1) оған соңғы жаза қолданылған күннен бастап алты ай өткенге дейiн тиiстi уәкілетті басшы көтермелеу тәртiбiмен жазаны алып тастағаннан кейiн;
2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) осы Заңның 28-бабы 2-тармағының бірінші және екінші бөліктерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, оған соңғы жаза қолданылған күннен бастап алты ай өткеннен кейін жазасы жоқ болып саналады.
2026.10.06. № 301-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2026 ж. 11 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Жазаны көтермелеу тәртібімен алу уәкілетті басшының немесе жоғары тұрған басшының бұйрық шығаруы арқылы жүргiзіледi.
2026.10.06. № 301-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2026 ж. 11 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Бұрын жоғары тұрған басшы қолданған жазаны бағынысты адамнан көтермелеу тәртiбiмен алу үшiн қызметкердің тiкелей басшысы тиісті өтiнiш енгізеді.
Уәкілетті басшы аталған өтiнiштi оны алған күннен бастап күнтiзбелiк он күннен кешiктiрмейтiн мерзiмде қарауға мiндеттi.
2023.23.12. № 51-VIII ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2024 ж. 5 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Қызметкер қызметтен шығарылған күні алынбаған жаза ол қызметтен шығарылған күннен бастап алынған болып саналады.
5. Жазаларды алу қызметкердің жеке ісінде тиісті жазбамен ресімделеді.
6. Егер қызметкерге қолданылған жаза көтермелеу тәртiбiмен алынбаса, алты ай өткен соң «Жазалар» бөлiмiнiң тиiстi бағанында мерзiмiнiң өтуi бойынша жазаның алынғаны туралы белгi жасалады.
71-бап. Қызметкерлердi тәртiптiк жауаптылыққа тарту кезiндегi олардың құқықтарының кепiлдiктерi
1. Қызметкерді тәртiптiк жауаптылыққа тартуға:
1) терiс қылық фактiсi болмаған жағдайда;
2) егер оның iс-әрекеті (әрекетсiздiгi) құқыққа қарсы болып табылмаса;
3) дәл сондай тәртіптік терiс қылық үшiн қайтара;
4) осы Заңда және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiптiк жауаптылыққа тартудың ескіру мерзiмi кезінде;
2023.23.12. № 51-VIII ҚР Заңымен 4-1), 4-2) және 4-3) тармақшалармен толықтырылды (2024 ж. 5 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
4-1) ол еңбекке уақытша қабілетсіз болған кезеңде;
4-2) ол еңбек демалысында немесе іссапарда болған кезеңде;
4-3) ол даярлауда, қайта даярлауда, біліктілікті арттыру курстарында және тағылымдамада болған жағдайда;
5) қызметтен шығаруға байланысты оны жеке құрам тiзiмiнен шығарған жағдайда жол берiлмейдi.
2020.29.06. № 351-VI ҚР Заңымен (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.10.06. № 301-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 11 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда
2. Қызметкер тәртіптік жауаптылыққа тарту туралы бұйрықпен келіспеген жағдайда, ол осы бұйрыққа арнаулы мемлекеттік органның жоғары тұрған бөлімшесіне немесе сотқа Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, бірақ бұйрықпен немесе одан үзінді көшірмемен жазбаша танысқан күннен бастап бір айдан кешіктірмей, қағаз нысанда немесе электрондық құжат нысанында шағым жасауға құқылы.
3. 2020.29.06. № 351-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Арнаулы мемлекеттік органның жоғары тұрған бөлімшесінің басшысы шағымды қараудың нәтижелерi бойынша бiр ай мерзiмде мынадай:
1) қызметкерді тәртiптiк жауаптылыққа тарту туралы бұйрықты өзгерiссiз қалдыру туралы;
2) қызметкерді тәртiптiк жауаптылыққа тарту туралы осы Заңның талаптары бұзыла отырып шығарылған бұйрықты жою және заңсыз жазаны қолданған уәкілетті басшыны жауаптылыққа тарту туралы;
3) егер жаза осы Заңның талаптары сақтала отырып шығарылса, бiрақ жасалған терiс қылықтың ауырлығына сәйкес келмесе, неғұрлым қатаң жаза қолдану туралы жаңа бұйрық шығару туралы шешiмдердiң бiреуiн шығаруға мiндеттi.
