Атыс қаруын және өзге де қаруды, арнайы құралдарды және дене күшін бөлімшенің (топтың) құрамында қолданған жағдайда, көрсетілген ескертуді бөлімше (топ) басшысы немесе арнаулы атағы, сыныптық шені жоғары қызметкер жасайды;
2) жеке тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, зардап шеккендерге шұғыл медициналық көмек көрсету үшін қажетті шаралар қолдануға;
3) атыс қаруын және өзге де қаруды, арнайы құралдарды, дене күшін қолданғаны туралы тікелей басшыға дереу баяндауға міндетті.
5. Адамдардың қаза табуына немесе өзге де ауыр салдарға әкеп соққан атыс қаруы және өзге де қару, арнайы құралдар, дене күші қолданылған әрбір оқиға туралы прокурорға дереу хабар беріледі.
6. Қызметкерлердің атыс қаруын және өзге де қаруды, арнайы құралдарды, дене күшін өз өкілеттіктерін асыра пайдалана отырып қолдануы заңда белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
2025.30.06. № 203-VIII ҚР Заңымен 63-бап жаңа редакцияда (2025 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
63-бап. Қызметкерлерді əлеуметтік қорғау
1. Қызметкерлер, олардың отбасы мүшелері мен мүлкі Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес мемлекеттің қорғауында болады.
2. Осы Заңда белгіленген құқық қорғау органдарында қызмет өткерудің ерекше сипаты мен қызметкерлердің жауапкершілігі қосымша əлеуметтік құқықтармен жəне жеңілдіктермен өтеледі.
3. Құқық қорғау органының қызметкерін қызмет бабында бір елді мекеннен екінші елді мекенге елу километрден астам қашықтыққа көшумен байланысты ауыстыру жəне жылжыту кезінде қызметкердің өзіне екі айлық ақшалай қаражат жəне онымен бірге көшіп келген əрбір отбасы мүшесіне жарты айлық ақшалай қаражат мөлшерінде көтерме жəрдемақы төленеді.
Құқық қорғау органының қызметкерін қызмет бабында ауыстыру жəне жылжыту кезінде оған бюджет қаражаты есебінен он тоннаға дейін өз мүлкін тасымалдағаны үшін, сондай-ақ онымен бірге көшіп келген отбасы мүшелерін қоса алғанда, теміржол, су, автомобиль көлігінде жол жүргені үшін шығындар өтеледі.
Қызмет бабында ауыстыру жəне жылжыту кезінде көтерме жəрдемақыға, көлікте жол жүру жəне өз мүлкін тасымалдау шығындарының өтелуіне құқығы бар құқық қорғау органдары қызметкерлері лауазымдарының тізбесін құқық қорғау органының басшысы айқындайды.
Ескертпе. Осы бапта құқық қорғау органы қызметкерлерінің отбасы мүшелері деп: жұбайы (зайыбы), ерлі-зайыптылардың ортақ немесе біреуінің кəмелетке толмаған (асырап алған, асырауындағы немесе қорғаншылығындағы) балалары; жұбайының (зайыбының) білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын жиырма үш жасқа дейінгі балалары; мүгедектігі бар (асырап алынған, асырауындағы немесе қамқорлығындағы) балалар жəне жұбайының (зайыбының) он сегіз жасқа дейін мүгедектік белгіленген мүгедектігі бар балалары; қызметкердің асырауындағы ата-аналары мен жұбайының (зайыбының) ата-аналары түсініледі.
Асырауындағы адамдар деп құқық қорғау органы қызметкерінің табысы есебінен өмір сүретін жəне дербес табыс көзі жоқ отбасы мүшелері танылады.
64-бап. Қызметкерлерге еңбекақы төлеу, оларды зейнетақымен және өзгедей қамсыздандыру
2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда; 2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қызметкерлердің ақшалай ризығы Қазақстан Республикасының Президентімен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін, мемлекеттік бюджет есебінен қамтылатын барлық органдар үшін жұмыскерлердің еңбегіне ақы төлеудің бірыңғай жүйесіне сәйкес белгiленедi және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленетін ақшалай жабдықталымды және қызмет өткерудiң ерекше жағдайлары үшiн үстемеақыларды, сондай-ақ басқа да үстемеақыларды, қосымша ақыларды қамтиды.
