«Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» 2025 жылғы 15 наурыздағы № 171-VIII Кодексі (2026.01.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

Предыдущая страница

Республикалық, облыстық немесе аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджетте бекітілген сомалар шегінде төмен тұрған бюджеттерден жоғары тұрған бюджеттерге берілетін трансферттер бюджеттік алып қою болып табылады.

2. Жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдері:

республикалық бюджет пен облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттері арасында - Қазақстан Республикасының жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдері туралы заңында;

облыстық бюджеттер мен аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттер арасында - жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдері туралы облыстық мәслихаттың шешімінде;

аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттер мен аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттері арасында облыстық мәслихаттың жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдері туралы шешімінде белгіленген жалпы сипаттағы трансферттер көлемдерін өзгерту құқығынсыз аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджет туралы мәслихаттың шешімінде белгіленеді.

Жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдері әрбір үш жыл сайын өзгертілуге жатады.

3. Жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдерін белгілеу кезінде тиісті саланың (аяның) орталық немесе жергілікті уәкілетті органдарының ұсынысы бойынша шығыстардың жекелеген бағыттарын жергілікті бюджеттен қаржыландырудың ең төмен көлемдері көзделеді.

Жергілікті бюджеттен қаржыландырудың ең төмен көлемдері белгіленетін шығыстардың бағыттары олардың басымдығы мен әлеуметтік маңыздылығы ескеріле отырып айқындалады.

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары бюджетті атқару барысында шығыстардың жекелеген бағыттарын жергілікті бюджеттен қаржыландырудың ең төмен көлемдері белгіленген бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша қаражатты шығыстардың жекелеген бағыттарын жергілікті бюджеттен қаржыландырудың ең төмен көлемдерін айқындаған тиісті саланың (аяның) орталық уәкілетті органымен және (немесе) жергілікті атқарушы органымен келісу бойынша жергілікті бюджет шығыстарының басқа бағыттарына қайта бөлуге құқылы.

Жергілікті атқарушы органдар жергілікті бюджеттен шығыстардың жекелеген бағыттарын жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдері туралы заңда және (немесе) облыстық мәслихаттың шешімінде белгіленген ең төмен көлемдерден төмен қаржыландырған жағдайда, бюджетті атқару барысында оған енгізілген өзгерістер ескеріле отырып белгіленген соманың өткен қаржы жылының қорытындысы бойынша тиісті қаржы жылының соңындағы төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарының жылдық сомасынан асып кеткен сомасы келесі үш жылдық кезеңге арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдерін айқындау кезінде ескеріледі.

4. Жалпы сипаттағы нысаналы емес трансферттер мемлекет кепілдік берген көрсетілетін қызметтерді ұсынуды, жергілікті атқарушы органның міндеттері мен функцияларын іске асыруды қаржылық қамтамасыз етуге арналған және оларды пайдалану бағыттары белгіленбей, өтеусіз және қайтарымсыз негізде беріледі.

Жалпы сипаттағы нысаналы емес трансферттерде ағымдағы шығындар мен дамуға арналған шығындар қамтылады. Бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға бағытталған шығындар дамуға арналған шығындарға жатады.

Қалған шығындар ағымдағы шығындарға жатады.

5. Жалпы сипаттағы нысаналы трансферттер осы Кодекстің 75-бабы 18-тармағының екінші бөлігіне сәйкес қалыптастырылады және онда жалпы сипаттағы трансферттердің үш жылдық көлемдерінің қолданылуы кезеңінде олардың нысаналы мақсаты сақтала отырып, тиісті бюджетте нысаналы трансферттер түрінде бекітілген төмен тұрған бюджеттерге берілетін трансферттер қамтылады.

6. Орталық және жергілікті атқарушы органдардың, басқа да ұйымдардың өзара іс-қимыл тәртібін, тиісті саланың (аяның) орталық уәкілетті органдарының және жергілікті атқарушы органдардың жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу үшін қажетті нысандарды, көрсеткіштер тізбелерін ұсыну және келісу тәртібін және олардың пайдаланылуына мониторинг жүргізу тәртібін қамтитын жалпы сипаттағы трансферттерді жоспарлау тәртібін бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.

7. Жалпы сипаттағы трансферттерді аударудың тәртібі мен кезеңділігін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.

8. Жалпы сипаттағы трансферттерді жоспарлау және оларды пайдалану кезіндегі жауаптылық осы Кодекстің 41-бабында айқындалады.