5. Жаза қолдану туралы шешiмге шағымдану оның орындалуын тоқтата алмайды.
9-тарау. ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ АҚШАЛАЙ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ
72-бап. Ақшалай қамтамасыз ету
2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қызметкерлер Қазақстан Республикасының Президентімен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін мемлекеттік бюджет есебінен қамтылатын барлық органдар үшін қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеудің бірыңғай жүйесіне сәйкес белгіленетін ақшалай ризықпен қамтамасыз етіледі.
2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Ақшалай үлес Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген ақшалай қамтудан (лауазымдық айлықақы және арнаулы атағы бойынша айлықақы), қызмет өткерудің ерекше жағдайлары үшін үстемеақылардан және басқа да үстемеақылардан тұрады.
Қызметкерлерге ақшалай ризық:
2026.10.06. № 301-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 11 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) осы Заңның 33-бабы 4-тармағының 4), 8) және 9) тармақшаларында көзделген жағдайларда штаттық емес лауазымдарда қызмет өткеру кезеңдері үшін;
2026.10.06. № 301-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 11 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 158-бабы негізінде лауазымынан уақытша шеттетілген кезеңдер үшін;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда төленбейді.
2026.10.06. № 301-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2026 ж. 11 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Қызметкер осы Заңның 33-бабы 4-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген уәкілетті басшының қарамағында болған жағдайларда ол соңғы қарамағына шыққанға дейін атқарған лауазымы бойынша ақшалай үлеспен қамтамасыз етіледі.
Қызметкер осы Заңның 33-бабы 4-тармағының 4) тармақшасында көзделген, уәкілетті басшының қарамағында болған жағдайда ол республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық жалақының ең төмен мөлшерімен қамтамасыз етіледі.
2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Қызметкерлерге жыл сайынғы демалыс беріле отырып, демалысының ұзақтығына қарамастан, екі лауазымдық айлықақы көлемінде сауықтыруға арналған жәрдемақы төленеді.
Қызметкер теріс себептер бойынша қызметтен шығарылған жағдайда, ол сауықтыруға арналған жәрдемақы сомасын қызмет өткермеген уақытына пропорционалды түрде өтеуге міндетті.
Қызметкерге жыл сайынғы демалыс бөлініп берілген жағдайда сауықтыруға арналған жәрдемақы демалысының бірінші бөлігінде төленеді.
2026.10.06. № 301-VIII ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2026 ж. 11 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Қызметкерлердің, оның ішінде халықаралық ұйымдарға іссапарға жіберілгендердің лауазымдық айлықақысы мен сауықтыру жәрдемақысын есептеу үшін ақшалай қамтамасыз етудің және қызмет (жұмыс) өтілін айқындаудың тәртібін арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысы бекітеді.
73-бап. Қызметкерлерді әлеуметтік қорғау
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қызметкерлерге (жабық және оқшауланған әскери қалашықтардың, шекара бөлімшелерінің және өзге де жабық объектілердің аумағындағы қызметтік тұрғынжайда тұратын қызметкерлерден, сондай-ақ курсанттардан, тыңдаушылардан басқа) тұрғынжайды күтіп-ұстауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге ақшалай өтемақы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген мөлшерде, арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысы айқындайтын тәртіппен төленеді.
2. Қызметкерлерді зейнетақымен қамтамасыз ету, әлеуметтік сақтандыру, жәрдемақылардың өзге де түрлерін төлеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қызметкерлерге бюджеттік қаражат есебінен зейнетақы тағайындауды, қызметкерлер қатарынан қайтыс болған зейнетақы алушылардың отбасына жерлеу үшін біржолғы төлемдер мен біржолғы жәрдемақылар беруді қызметкерлер жұмыстан шыққан күнге қызмет өткерген тиісті арнаулы мемлекеттік органдардың уәкілетті бөлімшелері жүзеге асырады.
