Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы
Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2023 жылғы 13 қарашадағы № 87 Шешімі
(2024.10.05. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2024 жылғы 20 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-3 тармағына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27 бабына, «Әлеуметтік көмек өрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 қаулысына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары бекітілсін (бұдан әрі-Қағидалар).
2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешіммен бекітілген Қағидалардың 6 тармағының 8) тармақшасы 2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданады деп белгіленсін.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2024.19.04. № 150 шешiмiмен қағида жаңа редакцияда (2024 ж. 10 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)
Солтүстік Қазақстан облысы
Тайынша ауданы мәслихатының
2023 жылғы 13 қарашадағы
№ 87 Шешіммен бекітілген