 

80-бап. Жалпы сипаттағы трансферттерді жоспарлау процесі

1. Жалпы сипаттағы трансферттерді жоспарлау процесі жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдері туралы қолданыстағы заң немесе мәслихаттың шешімі аяқталатын жылы басталады.

2. Жергілікті бюджеттердің кірістері мен шығындарының болжамды көлемдері бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейтін және бекітетін жалпы сипаттағы трансферттерді есептеудің үлгілік әдістемесі негізінде есептеледі.

Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар), аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемдері осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес әзірленетін үлгілік әдістеме негізінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы айқындайтын тәртіппен есептеледі.

3. Жергілікті бюджеттер кірістерінің болжамды көлемінде өңірдің кіріс әлеуеті ескеріледі.

Өңірдің кіріс әлеуеті - үш жылдық кезеңге арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдерін белгілеу кезінде өңірдің кірістерін айқындау үшін есептелетін, салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер түсімдерінің ең жоғары ықтимал сомасы;

Кірістердің болжамды көлемдеріне жер қой науын пайдалануға арналған келісімшарттарға сәйкес өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және оның инфрақұрылымын дамытуға жер қойнауын пайдаланушылардың аударымы жөніндегі міндеттемелерді орындау шеңберінде облыстық әкімдік, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдігі мен жер қойнауын пайдаланушылар арасында жасалған меморандумдар бойынша сомалар бөлек қоса беріледі.

Осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген мәліметтер орталық салалық уәкілетті органдар мен жергілікті атқарушы органдар ұсынатын есептік деректер негізінде қалыптастырылады.

2025.17.07. № 213-VIII ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2025 ж. 29 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Жергілікті бюджеттер шығындарының болжамды көлемдері осы Кодекстің 43-бабына сәйкес шығыстарға міндетті түрде шолу жүргізіле отырып айқындалады.

Жергілікті бюджеттер шығындарының болжамды көлемдерінде нысаналы трансферттер, жергілікті атқарушы органның борышына қызмет көрсетуге және оны өтеуге арналған шығындар, бюджеттік кредиттер, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары, «толық бітіріп берілетін» құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелер, имидждік шығыстар, гранттар, зерттеулер, консалтингтік көрсетілетін қызметтер, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалар ескерілмейді.

Осы Кодекстің 84-бабының 3-тармағына сәйкес жүргізілетін мониторингтеу нәтижелері ескеріле отырып айқындалатын бюджеттік алып қою болжанатын және тиісті бюджет комиссиясының оң ұсынысы бар жергілікті бюджеттер шығындарының болжамды көлеміне қосымша көрсеткішті қолдануға жол беріледі.

Жергілікті бюджеттердің ағымдағы шығындарының болжамды көлемдері Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген индекстеу және өңірдегі мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың болжамды саны ескеріле отырып есептеледі.

Жергілікті бюджеттердің күрделі шығындары мен дамытуға арналған шығындарының болжамды көлемдері тиісті орталық салалық мемлекеттік органдар жергілікті атқарушы органдармен, бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті органмен және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша әзірлейтін және бекітетін, оларды қаржыландырудың салалық әдістемелеріне сәйкес есептеледі және осы тармақтың бірінші бөлігінде айқындалған жалпы сипаттағы трансферттерді есептеудің үлгілік әдістемесіне сәйкес абсолюттік сомалармен жалпы сипаттағы нысаналы емес трансферттердің көлемдеріне енгізіледі.

Осы тармақтың бесінші бөлігінде көзделген салалық әдістемелерді әзірлеу кезінде:

осы Кодекстің 70-бабының 3-тармағында және 84-бабының 3-тармағында көзделген, ең төмен стандарттар және елді мекендерге арналған өңірлік стандарттар жүйесі;

осы Кодекстің 37-бабы 5 және 6-тармақтарының, 148-бабы 8-тармағының, 149-бабы 3-тармағының талаптары;

Қазақстан Республикасының салалық заңнамасына сәйкес басқа да талаптар ескеріледі.

5. Жалпы сипаттағы трансферттерді жоспарлау үшін аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдары, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары осы баптың 2-тармағында айқындалған жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу әдістемесі негізінде есеп телген жергілікті бюджеттердің кірістері мен шығындарының болжамды көлемдері бойынша ұсыныстарды қалыптастырады.