Зейнетақы төлемдерін алушының мәртебесі тиісті арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысы белгілеген нысан байынша зейнетақы куәлігімен расталады.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Қызметкерлер қызметті өткеру ерекшеліктері ескеріле отырып жəне арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары айқындайтын тəртіппен, бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уəкілетті органмен келісу бойынша арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары бекітетін нормалар бойынша мемлекет есебінен арнаулы киім нысанымен жəне басқа да заттай мүлікпен қамтамасыз етіледі.
Қызметкерлерге (курсанттардан, тыңдаушылардан басқа) алынбай қалған заттай мүліктердің орнына арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары айқындайтын тәртіппен ақшалай өтемақы төленеді.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2023.23.12. № 51-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 5 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ жаңа редакцияда
4. Қызметкерлердің жекелеген санаттары қызмет өткеру ерекшеліктері ескеріле отырып, бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары бекіткен азық-түлік үлесінің нормалары бойынша тамақпен қамтамасыз етіледі.
Қызметкерлердің жекелеген санаттарын тамақпен қамтамасыз ету тәртібін арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары айқындайды.
Азық-түлік үлесінің белгіленген нормалары бойынша тамақпен қамтамасыз ету мүмкіндігі болмаған кезде қызметкерлердің жекелеген санаттарына арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары айқындайтын тәртіппен ақшалай өтемақы төленеді.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.05.07. № 115-VІІІ ҚР Заңымен (2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.10.06. № 301-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 11 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5-тармақ өзгертілді
5. Қызметкерлердің (курсанттардан, тыңдаушылардан басқа) Қазақстан Республикасы аумағы бойынша көлікте жүргені үшін:
медициналық көсетулер бойынша стационарда емделуге жол жүру және кері қайту;
арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысы белгілеген тәртіппен берілген жолдама негізінде медициналық тексеруге (куәландыруға) жол жүру және кері қайту;
қызмет бабында ауыстыру (әскери, арнаулы оқу орнынан немесе шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарынан үлгермеушілігі үшін немесе өз бастамасы бойынша шығарып жіберілген магистранттарды, докторанттар мен адъюнкттерді қоспағанда);
осы Заңның 49-бабы 1-тармағының 6), 12-1) және 13) тармақшаларында көзделген жағдайлардан басқа, қызметтен шығарылу кезінде жолақы шығындарын өтетуге құқығы бар.
Шығындарды өтеу бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары бекіткен нормалар бойынша жүргiзiледi. Шығындарды өтеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2026.10.06. № 301-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 11 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6-тармақ өзгертілді
6. Қызметкерлер бір елді мекеннен қашықтығы бір жүз километрден астам жердегі екіншісіне көшумен байланысты қызметін ауыстырған кезде (курсанттардан, тыңдаушылардан, сондай-ақ әскери, арнаулы оқу орындарынан немесе шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарынан үлгермеушілігі үшін немесе өз бастамасы бойынша шығарып жіберілген магистранттардан, докторанттар мен адъюнкттерден басқа) арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары айқындайтын тәртіппен қызметкердің өзіне екі айлық ақшалай қамтым мөлшерінде және отбасының әрбір мүшесіне жарты айлық ақшалай қамтым мөлшерінде көтерме жәрдемақы төленеді.
Осы тармақта қызметкерлердің отбасы мүшелері деп:
1) жұбайы (зайыбы);
2) сот шешімі негізінде бөлек тұратын, бұрынғы некеден (некелерден) (ерлі-зайыптылықтан) туған баланы (балаларды) қоспағанда, баласы (балалары), оның ішінде ортақ немесе ерлі-зайыптылардың біреуінің баласы (балалары);
3) сот шешімі негізінде бөлек тұратын, бұрынғы некеден (некелерден) (ерлі-зайыптылықтан) туған мүгедектігі бар баланы (мүгедектігі бар балаларды) қоспағанда, жасына қарамастан, ортақ немесе ерлі-зайыптылардың біреуінің мүгедектігі бар баласы (мүгедектігі бар балалары), оның ішінде бала кезінен мүгедектігі бар адам (мүгедектігі бар адамдар) түсініледі.
