(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК КӨРСЕТУ, ОНЫҢ МӨЛШЕРЛЕРІН БЕЛГІЛЕУ...

Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және Петропавл қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы
Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 2023 жылғы 24 қарашадағы № 2 шешімі

(2025.04.12. берілген өзгерістермен)

 

Осы редакция 2026 ж. 16 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-3-тармағына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 қаулысына сәйкес, Петропавл қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Қоса беріліп отырған Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және Петропавл қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) бекітілсін.

2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Петропавл қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

3. Осы шешіммен бекітілген Қағидалардың 6-тармағының 8) тармақшасы 2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады деп белгіленсін.

4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Петропавл қалалық мәслихат төрағасы

А. Бердагулов

 

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 2024.27.03. № 4 шешімімен (2024 ж. 19 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.27.02. № 5/21 шешімімен (2025 ж. 24 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) қағида жаңа редакцияда

Солтүстік Қазақстан облысы

Петропавл қалалық мәслихатының

2023 жылғы 24 қарашадағы

№ 2 Шешіммен бекітілген

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.