Кемелерді лоцмандық алып өтуді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 5 қыркүйектегі № 646 бұйрығы
(2025.20.09. берілген өзгерістермен)
ҚР Көлік министрінің м.а. 2025.29.08. № 281 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2025 ж. 20 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 45-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Кемелерді лоцмандық алып өтуді жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың көшірмелерін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қағаз және электрондық түрде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі |
Ж. Қасымбек |
Инвестициялар және даму
министрінің
2016 жылғы 5 қыркүйектегі
№ 646 бұйрығымен
бекітілген