«Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін интеграциялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 29 наурыздағы № 123 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 5 желтоқсандағы № 603/НҚ бұйрығы

 «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін интеграциялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 29 наурыздағы № 123 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 5 желтоқсандағы № 603/НҚ бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін интеграциялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 29 наурыздағы № 123 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16777 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін интеграциялау қағидаларында:

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Мемлекеттік емес АЖ өнеркәсіптік пайдалануға енгізілген ЭҮСШ арқылы ғана мемлекеттік органның АЖ-мен интеграцияланады.

Интеграция кезінде сондай-ақ мемлекеттік және мемлекеттік емес АЖ ақпараттық қауіпсіздігі жөніндегі бірлескен жұмыстар шартының болуы ескеріледі.

Мемлекеттік органның АЖ-ны мемлекеттік органның интеграциялық сервисіне қосу осы Қағидалардың 2-тарауының 4-параграфына сәйкес жүзеге асырылады.

Мемлекеттік органның АЖ-ны мемлекеттік органның интеграциялық сервисіне қосу осы Қағидалардың 2-тарауының 4-параграфына сәйкес жүзеге асырылады.»;

7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«7. Уәкілетті орган мен сервистік интеграторды хабардар ете отырып, сервис иесінің немесе уәкілетті органның сұратуы бойынша оператор сервиске өзгерістер енгізеді немесе оны сервистер тізілімінен алып тастайды.

Оператор интеграциялық сервистің бастамашысы мемлекеттік сервисті пайдаланбаған жағдайда оны уәкілетті органның және (немесе) сервис иесінің және (немесе) сервистік интегратордың сұрау салуы бойынша дербес деректер мен құпия ақпаратты қамтитын сервистен интеграциялық сервистің бастамашысын ажыратады.»;

14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.