Азаматтық қорғаныс объектілерін құру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 1357 Қаулысы
(2024.27.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2025 жылғы 25 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2024.20.03. № 214 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (2024 ж. 27 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 31) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Азаматтық қорғаныс объектілерін құру және пайдалану қағидалары бекітілсін.
2. Құпия.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 19 желтоқсандағы
№ 1357 қаулысымен
бекітілген
Азаматтық қорғаныс объектілерін құру және пайдалану
қағидалары
1. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 2024.20.03. № 214 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 27 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Осы Азаматтық қорғаныс объектілерін құру және пайдалану қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық қорғаныс объектілерін құру және пайдалану тәртібін айқындайды.
ҚР Үкіметінің 2024.20.03. № 214 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (2024 ж. 27 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) азаматтық қорғаныс объектiлерi - басқару пункттерi, жеке тұрған және қосып салынған паналайтын жерлер, радиацияға қарсы жасырын паналар, азаматтық қорғаныс мүлкiн сақтауға арналған қойма үй-жайлары;
Для того, чтобы получить доступ к документу,
Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.