6. Жалпы сипаттағы трансферттерді жоспарлау процесі жылдың 1 ақпанында басталады және онда:

1) осы баптың 3-тармағына сәйкес:

аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер;

облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының аудандар (облыстық маңызы бар қалалар);

бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті органның облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттері кірістерінің болжамды көлемдерін айқындауы;

2) осы баптың 4-тармағына сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарымен және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарымен бірлесіп, жалпы сипаттағы нысаналы емес трансферттер шығындарының болжамды көлемдерін айқындауы;

3) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарымен және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттарымен бірлесіп, мәслихаттың жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдері туралы қолданыстағы шешімі аяқталатын жылдың 1 сәуіріне дейінгі мерзімде жалпы сипаттағы нысаналы және нысаналы емес трансферттер бойынша жергілікті бюджеттердің кірістері мен шығындарының болжамды көлемдері жөніндегі ұсыныстарды қалыптастыруы қамтылады.

Жалпы сипаттағы нысаналы трансферттердің болжамды көлемдері осы Кодекстің 75-бабы 18-тармағының екінші бөлігіне сәйкес жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдеріне енгізу туралы шешім қабылдау үшін алдыңғы қаржы жылдарына нысаналы трансферттер, оның ішінде кезекті үш жылдық кезеңге арналған жалпы сипаттағы трансферттерді жоспарлау кезінде жергілікті бюджеттердің шығындарына енгізілгендері есебінен қаржыландырылған шығыстарға олардың жүргізіліп жатқан салалық саясатқа сәйкестігі тұрғысынан міндетті түрде талдау жүргізіле отырып, тиісті орталық салалық мемлекеттік органдармен - республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерімен және (немесе) жоғары тұрған жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерімен бірлесіп айқындалады;

4) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының жалпы сипаттағы нысаналы және нысаналы емес трансферттер бойынша жергілікті бюджеттердің кірістері мен шығындарының болжамды көлемдері жөніндегі ұсыныстарды жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдері туралы қолданыстағы заң аяқталатын жылдың 15 сәуіріне дейінгі мерзімде бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті органға енгізуі;

5) бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті органның алдағы үш жылдық кезеңге арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдерін айқындауы және республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері шығыстарының лимиттерін айқындау кезінде есепке алу үшін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсынуы;

6) республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері шығыстарының лимиттерін айқындау кезінде ескерілген және Республикалық бюджет комиссиясының оң ұсынысы бар, алдағы үш жылдық кезеңге арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдерін жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдері туралы қолданыстағы заң аяқталатын жылдың 7 маусымына дейін бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті органға жеткізуі;

7) бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті органның жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдерін айқындауы және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына жеткізуі;

8) жалпы сипаттағы трансферттер туралы заң жобасын және жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдері туралы облыстық мәслихат шешімінің жобасын қалыптастыру қамтылады.

7. Орталық салалық мемлекеттік органның бірінші басшысы осы Кодекстің 41-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.

 

81-бап. Республикалық бюджет пен облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдері туралы заң жобасын әзірлеу

1. Бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті орган үш жылдық кезеңге арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдері туралы заң жобасын әзірлейді және оны Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.

2. Жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдері туралы заң жобасының мәтінінде жылдар бойынша бөлін ген, үш жылдық кезеңге арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдері абсолютті мәнде қамтылуға тиіс.

3. Жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдері туралы заң жобасына жылдар бойынша бөлінген және өңірлер бөлінісінде үш жылдық кезеңге:

нысаналы емес және нысаналы мақсаты көрсетіле отырып нысаналы болып бөлінген жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдері қоса беріледі.

Жалпы сипаттағы нысаналы трансферттер көлемдерінің нысаналы мақсаты, осы бағыттың мақсаттарына қол жеткізу шегінде оларды қайта бөлу жағдайларын қоспағанда, өзгертілуге жатпайды;

дамуға арналған шығындар;

тиісті саланың (аяның) орталық уәкілетті органдарының ұсынысы бойынша шығыстардың жекелеген бағыттарын жергілікті бюджеттен қаржыландырудың ең төмен көлемдері қоса беріледі.

4. Бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті орган жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдері туралы заң жобасын жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдері туралы қолданыстағы заң аяқталатын жылдың 15 тамызынан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне қарауға ұсынады.

5. Қазақстан Республикасының Үкіметі жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдері туралы заң жобасын жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдері туралы қолданыстағы заң аяқталатын жылдың 1 қыркүйегінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Парламентіне енгізеді.

6. Жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдері туралы заң жобасы және жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдері туралы облыс мәслихаты, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихаты шешімінің жобасы осы Кодекстің 40-бабына сәйкес жариялануға жатады.