Қызметкерлерге қызмет өткерудiң ерекше жағдайлары үшiн үстемеақылар, сондай-ақ басқа да үстемеақылар, қосымша ақылар белгілеу тәртібін құқық қорғау органының басшысы бекітеді.
2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен (2022 ж. 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Қызметкерлердiң ақшалай қаражаты лауазымдық айлықақыдан және арнаулы атағы немесе сыныптық шені үшiн берілетін қосымша ақыдан тұрады.
Лауазымдық айлықақыны және сауықтыруға берілетін жәрдемақыларды есептеу үшін жұмыс өтілі Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.
2023.20.04. № 226-VІІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Қызметкерлерді зейнетақымен қамсыздандыру, мүгедектiгi бойынша мемлекеттік әлеуметтiк жәрдемақылар төлеу Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
4. Қызметкерлердiң iссапар куәлiгiн көрсету арқылы көлiктің барлық түрiнде жол жүру құжаттарын және мейманханаларда тұру үшiн орынды бiрiншi кезекте алуға құқығы бар.
2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды
5. Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің, оның ішінде қызмет өткеру уақытында қаза тапқан, қайтыс болған немесе хабарсыз кеткендердің балаларына жергілікті атқарушы органдар тұрғылықты жері бойынша балаларға арналған мектепке дейінгі мекемелерден кезектен тыс орындар береді.
2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
6. Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларының мөлшерін арттыру республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген мөлшерде үш жылда бір рет жүзеге асырылады.
65-бап. Еңбекке уақытша жарамсыздығы кезеңінде қызметті өткеру ерекшеліктері
1. Еңбекке уақытша жарамсыздығы, қызметкердің емделуде үздiксiз болу кезеңі, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жекелеген аурулар бойынша емделудiң бұдан да ұзақ мерзiмi көзделген жағдайларды қоспағанда, төрт айдан аспауға тиiс. Қызметкер емделуде үздiксiз болуының белгiленген мерзiмi өткен соң, өзiнiң одан әрi қызмет атқаруға жарамдылығы туралы мәселенi шешу үшiн әскери-дәрiгерлiк комиссияның медициналық куәландырудан өтуге тиiс.
2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Қызметтік мiндеттерiн және қызметтiк борышын орындау кезiнде мертігуіне (жаралануына, контузия алуына, жарақаттануына) байланысты қызметкерлердің емделу уақытына шек қойылмайды. Аталған адамдар медициналық куәландыруға емделiп болған соң немесе ауруының нәтижесi анықталған жағдайда жiберiледi.
2015.29.10. № 374-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Жиi және ұзақ ауыратын қызметкерлерді, егер еңбекке жарамсыз болған күндерiнiң саны он екі айда сол бiр ауру бойынша үзiлiссiз төрт айға дейiнгі немесе жыл iшiнде әртүрлi аурулар бойынша бес айға дейiнгi уақытты құрайтын болса, қызметтi одан әрi өткеруге жарамдылығын анықтау үшiн құқық қорғау органының кадр қызметі емдеу-профилактика мекемелерінiң ұсынулары бойынша әскери-дәрiгерлiк комиссияға медициналық куәландыруға жiбередi.
2014.23.04. № 200-V ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды; 2017.03.07. № 84-VI ҚР Заңымен 3-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3-1. Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін еңбекке жарамсыздықтың неғұрлым ұзақ мерзімі белгіленген ауруларды қоспағанда, қызметкер осы баптың 3-тармағында көрсетілген мерзімдерден асатын әртүрлі аурулар бойынша еңбекке жарамсыз болған жағдайда, осы қызметкер құқық қорғау органының қарамағына есепке алынады.
4. Қызметкерлерге олардың еңбекке уақытша жарамсыздығы кезеңінде ақшалай үлес толық көлемінде төленеді.
66-бап. Қызметкерлер қаза тапқан (қайтыс болған) немесе мертiккен жағдайда берiлетiн кепiлдiктер
2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қызметкерлер қызметтiк мiндеттерiн атқарып жүрген кезеңiнде мертіккен (жараланған, контузия алған, жарақаттанған) жағдайда оған бiржолғы өтемақы төленедi, ал қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда ол оны алуға құқығы бар адамдарға беріледі.