Бұл ретте, егер ерлі-зайыптылардың екеуі де қызметкер болса немесе олардың біреуі әскери қызметші не құқық қорғау органдарының, азаматтық қорғау органдарының қызметкері болса, онда отбасының әрбір мүшесіне жарты айлық ақшалай қамтым мөлшеріндегі отбасы мүшелеріне арналған көтерме жәрдемақы арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысы айқындайтын тәртіппен олардың біреуіне ғана төленеді.
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 7-тармақ өзгертілді; 2023.23.12. № 51-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 5 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.10.06. № 301-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 11 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 7-тармақ жаңа редакцияда
7. Осы Заңның 49-бабы 1-тармағының 6), 12-1) және 13) тармақшаларында көзделген жағдайлардан басқа, қызметкерлердің (курсанттардан, тыңдаушылардан, сондай-ақ әскери, арнаулы оқу орындарынан немесе шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарынан үлгермеушілігі үшін немесе өз бастамасы бойынша шығарып жіберілген магистранттардан, докторанттар мен адъюнкттерден басқа) қызмет бабында ауыстырылған немесе қызметтен шығарылған кезде Қазақстан Республикасының шегінде өзінің мүлкін тасымалдау шығындарын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен автомобиль жолының әрбір жиырма километріне бір айлық есептік көрсеткіш есепке алынып өтетуге құқығы бар.
Бұл ретте, егер ерлі-зайыптылардың екеуі де қызметкер болса немесе олардың біреуі әскери қызметші не құқық қорғау органдарының, азаматтық қорғау органдарының қызметкері болса, онда қызмет бабында ауыстырылған немесе қызметтен шығарылған кезде Қазақстан Республикасының шегінде өзінің мүлкін тасымалдау шығындарын өтеу автомобиль жолының әрбір жиырма километріне бір айлық есептік көрсеткіш есепке алынып, олардың таңдауы бойынша біреуіне ғана жүргізіледі.
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 74-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
74-бап. Қызметкерлерді баспанамен қамтамасыз ету
Қызметкерлер (курсанттардан, тыңдаушылардан басқа) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңында көзделген тәртіппен тұрғын үймен қамтамасыз етіледі.
75-бап. Қызметкерлерді медициналық қамтамасыз ету
2015.10.01. № 275-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қызметкерлерді медициналық қамтамасыз ету Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының және Мемлекеттік күзет қызметінің әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелерінде, сондай-ақ өзге де денсаулық сақтау субъектілерінде бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Тізбесін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы бекітетін қызметкерлердің жекелеген санаттарына медициналық көмек Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының медициналық ұйымдарында:
1) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде;
2) «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде;
3) Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы айқындайтын түрлер бойынша және көлемдерде бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.
2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
1-1. Қызметкерлердің қызмет өткеру орнында немесе тұрғылықты жерінде әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелер немесе оларда тиісті бөлімшелер, мамандар не арнайы жабдық болмаған кезде медициналық көрсетілімдер бойынша қызметкерлерге медициналық көмекті денсаулық сақтау субъектілері:
1) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде;
2) «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетеді.
Қызметкерлерге осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген медициналық көмекті көрсету бойынша денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеуді әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жүзеге асырады.
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде қызметкерлерге медициналық көмек көрсету бойынша денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеуге әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының шығындарын өтеу денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға көзделген бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
2. Арнаулы мемлекеттік органдарда қызметін өткеріп жүрген қызметкерлерге емделу үшін жұмсалған қаражат Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіппен өтеледі.
3. Арнаулы мемлекеттік органдарда қызметін өткеру барысында зақым, контузия, жарақаттар алған немесе ауырған қызметкерлер өздері қызметін өткерген арнаулы мемлекеттік органдар қаражаты есебінен санаториялық-курорттық емделуге жіберіледі.
4. Қызметкер қызметке келе алмайтын жағдайда ауырғандығын кез келген мүмкін тәсілмен өзінің тікелей бастығына хабарлауға міндетті.
2026.10.06. № 301-VIII ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2026 ж. 11 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Қызметкерді қызметтік міндеттерін атқарудан ішінара немесе толық босату туралы дәрігердің ұсынымдары лауазымды тұлғалардың міндетті түрде орындауына жатады.