 

82-бап. Жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдері туралы облыстық мәслихат шешімінің жобасын әзірлеу

1. Облыстың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдері туралы облыстық мәслихат шешімінің жобасын жасайды және оны республикалық бюджет пен облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдері туралы заң жобасы Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізілгеннен кейін тиісті бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.

2. Облыстың жергілікті атқарушы органы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдері туралы облыстық мәслихат шешімінің жобасын республикалық бюджет пен облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдері туралы заң бекітілгеннен кейін мәслихатқа енгізеді.

3. Жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдері туралы облыстық мәслихаттың шешімі жобасының мәтінінде жылдар бойынша бөлінген және өңірлер бөлінісінде үш жылдық кезеңге арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдері абсолюттік мәнде қамтылуға тиіс.

4. Жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдері туралы облыстық мәслихат шешімінің жобасына жылдар бойынша бөлінген және өңірлер бөлінісінде үш жылдық кезеңге:

нысаналы емес және нысаналы мақсаты көрсетіле отырып нысаналы болып бөлінген жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдері;

дамуға арналған шығындар;

тиісті саланың (аяның) жергілікті уәкілетті органдарының ұсынысы бойынша шығыстардың жекелеген бағыттарын жергілікті бюджеттен қаржыландырудың ең төмен көлемдері қоса беріледі.

5. Жалпы сипаттағы нысаналы трансферттер көлемдерінің нысаналы мақсаты, осы бағыттың мақсаттарына қол жеткізу шегінде оларды қайта бөлу жағдайларын қоспағанда, өзгертілуге жатпайды.

6. Облыстың жергілікті атқарушы органы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдері туралы облыстық мәслихат шешімінің жобасын жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылдың 15 қазанынан кешіктірмей тиісті мәслихатқа енгізеді.

 

83-бап. Нысаналы трансферттер

1. Нысаналы трансферттер ағымдағы нысаналы трансферттер және нысаналы даму трансферттері болып бөлінеді.

2. Жалпы сипаттағы трансферттердің үш жылдық көлемдерінің қолданылуы кезеңінде республикалық немесе облыстық бюджеттерде бекітілген сомалар шегінде:

1) жоғары тұрған бюджеттер төмен тұрған бюджеттерге беретін, төмен тұрған бюджеттердің шығыстарын ұлғайтуды және (немесе) кірістерін азайтуды көздейтін Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасы министрлерінің және орталық мемлекеттік органдардың өзге де басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтарын, орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық қаулыларын, орталық мемлекеттік органдардың ведомстволары басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтарын, облыстың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) өкілді және атқарушы органдарының нормативтік құқықтық актілерін қабылдаудан туындайтын, төмен тұрған бюджеттердің шығындарын өтеуге бағытталған;

2) төмен тұрған бюджеттер жоғары тұрған бюджеттерге беретін, мемлекеттік органдар функцияларының мемлекеттік басқарудың төмен тұрған деңгейінен жоғары тұрған деңгейіне берілуіне байланысты жоғары тұрған бюджеттің шығыстарын ұлғайтуды көздейтін заңнамалық актілерді, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін қабылдаудан туындайтын, жоғары тұрған бюджеттер дің шығындарын өтеуге бағытталған трансферттер ағымдағы нысаналы трансферттер болып табылады.

3. Жоғары тұрған бюджеттер жергілікті бюджеттік даму бағдарламаларын іске асыру үшін республикалық, облыстық, аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджетте бекітілген сомалар шегінде төмен тұрған бюджеттерге беретін трансферттер нысаналы даму трансферттері болып табылады.

83-бабы 3-тармағының бірінші және екінші бөліктері 2025 ж. 31 желтоқсанға дейін қолданылады

Жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджеттерге нысаналы даму трансферттері бюджеттік инвестицияларды төмен тұрған жергілікті бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен бөлінеді.

Нысаналы даму трансферттерін жоғары тұрған бюджеттер төмен тұрған бюджеттерге қаржыландырудың балама көздері болмаған кезде осы Кодекстің 148-бабының 8-тармағына сәйкес аса маңызды объектілерді және жалпы ел үшін маңызы бар жобаларды қаржыландыруға береді.

