(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА ЭКСПЕРИМЕНТ РЕЖИМІНДЕ ІСКЕ А...

Білім беру ұйымдарында эксперимент режимінде іске асырылатын білім беру бағдарламаларын әзірлеу, сынақтан өткізу және енгізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 139 бұйрығы

(2023.28.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2025 жылғы 15 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 2016.08.01. № 5 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

 

ҚР Оқу-ағарту министрінің 2023.07.08. № 248 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2023 ж. 28 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 92) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 2016.08.01. № 5 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Қоса беріліп отырған Білім беру ұйымдарында эксперимент режимінде іске асырылатын білім беру бағдарламаларын әзірлеу, сынақтан өткізу және енгізу қағидалары бекітілсін.

2. «Білім беру ұйымдарында эксперимент режимінде іске асырылатын білім беретін оқу бағдарламаларын әзірлеу, сынақтан өткізу және енгізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 58 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7496 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2012 жылғы 29 мамырдағы № 274-278 (27352) санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім, халықаралық ынтымақтастық департаменті (Ж.Қ. Шаймарданов) белгіленген заңнамалық тәртіппен:

1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты ресми жариялауды қамтамасыз етсін;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау білім және ғылым вице-министрі Т.О. Балықбаевқа жүктелсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.