76-бап. Қатардағы жауынгер және сержант лауазымдарында қызметін өткеріп жүрген қызметкерлерді әлеуметтік қорғау ерекшеліктері
2023.23.12. № 51-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 5 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.10.06. № 301-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 11 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Арнаулы мемлекеттік органдарда қатардағы құрам мен сержанттар құрамы лауазымдарында қызмет өткеріп жүрген, Қазақстан Республикасының жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымына қабылдау туралы бұйрық шыққан күнге күнтізбемен есептеу бойынша кемінде сегіз жыл қызмет еткен қызметкерлердің аталған ұйымда ақылы негізде бакалавриат білім беру бағдарламалары бойынша оқуға жұмсалатын шығындарды оқу құнының елу пайызы мөлшерінде бюджет қаражаты есебінен өтетуге құқығы бар. Аталған жеңілдік осы оқу орнын бітіргені туралы дипломды ұсынған кезде бір рет қолданылады.
2. Қызметкерге аталған шығындарды өтеуді қызметкер қызметін өткеріп жүрген арнаулы мемлекеттік орган жүргізеді.
3 - 5. 2026.10.06. № 301-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2026 ж. 11 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. 2023.23.12. № 51-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 5 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 77-баптың тақырыбы өзгертілді өзгертілді (бұр.ред.қара)
77-бап. Курсанттарды, тыңдаушыларды әлеуметтік қорғау ерекшеліктері
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2026.10.06. № 301-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 11 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Курсанттар, тыңдаушылар қызмет өткеру ерекшелiктері ескеріле отырып, бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы бекіткен нормалар бойынша бюджет қаражаты есебiнен арнаулы нысандағы киiммен және басқа да заттай мүлiкпен қамтамасыз етiледi.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2023.23.12. № 51-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 5 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.10.06. № 301-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 11 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Казармалық жағдайдағы курсанттар, тыңдаушылар қызметтi өткеру ерекшелiктері ескеріле отырып, бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы бекіткен азық-түлік үлесінің нормалары бойынша тамақпен қамтамасыз етiледi.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2026.10.06. № 301-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 11 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Бірінші жəне екінші курстар курсанттарына, тыңдаушыларына пошталық жөнелтiмдерi үшiн бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы айқындайтын мөлшерде қаржылай өтемақы төленедi.
2023.02.10. № 31-VIII ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 4 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)
3-1. Курсанттардың Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын отбасы мүшелері олардың өмірімен және тұрмысымен танысу үшін курсанттар қатарындағы өздерінің жақын туыстарына баруды Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы айқындайтын тәртіппен жүзеге асыруға құқылы.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 291-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2026.10.06. № 301-VIII ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2026 ж. 11 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Курсанттардың, тыңдаушылардың бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы бекіткен нормалар бойынша:
1) стационарлық емделуге барған кезде Қазақстан Республикасының аумағы бойынша теміржол, әуе, су және автомобиль көлігінде;
2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2026.10.06. № 301-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 11 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2) тармақша өзгертілді
2) осы Заңның 49-бабы 1-тармағының 6) және 13) тармақшаларында көзделген жағдайлардан басқа, арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметтен шығарылған кезде, сондай-ақ демалысқа және тағылымдамадан өтуге барған кезде Қазақстан Республикасының аумағы бойынша теміржол, су және автомобиль көлігінде жол жүруге (жөнелту пунктінен межелі пунктке дейін және кері) жұмсалған шығындарын өтетуге құқығы бар.
Шет мемлекеттің білім беру ұйымдарында білім алып жатқан курсанттарға, тыңдаушыларға да оқуға жіберілген, тағылымдамадан өтуге, каникулдық демалысқа барған кезде бюджет қаражаты есебінен (жөнелту пунктінен межелі пунктке дейін және кері) әуе, теміржол, су және автомобиль көлігінде жол жүру құқығы беріледі.
Әскери, арнаулы оқу орындары немесе шет мемлекеттердің білім беру ұйымдары курсанттарының, тыңдаушыларының шығындарын өтеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2026.10.06. № 301-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 11 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5-тармақ өзгертілді
5. Курсанттарға, тыңдаушыларға олар демалысқа кеткенде бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы бекіткен нормалар бойынша азық-түлік үлесінің орнына ақшалай өтемақы төленедi.
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)