4. Нысаналы трансферттерді жоспарлау үшін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарымен және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкім дерінің аппараттарымен бірлесіп, инвестициялық жоспарды және осы Кодекстің 73-бабының 1 және 3-тармақтарына сәйкес тиісті нормативтік құқықтық актілерді қарау қорытындыларын ескере отырып, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың даму жоспарлары негізінде нысаналы трансферттердің болжамды көлемдерін айқындайды және бюджет жобасын жоспарлау шеңберінде қарау үшін салалық мемлекеттік органдарға - республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне және (немесе) жоғары тұрған жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне жібереді.

5. Жоғары тұрған бюджеттер төмен тұрған бюджеттерге беретін нысаналы даму трансферттерінің көлемдерін төмен тұрған бюджеттерді атқару барысында қосымша алынған кірістерге байланысты азайтуға жол берілмейді.

6. Осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес жергілікті бюджеттердің кірістерін қысқартуды өтеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді қоспағанда, жергілікті атқарушы органдар нысаналы трансферттерді тек бюджеттік бағдарламалардың тиісті паспорттарында айқындалған нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланады.

Осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес жергілікті бюджеттер кірістерін қысқартуды өтеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер төмен тұрған бюджеттердің түсімдерінде ғана көрсетіледі.

7. Нысаналы трансферттерді аудару, бөлінген нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген түпкілікті нәтижелер туралы есепті жасау және ұсыну тәртібін, сондай-ақ бөлінген нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген түпкілікті нәтижелер туралы есептің нысанын және жоғары тұрған бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттерге мониторинг жүргізу тәртібін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.

8. Нысаналы трансферттерді бөлу және пайдалану кезінде лауазымды адамдардың Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылығы осы Кодекстің 41-бабында айқындалған.

 

84-бап. Бюджетаралық қатынастар саласындағы мониторингтеу

1. Жалпы сипаттағы трансферттер бойынша тиісті саланың (аяның) жергілікті уәкілетті органдары:

жалпы сипаттағы нысаналы трансферттерді;

дамуға арналған шығындарды;

жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдері туралы заңда белгіленген қаржыландырудың ең төмен көлемдерін мониторингтеуді қамтамасыз етеді.

Осы баптың 1-тармағында көрсетілген мониторингтеу нәтижелері жыл қорытындылары бойынша есепті қаржы жылындағы жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті дайындау шеңберінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарының мақсаттары мен нысаналы индикаторларына қол жеткізуді бағалау үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ревизиялық комиссияларына, есепті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті дайындау шеңберінде тиісті бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) іске асырылуы бойынша талдамалық ақпарат дайындау үшін өңірлік саясат жөніндегі орталық уәкілетті органға, орталық салалық мемлекеттік органдарға ұсынылады.

2. Жоғары тұрған бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттерді мониторингтеу осы Кодекстің 119-бабына сәйкес жүргізілетін бюджеттік мониторинг шеңберінде жүзеге асырылады.

3. Өңірлік саясат жөніндегі орталық уәкілетті орган мүдделі орталық және жергілікті мемлекеттік органдармен бірлесіп, елді мекендерге арналған өңірлік стандарттар жүйесі шеңберінде елді мекендердің типіне (қала, ауыл) және мөлшеріне (халық санына) қарай объектілер мен көрсетілетін қызметтердің (игіліктердің) ең төмен міндетті деңгейімен елді мекендердің қамтамасыз етілуіне жыл сайынғы мониторингті жүргізеді. Мониторинг жүргізу тәртібін өңірлік саясат жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.

 

 

16-тарау. БЮДЖЕТТІ ӘЗІРЛЕУ ПРОЦЕСІ

 

85-бап. Бюджетті әзірлеу туралы жалпы ережелер

1. Республикалық бюджетті бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган жыл сайын жоспарлы кезеңге әзірлейді.

2. Облыстық бюджетті, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерін, аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджетті мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар жыл сайын жоспарлы кезеңге әзірлейді.

3. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетін аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты жыл сайын жоспарлы кезеңге әзірлейді.

 

86-бап. Республикалық бюджет туралы заң жобасын әзірлеу

1. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган республикалық бюджеттің жобасын жасайды және оны Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.

2. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнамасына сәйкес республикалық бюджет жобасы шығыстарының негізгі бағыттары бойынша алдын ала бағалау жүргізу үшін республикалық бюджеттің жобасын ағымдағы қаржы жылының 1 тамызынан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасына қарауға ұсынады.

3. Жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджеттің жобасы осы Кодексте және бірыңғай бюджеттік сыныптамада айқындалған құрылымға сәйкес жоспарлы кезеңнің әрбір жылы бойынша жекелеген қосымшалармен қалыптастырылады.