) шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде объектілердің жұмысына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптармен танысу үшін InfoKazakhstan.kz сайтының жұмысы туралы халықты, жеке және заңды тұлғаларды ақпараттандыруды;

4) кәсіпкерлердің бұзушылықтарды жою үшін уақтылы шаралар қабылдаулары мақсатында шағымдарды және шектеу режимін, оның ішінде карантинді бұзу фактілерін орналастыру үшін InfoKazakhstan.kz сайтын пайдалануды;

5) кәсіпкерлік субъектісі InfoKazakhstan.kz сайтында объектінің паспортына үй-жайларды келушілермен жоспарлы толтыру туралы мәліметтерді енгізуді (Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларымен айқындалатын шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңіндегі объектілердің қызметіне қойылатын талаптарға сәйкес 1 адамға белгіленген алаңды ескере отырып айқындалады және енгізіледі);

6) ресми веб-ресурстарда, БАҚ-та, әлеуметтік желілерде және өзге де ақпараттық ресурстарда қажетті ақпаратты орналастыру арқылы барлық меншік нысандарындағы ұйымдарды, мекемелер мен кәсіпорындарды хабардар етуді қамтамасыз етсін.

11. Мониторингтік топтар жұмысы шеңберінде мыналарды қамтамасыз етсін:

11.1. Қалалар мен аудандардың әкімдері, Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті, «Атамекен» ҚР ҰКП Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлер палатасы (келісім бойынша), еріктілер:

1) мониторингтік топтардың жұмыс істеуін қамтамасыз етсін;

2) мониторингтік топтардың қызметіндегі сыбайлас жемқорлық көріністерінің жолын кесу бөлігінде олардың қызметіне күшейтілген бақылау жасауды қамтамасыз етсін;

3) Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2020 жылғы 7 желтоқсандағы хаттамасымен (2020 жылғы 14 желтоқсандағы ведомствоаралық комиссия хаттамасымен енгізілген өзгерістермен) бекітілген «Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді сақтау жөніндегі талаптардың бұзылғаны анықталған кезде лауазымды адамдардың әкімшілік сипаттағы шараларды қолдану жөніндегі іс-қимыл алгоритмінің» сақталуын қамтамасыз етсін;

4) халықтың елді мекендерде, ғимараттарда, адамдар көп жиналатын орындарда, қоғамдық көлікте болған кезінде және жүріп-тұруы кезінде санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық шектеу шараларын, оның ішінде маскалық режимнің және әлеуметтік қашықтықтың сақталуына бақылауды күшейтсін;

5) мобильді мониторингтік топтардың нәтижелілігіне апта сайынғы бақылауды жүзеге асырсын;

6) ШҚО ішкі саясат басқармасымен, қалалардың/аудандардың ішкі саясат бөлімдерімен бірлесіп, мобильді мониторингтік топтардың жұмысын баспа және электрондық БАҚ және әлеуметтік желілерде жарияласын, халықпен кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының жүргізілуін (тұрақты брифингтер, онлайн талқылаулар және т. б) қамтамасыз етсін:

- қызметін қайта бастаған не қызметін шектемеген субъектілердің профилактикалық, эпидемияға қарсы және карантиндік іс-шараларды сақтауы бойынша мониторингтік топтардың тексеру нәтижелерін жария ету;

11.2. Қалалар мен аудандардың санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармалары:

1) ШҚО ішкі саясат басқармасымен, қалалардың/аудандардың ішкі саясат бөлімдерімен бірлесіп, мобильді мониторингтік топтардың жұмысын баспа және электрондық БАҚ және әлеуметтік желілерде жарияласын, халықпен кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының жүргізілуін (тұрақты брифингтер, онлайн талқылаулар және т. б) қамтамасыз етсін:

- карантин нормалары және өңірдегі ағымдағы эпидемиологиялық ахуал, қабылданып жатқан шаралар туралы;

- адамдардың сауаттылығын арттыру мәселелері жөнінде, қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайдағы іс-әрекеттер туралы және COVID-19 коронавирустық инфекциясының алдын алу мәселелері бойынша олардың әлеуметтік жауапкершілігі туралы;

- енгізілетін санитариялық талаптар және бұзушылықтарға жол берген адамдарды жауапқа тартудың тәртібі мен негіздері туралы;

- қызметін қайта бастаған не қызметін шектемеген субъектілердің профилактикалық, эпидемияға қарсы және карантиндік іс-шараларды сақтауы бойынша мониторингтік топтардың тексеру нәтижелерін жария ету туралы;