2. Біржолғы өтемақыны төлеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2020 ж. 16 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Қызметкер қызметтік міндеттерін атқару кезінде алған науқастануы, мертігуі (жарақаттануы, жаралануы, контузия алуы) салдарынан не қызметтік міндеттерін атқару кезінде алған науқастануы, мертігуі (жарақаттануы, жаралануы, контузия алуы) салдарынан қызметтен босатылғаннан кейінгі бір жыл ішінде қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, асырауындағы адамдарына немесе мұрагерлеріне оның соңғы атқарған лауазымы бойынша алпыс айлық ақшалай қаражаты мөлшерінде біржолғы өтемақы төленеді.
2015.29.10. № 374-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді
4. Қызметкерге қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде науқастануы, мертігуі (жарақаттануы, жаралануы, контузия алуы) салдарынан немесе қызметкер құқық қорғау қызметінен босатылған күнінен бір жыл өткенге дейін міндеттерін атқару кезінде науқастануы, мертігуі (жарақаттануы, жаралануы, контузия алуы) салдарынан болған мүгедектік белгіленгенде біржолғы өтемақы:
2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға - отыз айлық ақшалай қаражат;
2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) екінші топтағы мүгедектігі бар адамға - он сегiз айлық ақшалай қаражат;
2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) үшінші топтағы мүгедектігі бар адамға - алты айлық ақшалай қаражат мөлшерiнде бiржолғы өтемақы төленедi.
5. Қызметкерлер қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде мүгедектiкке соқтырмайтын ауыр мертіккен (жарақат алған, жараланған, контузия алған) жағдайда, оларға бiр жарым айлық ақшалай қаражаты мөлшерiнде, жеңiл зақым алған жағдайда жарты айлық ақшалай қаражаты мөлшерiнде бiржолғы өтемақы төленедi.
2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 5-1-тармақпен толықтырылды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
5-1. Қызметтік міндеттерін атқару кезінде мертігуі (жарақаттануы, жаралануы, контузия алуы) салдарынан денсаулық жағдайы бойынша құқық қорғау органдарынан шығарылған қызметкерлерге Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын мөлшерде және тәртіппен ай сайын ақшалай төлем жүзеге асырылады.
2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Егер қызметкердiң қазасы (қайтыс болуы), науқастануы, мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузия алуы) қызметтiк мiндеттерiн атқаруға қатысы жоқ мән-жайларға байланысты болғаны белгiленген тәртiппен дәлелденсе, біржолғы өтемақы төленбейдi.
7. Қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде қаза тапқан қызметкердiң балаларына, олар кәмелеттiк жасқа толғанға дейiн Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен медициналық және санаториялық-курорттық қызмет көрсету құқығы сақталады.
8. Қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан немесе мүгедектік алған қызметкерлердің балалары әскери мектеп-интернаттарға және кадет корпустарына конкурстан тыс қабылдану құқығын пайдаланады, сондай-ақ оқуға түсушілер үшін белгіленген талаптар бойынша баллдың шекті деңгейін жинаса, құқық қорғау органының білім беру ұйымдарына конкурстан тыс қабылданады.
2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 9-тармақпен толықтырылды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2023.20.04. № 226-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.30.06. № 203-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 9-тармақ өзгертілді
9. Қызметкер қызметтік міндеттерін атқару кезінде мертігуі (жарақаттануы, жаралануы, контузия алуы) салдарынан қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, қаза тапқан (қайтыс болған) қызметкердің отбасы мүшелеріне Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын мөлшерде және тәртіппен ай сайын ақшалай төлем жүзеге асырылады.
Ай сайынғы ақшалай төлем балаларға (оның ішінде, асырап алған балаларға, бірге тұратын өгей балаларға) - олар кәмелеттік жасқа толғанға дейін немесе жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесіндегі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесіндегі оқу орнын күндізгі нысанда аяқтағанға дейін жиырма үш жастан аспайтын шекте, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде көзделген асыраушысынан айырылуына байланысты жәрдемақылардың төленуіне қарамастан, жұбайына (зайыбына) өмір бойы төленеді.
Қызметтік міндеттерін атқару кезінде алған мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузиясы) салдарынан қаза тапқан (қайтыс болған) қызметкердің жұбайына (зайыбына) төленетін ай сайынғы ақшалай төлем ол қайтадан некеге тұрған жағдайда тоқтатылады.
Ай сайынғы ақшалай төлем оны алуға құқығы бар адам өтініш берген күннен бастап жүзеге асырылады.
67-бап. Жерлеу шығындарын өтеу
Қайтыс болған немесе қаза тапқан қызметкерлерді жерлеу үшiн олардың үш айлық ақшалай қаражаты мөлшерiнде, ал зейнеткерлерге үш айлық зейнетақы төлемі мөлшерінде бiржолғы ақшалай өтемақы төленедi.
2025.30.06. № 203-VIII ҚР Заңымен 68-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
68-бап. Құқық қорғау органдарының қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету
1. Қызметкерлер мемлекеттік тұрғын үй қорынан бiрiншi кезекте тұрғын үймен қамтамасыз етiлу құқығын пайдаланады.
2025.30.06. № 203-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Қызметкерлердің, сондай-ақ құқық қорғау органдарындағы қызметтен шығарылған адамдардың «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тəртіппен тұрып жатқан қызметтік тұрғынжайын жекешелендіруге құқығы бар.
2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.30.06. № 203-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда
3. Қызметкерлер (курсанттарды қоспағанда) жəне олардың отбасы мүшелері «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тəртіппен қызмет өткеру кезеңінде бюджет қаражаты есебінен тұрғынжаймен қамтамасыз етіледі.
4. Қызметкер қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде қаза тапқан жағдайда, ол қаза тапқан күннен бастап бiр жылдан кешiктiрілмей, қаза тапқан адамның отбасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген шарттармен және тәртiппен мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға құқылы.
69-бап. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен зейнеткерлерін әлеуметтiк қорғаудың өзге де шаралары
1. Қызметкерлер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндетті әлеуметтік сақтандыруға жатады.
2. Құқық қорғау органдарының қызметкерлерi мен зейнеткерлеріне, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген шектерде, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілері мен зейнеткерлері үшін Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген жеңiлдiктер мен артықшылықтар қолданылады.
3. Туберкулезге қарсы және басқа мамандандырылған жұқпалы аурулар мекемелерiнде қызмет атқарып жүрген қызметкерлер Қазақстан Республикасының заңнамасында аталған қызметкерлер үшін белгiленетiн жеңiлдiктердi пайдаланады.
2012.18.01. № 547-ІV ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды
3-1. Қылмыстық-атқару жүйесi органдары мен мекемелерінің туберкулезге қарсы мекемелер мен басқа да мамандандырылған учаскелерде және қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерiнде қызмет атқаратын қызметкерлерiне осы санаттағы медицина қызметкерлерi үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген жеңiлдiктер қолданылады.
2013.21.05. № 93-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Қызметкерлерге тұрғын үйдi күтiп-ұстауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге республикалық бюджет туралы заңда айқындалатын мөлшерде ақшалай өтемақы төленедi.
2014.23.04. № 200-V ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды; 2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Қайтыс болған, құқық қорғау органдары қызметкерлері арасынан еңбек сіңірген жылдары үшін зейнеткерлік төлемақы алушылардың отбасы мүшелеріне асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақы тағайындалуына қарамастан: әйеліне (күйеуіне) - асыраушысының үш айлық зейнеткерлік төлемақысы мөлшерінде және отбасының еңбекке қабілетсіз әрбір мүшесіне - асыраушысының қайтқан күніне дейін төленіп тұрған бір айлық зейнеткерлік төлемақысы мөлшерінде біржолғы жәрдемақы төленеді.
Осы тармақта көзделген біржолғы жәрдемақы мөлшерін айқындау кезінде жәрдемақыға құқығы бар отбасы мүшелерінің қатарына: жасына және еңбекке жарамдылығына қарамастан зайыбы (жұбайы); он сегіз жасқа толмаған немесе егер оларға он сегіз жасқа толғанға дейін мүгедектік белгіленсе немесе олар асыраушысы қайтыс болған күні күндізгі оқу орындарының оқушысы болып табылса және жиырма үш жасқа толмаған болса, бұл жастан асқан балалары; қайтыс болған адамның асырап-бағуында болып келген, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген зейнеткерлік жасқа толған не мүгедектігі бар адамдар болып табылатын ата-аналары кіреді.
2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды
6. Қызметкердің денсаулығы мен мүлкіне келтірілген залал, сондай-ақ қызметкердің қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты оның отбасы мүшелері мен жақын туыстарының денсаулығы мен мүлкіне келтірілген залал бюджет қаражатынан толық көлемде өтеледі, кейіннен бұл сома залал келтірген адамнан өндіріп алынады.
Залалды өтеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен 70-бап жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
70-бап. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен зейнеткерлерін медициналық және санаториялық-курорттық қамтамасыз ету
1. Қызметкерлерді медициналық қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен ішкі істер органдарының медициналық ұйымдарында бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Тізбесін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы бекітетін қызметкерлердің жекелеген санаттарына медициналық көмек Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының медициналық ұйымдарында:
1) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде;
2) «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде;
3) Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы айқындайтын түрлер бойынша және көлемдерде бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.
2. Қызметкерлердің құқық қорғау қызметін өткеру орнында немесе тұрғылықты жерінде ішкі істер органдарының медициналық ұйымдары немесе оларда тиісті бөлімшелер, мамандар не арнаулы жабдық болмаған кезде медициналық көрсетілімдер бойынша қызметкерлерге медициналық көмекті денсаулық сақтау субъектілері:
1) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде;
2) «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетеді.
Қызметкерлерге осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген медициналық көмек көрсету бойынша денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеуді әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жүзеге асырады.
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде қызметкерлерге медициналық көмек көрсету бойынша денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеуге әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының шығындарын өтеу денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға көзделген бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
3. Қызметкерлер Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен тиісті денсаулық сақтау ұйымдарында санаториялық-курорттық емделумен қамтамасыз етіледі.
Қызметтік міндеттерін атқару кезінде мертіккен (жараланған, жарақаттанған, контузия алған) қызметкерлер бюджет қаражаты есебінен санаториялық-курорттық емделуге жіберіледі.
4. Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің өздерімен бірге тұратын отбасы мүшелерінің, сондай-ақ зейнеткерлерінің ішкі істер органдарының медициналық ұйымдарында медициналық көмекке құқығы бар.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген адамдарға медициналық көмек көрсету бойынша ішкі істер органдарының медициналық ұйымдарының көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеуді әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры:
1) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде;
2) «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде жүзеге асырады.
5. Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің өздерімен бірге тұратын отбасы мүшелері, сондай-ақ зейнеткерлері Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен ішкі істер органдарының медициналық ұйымдарында медициналық және санаториялық-курорттық қызмет көрсетуді пайдаланады.
6. Ішкі істер органдарының тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету саласындағы мемлекеттік мекемелері кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыруға құқылы.
71-бап. Демалыс түрлері
1. Қызметкерлер, құқық қорғау органдары білім беру ұйымдарының курсанттары үшiн демалыстардың мынадай түрлері:
1) ақылы жыл сайынғы еңбек демалысы;
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) оқу демалысы (құқық қорғау органдары білім беру ұйымдарының курсанттарына, сырттай оқу нысаны бойынша оқитын қызметкерлерге);
4) еңбек сiңiрген жылдары және қызмет өткерудің ерекше жағдайлары үшін қосымша ақылы демалыс;
5) жүктілiгіне және босануы бойынша демалыс, жаңа туылған баланы (балаларды) асырап алған қызметкерлерге арналған демалыс, бала үш жасқа толғанға дейін оны бағып-күтуге арналған жалақысы сақталмайтын демалыс белгіленеді.
2017.03.07. № 84-VI ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды
1-1. Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген жағдайларда, қызметкерлерге атқарып жүрген лауазымынан босатыла отырып және құқық қорғау органының кадрларында қалдырыла отырып, жалақысы сақталмайтын демалыс берілуі мүмкін.
Жалақысы сақталмайтын демалысы аяқталғаннан кейін қызметкерге бұрын атқарған лауазымынан төмен емес лауазым беріледі.
2. Демалысты беру, ұзарту не ауыстыру және демалыстан кері шақырып алу тиісінше бұйрықпен ресімделеді.
72-бап. Демалыстардың ұзақтығын есептеудің жалпы тәртібі
1. Демалыстардың ұзақтығы күнтізбелік күндермен есептеледi. Демалыстардың ұзақтығын анықтау кезiнде Қазақстан Республикасының заңнамасында жұмыс істемейтін күндер болып белгiленген мереке күндерi есепке алынбайды. Заңда белгіленген тәртіппен демалыс күндері жұмыс күндері деп жарияланған кезде, ол күндер ақылы жыл сайынғы еңбек демалысына қосылады.